Қауіпсіздік ережесі. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 50 сабақ.
5-бөлім Шаңғы/кросс/коньки дайындығы
Оқу мақсаты:
6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу
Сабақтың тақырыбы:
Қауіпсіздік ережесі. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту.
Сабақтың мақсаттары:
Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру.Бағалау критерийлері :
Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезіндегі денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне біледі.
Тілдік мақсаттар
Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады.Мыналарды қамтиды:Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс кезіндегі тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысыТалқылауға арналған сұрақтар:Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.
1-ші тапсырма.
(С, Т) Білім алушылар тыныштық күйдегі тамыр соғу жилігін өлшеп жазып алады. 5 минут дене қыздыру жаттығуларын орындайды. Содан кейін өзінің жұмыс кезіндегі тамыр соғуын өлшейді. 2 минуттан соң қалпына келуін өлшейді. Білім алушылар кросс дайындығы кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.Осы тапсырманың дескрипторлары:- Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?2-ші тапсырма
(С, Т, ҚБ) Білім алушылар спорт алаңында немесе ойлы қырлы жерлерде 800-1200 метр қашықтықты жүгіріп өтеді. Орта қашықтықты жүгіру техникасымен. Қашықтықты өтіп болған соң, дұрыс тыныс алу және жүгіру техникасын талқылап қателерін түзейді. Орта қашықтықты өткен соң білім алушылар қалпына келу техникасын ұсынады, дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникасының өзекті компоненттерінің ағзаға тигізетін әсерін түсіндіреді2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды; - Жаттығуларды орындау кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Мұғалімнің таңдауына байланысты кросс дайындығына арналған спорттық құрал жабдықтар. Пайдалы интернет ресурстарына сілтеме: Қауіпсіздік ережесі:http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh Кросс дайындығы кезіндегі қауіпсіздік ережелері:https://infourok.ru/dene-shinitiru-zheil-atletika-sabaindai-auipsizdik-erezheleri-1540599.html Физикалық жаттығудың адам ағзасына әсері:http://vahe-zdorovye.ru/novosti/vliyanie-fizicheskix-uprazhnenij-na-organizm-chelovekaНазарларыңызға рахмет!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?