Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 35 сабақ.


 

 

 

 Дене шынықтыру сабағының №35 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу

Оқу мақсаттары

6.1.4.1. Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу

Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйрету

Бағалау критерийлері

Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді және түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

 

Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;
  • мақсат, тәуекел, қауіпсіздік.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?
  • Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-8мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикалық қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

9-22мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23-34мин

 

(Ж, ҚБ) Білім алушылар екі қанатты арыста жаттығуларды орындау үшін келесі арнайы дайындық жаттығуларын орындайды:

  • Арыста таянып тұру;
  • Таянып тұрып алға-артқа тербелу;
  • Таянып тұрып, тербелу, тоқтау;
  • Таянып тізені бүге кеудеге тарту;
  • Таянып тұрып аяқты түзу алға созып 90 градус бұрыш жасап ұстап тұру;
  • Арыста таянып тұрып, алға артқа тербеле секіріп түсу.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Гимнастика сабағындағы қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • бірқатар дене жаттығуларының стратегияларын қолданады;
  • қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды? Өзіңіөдің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады?

(Т, Ж, ҚБ) «Кедергілерден өтумен қарама-қарсы бағыттағы эстафета». Сынып екі командаға бөлінеді, команда құрамындағы ойыншылар өз кезегінде тең бөлінеді. Команданың бір бөлігі залдың бір жақ жартысына, ал екінші бөлігі залдың екінші жартысына орналасады. 10-15м. арақашықтықта бір-біріне параллель екі сызық сызылады. Аралықтың ортасына гимнастикалық орындықтар қойылады, ал гимнастикалық орындықтар мен сызықтардың ортасына гимнастикалық кіші және үлкен ағаш аттар орналастырылады. Мұғалімнің белгісі бойынша, залдың бір жағында тұрған лектердің бағыттаушылары қарсы бетте тұрған лекке қарай жүгіре бастайды. Оқушылар кіші ағаш аттан аяқтарды жанға ашып тіреліп секіру тәсілі арқылы өтеді, гимнастикалық орындықтардың үстімен жүріп өтеді және үлкен ағаш аттың астынан өтіп шығады. Қарсы бағыттағы лекке жеткен соң эстафетаны бірінші тұрған ойыншыға жалғайды да өзі сол лектің соңына барып тұрады, ал қарсы бағыттағы ойыншы кері қарай сол әрекеттерді қайталап жүгіреді. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған ойыншылар жеңіске жетеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • бірқатар дене жаттығуларының тактикалары мен стратегияларын қолданады;
  • қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырманы орындау кезінде қандай тактика, стратегияларды қолдандыңыздар? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады?

Үлкен бос кеңістік.

Гимнастикалық

Екі қанатты арыс, маттар.

Екі қанатты арыстағы жаттығулар интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=wkV3HMocam4

https://www.youtube.com/watch?v=cmAA5dfST0M

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, бор, гимнастикалық жабдықтар: төсеніштер, орындықтар, гимнастикалық ағаш ат, көпірше.

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын барлық білім алушылар түсінеді және түсіндіре алады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіндіру кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу