Топтық жиынтық. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 38 сабақ.


Дидактикалық материал 6 сынып

Қарапайым жаттығуларды көрсеткенде жəне түсіндіргеннен кейін тез қабылданады, ал күрделі жаттығуларды ұзақ түсіндіргенді жəне түрлі əдіс-тəсілдерді қолдануды талап етеді. Əртүрлі əдістерді жəне оқыту амалдарын тиімді пайдалану жəне алынатын материал ерекшелігі мен оқытылушылардың қабілетінінің сəйкестігі оң нəтиже береді.

Денешынықтыру қабілетімен қозғалыс тəсілдерінің арасында байланыс орнатылған. Төменгі сынып балаларының ептілігіне, иілгіштігіне жəне жылдамдығына аса мəн бере отырып барлық денешынықтыру сапаларын тең дамыту керек. 12 жастан кейін бұлшықеттердің созылу кедергісінің екпіні күшейе түсетінін ескеру қажет.10-11 жас аралығында тек негізгі қолданбалы қозғаушы тəсілдерге мəн беріп қана қоймай, сонымен қатар жалпы дамытушы тəсілдердің сапалы меңгерілуіне де көңіл бөлу қажет.

Төменгі сынып оқушылары (7-9) қозғалыс қимылдарының кең түсіндірілуін оңай түсіне бермейді. Нақты қимылдарды атап жəне олардың орындалуын көрсете отырып мəнді де түсінікті етіп түсіндіру қажет. Түсіндірген кезде кез-келген нақты қимыл жақсы іс- əрекетпен көрсетілуі қажет. Мысал: ұзындыққа секіру кезінде баланың назарын талпыныс кезіндегі аяқ алысы мен қолдың қимылына аудару қажет. 10-11 жастағы балаларға да қысқа да нақты түсіндіру қажет, дегенмен олар əр қимылдың өзіне тəн ерекшелігі мен айырмашылықтарын түсінуге қабілетті. Өздерінің қозғалыс тəжірибелеріне сүйене отырып, өздеріне белгілі немесе соларға ұқсас жаттығуларды айту бойынша орындай алады.Жаңа қимыл-қозғалыспен таныстыруда түсіндіру мен көрсетілім міндетті түрде қажет.

Төменгі сынып оқушыларын (7-11 ж) қатаң əдістемелік бірізділікпен үйрету қажет. Оқу материалын шағын бөлімдер арқылы, бірізділігін қарапайымнан жəне оңай əдістен бастау қажет. Бұл оқушының қимыл – қозғалысты жақсы қабылдауына əкеледі.

Гимнастика сабақтарында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

Секіртпемен әдістер:

  • шеңбер, сегіздік; алдыға артқа айналдыру, айқастырып алға, артқа, екі рет алға, одан кейін артқа;
  • ұстап лақтыру (қарамай, қолдың көмегінсіз); «болгар секіруі»;
  • барлық бағыттағы қимыл қозғалысы;
  • әр түрлі дене бөліктерімен жұмыс;
  • диірмен; секіртпемен секіру, айналып секіру;

тепе-теңдікті сақтап секіру, лақтыру кезіндегі динамикалық элементі.

Топтық композицияларды құрастыруда қолданылатын әдістер:

  • барлық бағыттағы сермеу;
  • айналдыру, барлық бағыттағы сегіздіктер;
  • денемен айналдыру, еденде айналдыру;
  • айналдыру (түрлі дене бөліктерінде), шеңберден өту;
  • орташа лақтырып, ұстау;
  • шеңбермен секіру;
  • шеңбермен айналу;
  • шеңбермен тепе-теңдік сақтау;

шеңбермен иілу, лақтыру кезіндегі динамикалық элементер, айналып тұрған шеңберден секіру.

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Мен тапсырманы орындадым: …...

Менің түсінгенім: ……

Енді менің қолымнан келеді: ……

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Мен тапсырманы орындадым: …...

Менің түсінгенім: ……

Енді менің қолымнан келеді: ……

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Гимнастикалық маттар, секіртпе жіптер, шеңберлер.Секіртпе жіппен жаттығулар орындау интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=a6Y9wgl5vxwhttps://www.youtube.com/watch?v=wLMLNFLAUQMСекіртпе жіптің ұзындығын қалай таңдау қажет?https://www.youtube.com/watch?v=CKdRJzycCTA Шеңбермен жаттығулар орындау интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=AdJTY9pNzUEhttps://www.youtube.com/watch?v=gVPf2GNu9Gohttps://www.youtube.com/watch?v=ZkGsJYdwcpshttps://www.youtube.com/watch?v=N6RCtCCQMpw«Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу