Топтық жиынтық. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 37 сабақ.


Дидактикалық материал 6 сынып

Гимнастика сабақтарында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

Доппен әдістер:

  • шеңбер, сегіздік, бүркелу, қолсыз жұмыс; мойын тұсында беру, дене, бастың үстінде, аяқтың астында;
  • бір немесе бірнеше қағып алулар, ырғақты өзгерту, қағып алу және лақтыру, (қарамай; қолдың көмегінсіз);
  • дененің екі және үш бөлігімен домалау; қарамай денемен домалау, доппен қозғалыста бұрылу;
  • допен жұмыстағы тепе-теңдік; доппен жұмыс кезіндегі еңкеюлер, лақтыру кезіндегі динамикалық элементтер;
  • доппен жұмыс кезіндегі үлкен секірулер.

Секіртпемен әдістер:

  • шеңбер, сегіздік; алдыға артқа айналдыру, айқастырып алға, артқа, екі рет алға, одан кейін артқа;
  • ұстап лақтыру (қарамай, қолдың көмегінсіз); «болгар секіруі»;
  • барлық бағыттағы қимыл қозғалысы;
  • әр түрлі дене бөліктерімен жұмыс;
  • диірмен; секіртпемен секіру, айналып секіру;

тепе-теңдікті сақтап секіру, лақтыру кезіндегі динамикалық элементі.

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Мен тапсырманы орындадым: …...

Менің түсінгенім: ……

Енді менің қолымнан келеді: ……

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Мен тапсырманы орындадым: …...

Менің түсінгенім: ……

Енді менің қолымнан келеді: ……

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Гимнастикалық маттар, доптар, секіртпе жіптер.Доппен жаттығулар орындау интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=mUEhfQURlPIhttps://www.youtube.com/watch?v=r_eN16gmIOM Секіртпе жіппен жаттығулар орындау интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=a6Y9wgl5vxwhttps://www.youtube.com/watch?v=wLMLNFLAUQMСекіртпе жіптің ұзындығын қалай таңдау қажет?https://www.youtube.com/watch?v=CKdRJzycCTA «Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу