Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 27 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Сабақтың тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау

Оқу мақсаты: 6.3.2.1. Дене қыздырыну мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау

Сабақтың мақсаты: Дене қыздырыну мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін және олардың орындалуын түсіндіру

  • Сабақтың басы.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

1 тапсырма.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығуларды төмен бөрененің немесе гимнастикалық орындықтың үстінде орындайды:

- бөрененің үстінен қолды екі жаққа соза алға,артқа

жүріп өту;

- сол аяқпен бір адым ілгері аттап,екі қолды екі жаққа соза қарлығаш бейнесін жасау;

- оң аяқпен бір адым ілгері аттап,сол аяқты алға соза тізені бүгіп отыру және екі қолды екі жаққа созу;

- бөрене үстімен жүріп келе жатып, допты лақтырып

қағып алу;

-бөрене үстімен тез адымдап,жүгіріп өту.

 Бөренеде жаттығуларды орындау

 Гимнастикалық бөренеде жаттағуларды орындағанда шұғылданушы тар тіректе тепе-теңдікті сақтау қабілетін жетілдіреді. Сондай-ақ шұғылданушының вестибулярлық аппаратының қызметі, кеңістікте бейімделуі жақсарады, дене түйсігі арқылы сезінуі дамиды, батылдыққа, ептілікке тәрбиеленеді.

 Бөренеде жаттығуларды орындау келесі жүйелілікпен үйретіледі: еденде, гимнастикалық орындықта, төмен бөренелерде, гимнастикалық қабырғада және ақырыннда стандартты бөренелерде.

 Бөренеде орындалатын жаттығулар қозғалу, қозғалмайтын жаттығулар, кіру, секіру, бұрылу, қайыра сілтеу, акробаттық жаттығуларға бөлінеді.

 Қозғалу: жүру, аяқтың ұшымен жүру, жылжып қадам жасау, жартылай жүрелеп отырып және бос аяқты алға көтеріп қадам жасау, ауыспалы, ауыспалы қадамдар, жүгіру, секіріп қадам жасау, полька қадамы, жүрудің әртүрі мен би қадамдарын үйлестіру.

 1.Б.қ. (бастапқы қалып) – аяқтың ұшымен тұру, қол белде: оңға қарай жылжып қадам жасау, алға доға жасап оң қол бір жақта – келесі екі қадам жасағанда қолды кезек-кезек алға қарай доға жасап белге қою.

 2. Б.қ. – қол белде: оң аяқтан ауыспалы қадам жасау, алға доға жасап қолды жан-жаққа – сол аяқтан ауыспалы қадам жасау, алға доға жасап қолды белге қою.

 3.Б.қ. – қол жоғары да – сол аяқтан алға екі қадам жасау, қол төмен түсіріледі – екі қадам алға, доға жасап алға қол жан-жақта – екі қадам алға, қол кеуде алдында айқастырылған – екі қадам алға, қолды жоғарыға.

 4. Секіріп түсіп қадам жасау. Б.Қ. –қол жан-жақта, оң аяқпен алға қадам жасау, сол аяқты алға және қозғалыс соңында сәл бүгу – оң аяқпен секіріп түсіп, төменге қарай доға жасап, қол алға алақан төмен қараған.

 5. Алға қарай бес-алты жылдам қадам жасау, жартылай саусақпен тік тұрып тоқтау 5-10 секунд тұру – осы жағдай, бірақ бір аяқтың жартылай саусағымен тоқтау, екінші аяқ алға бүгілген.

 Қозғалмайтын жаттығулар: Жартылай саусақта тұру, бір аяқтың жартылай саусағында тұру, екінші алға бүгілген; тепе-теңдік сақтау.Тепе-теңдікті сақтау үшін жамбас- сан буындары ширақ және санның артқа бұлшық еттері иілгіш келуі тиіс.

 Кіру. 1. Бөренеге қарап тұрып, секіріп барып оң аяқты қайыра сермеп солға бұрылып отыру аяқты бүгіп ашып отыру – артқа сермеу, қолымен алдағы бөренеге сүйену, бүгілген қолға тірек жасау арқылы жанымен жатып тірелу – бөрене үстімен аяқ ұшын тарту, жүрелеп отырып тірену - аяқ ұшымен тұру, қол жан-жақта.

 2. Бөренеге қарап тұрып, оң аяқтың өкшесімен сүйеніп, секіріп барып тірек жасау - солға бұрылып, оң қолды сол қолға жылжытып, сол аяқты бүгу және балтырда бөренеге өою - қоды түсіріп, жартылай шпагатқа отыру, қол жан-жақта – оң аяқты бөренеден төмен қарай түсіріп , алдына бөренеге қою – түрегелу, сол аяқты ұшымен тұрған оң аяқтың қасына тарту, оң аяқ алда.

 3. Қиғаш жүгіріп келіп, оң аяқ алда, жүрелеп отырып тірену.

Бұрылыстар аяқтың орындалады, балтыр мен сан бұлшық еттеріне күш и түседі, аяқ тік, іш тартылған.

 Аяқтың ұшымен тұрып және жүрелеп отырып айналып бұрылу иықты артқа қозғаудан басталады.

 Аяқты алға сермеп айналып бұрылу. Б.Қ. – бір аяқпен тұру, екіншісі артта, қол жан-жақта. Бұрылу аяқта алға сермеуден басталады. Сермеудің аяқталуы тік аяқтың ұшына көтерілумен сәйкес келуі тиіс. Қол жоғары көтеріліп, иықты артқа аяқ сермеген жаққа қозғайды. Бұрылу табанға тұрумен аяқталады, екіншісі аяқ артта немесе аяқтың ұшымен, қол жан-жақта.

Секіріп түсу жүрелеп отырудан, отырудан, тізеге тіренуден орындалады. Алдымен бөрене шетінде жүрелеп отырудан шалқайып секіріп түсу үйретіледі. Тізеге тіреніп тұрып бүгіліп секіріп түсу қиындау келеді. Оны орындау техникасы мынадай: Бос аяқты сәл ғана төмен түсіріп, жылдам қайтадан Б.Қ. әкелу. Бір мезгілде қондырғыдан тірек жасаған аяқты итеріп жіберіп, оны жазып сермеу жасайтын аяқтың қасына қосады. Бұл сәтте дене иілген, қол тура, иық сәл алға берілген. Дене төмен қарай түсу қондырғы линиясын қолды жоғары көтеріп, бөренеге қырымен қонады.

Гимнастика сабақтарында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

2 тапсырма.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар алға домалау техникасына арналған жаттығуларды орындайды.

.

Гимнастикалық жаттығуларды үйрету.

Қарапайым жаттығуларды көрсеткенде жəне түсіндіргеннен кейін тез қабылданады, ал күрделі жаттығуларды ұзақ түсіндіргенді жəне түрлі əдіс-тəсілдерді қолдануды талап етеді. Əртүрлі əдістерді жəне оқыту амалдарын тиімді пайдалану жəне алынатын материал ерекшелігі мен оқытылушылардың қабілетінінің сəйкестігі оң нəтиже береді.

Денешынықтыру қабілетімен қозғалыс тəсілдерінің арасында байланыс орнатылған. Төменгі сынып балаларының ептілігіне, иілгіштігіне жəне жылдамдығына аса мəн бере отырып барлық денешынықтыру сапаларын тең дамыту керек. 12 жастан кейін бұлшықеттердің созылу кедергісінің екпіні күшейе түсетінін ескеру қажет.10-11 жас аралығында тек негізгі қолданбалы қозғаушы тəсілдерге мəн беріп қана қоймай, сонымен қатар жалпы дамытушы тəсілдердің сапалы меңгерілуіне де көңіл бөлу қажет.

Төменгі сынып оқушылары (7-9) қозғалыс қимылдарының кең түсіндірілуін оңай түсіне бермейді. Нақты қимылдарды атап жəне олардың орындалуын көрсете отырып мəнді де түсінікті етіп түсіндіру қажет. Түсіндірген кезде кез-келген нақты қимыл жақсы іс- əрекетпен көрсетілуі қажет. Мысал: ұзындыққа секіру кезінде баланың назарын талпыныс кезіндегі аяқ алысы мен қолдың қимылына аудару қажет. 10-11 жастағы балаларға да қысқа да нақты түсіндіру қажет, дегенмен олар əр қимылдың өзіне тəн ерекшелігі мен айырмашылықтарын түсінуге қабілетті. Өздерінің қозғалыс тəжірибелеріне сүйене отырып, өздеріне белгілі немесе соларға ұқсас жаттығуларды айту бойынша орындай алады.Жаңа қимыл-қозғалыспен таныстыруда түсіндіру мен көрсетілім міндетті түрде қажет.

Төменгі сынып оқушыларын (7-11 ж) қатаң əдістемелік бірізділікпен үйрету қажет. Оқу материалын шағын бөлімдер арқылы, бірізділігін қарапайымнан жəне оңай əдістен бастау қажет. Бұл оқушының қимыл – қозғалысты жақсы қабылдауына əкеледі.

Орта буындағы балаларды қимыл-қозғалысқа үйретудің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл жас баланың жыныстық пісіп жетілу кезіне сəйкес келеді, бұл кезде балалардың салмағы, бойы өзгереді. Жасөспірімдердің дене салмағы, бойының ұзындығына сəйкес болмайды, ал бойы тез өсетін балаларда бұл анық байқалады. Бойдың тез өсуі бұлшықеттің созылуына, жүйке жүйесінің, қанайналым жүйесінің созылуына əкеледі.Бұған əсерін тигізетін басқа да факторлар бар, əсіресе ішкі секреция бездерімен байланысты,жасөпірімнің қозғалысы уақытша дəл жəне үйлесімді болады.Жасөспірімнің дене бітімі бұзылады.Бұл жағдайда тез өсетін балалардан жəне денешынықтырумен үнемі айналысатын балалардан байқауға болады.

Жасөспірімдер мүмкіндіктері жетпесе де ересек адамдарға еліктеп жігерлі, белсенді болуға ерте ұмытылады. Қимыл қозғалысты үйренген кезде жаттығуды тез жасап, дəлдік техникасына көңіл аудармайды.Бұл жасөспірімнің психологиялық ерекшелігіне ғана қатысты емес, қозғалыс дағдысының қалыптасуын байланысты. Қимыл-қозғалысты үйреткен кезде жаттығудың алғашқы сатысын оқушы тез ұқса, онда қиын қимылдарды үйреткен кезде тиянақты болуын қамтамасыз ету ету керек. Себебі алғашқа саты, басқа сатыларға қарағандай жай жүреді. Бұл бұлшықет күшіне жəне денешынықтыру дайындығына байланысты. Дене шынықтыру дайындығы нашар жəне өзінің қозғалысына есеп бере алмаса қозғалыс қимылдарын орындаған кезде қателіктер орын алады.

Жасөспірімнің осы кезінде оның күшіне, жылдамдығына, алғырлығына көп көңіл бөлу керек.

Балалардың қозғалыс функциясы 13-14 жаста күшті дамиды. Жасөспірім мүмкіндігінше қиын жаттығуларды меңгереді. Оларға үйреніп жатқан жаттығулары түсінікті жəне ол жаттығудың терменологиясын біліп, мұғалімнің айтуы бойынша орындайды.Үйретіліп жатырған материалды міндетті түрде мұғалім көрсеткен жөн.

Қимыл-қозғалыс жаттығуларын оқушыларға жəне жасөспірімдерге үйреткен кезде барлық əдістер мен тəсілдерді қолдану керек. Кейде гимнастиканы үйретуші мұғалімнің қолданған əдісінің тиімділігі жеткіліксіз болады. Себебі мұғалім жаттығуды оқушыға тез үйреткісі келіп асығады. Ол жаттығуларды əрбір оқушымен жеке орындамайды. Кей жағдайда оқушы жаттығуды орындай алмай жатырса мұғалім оқыту əдісін өзгертпейді.Бұндай келеңсіз жағдай орын алмау үшін мұғалім оқушы жаттығуды жасап жатырған кездегі жіберген қателіктерін айтып, не себептен қателескенін түсіндіріп отыру керек.Оқушының қателіктері айтылмаған жағдайда оқушыны үйрету үшін көп уақыт жұмсалады.

Қимыл-қозғалысты оқытудың жаңа əдісіне тоқталамыз, ол жоспарланған оқытумен тығыз байланысты жəне оның негізі бөлімі болады.Бұл алгаритмді əдіс. Профессор Л.Н.Ланданың пікірі бойынша тек теорияда қолданылмай, қимыл-қозғалыспен байланысты денешынықтыру қозғалыстарына қолданылады.

Алгаритмді əдісте оқыту материалы бөлімдерге бөлінген жəне жаттығуышы осы бөлімдерден жол табады.Алғашқы бөлімді меңгергеннен кейін екінші бөлімге көшеді.Мұғалімнің бақылауымен жазылған қимылдар оқылады жəне гинастикалық жаттығулар жасалады.

Балаларды жəне жасөспірімдіерді алгаритмді əдіспен үйреткен тиімді.Қозғалыс дағдысы тез əрі сапалы қалыптасады.(қатесіз дəл жəне жеңіл) Бұл əдіспен жаттығуды үйреткен кезде барлық оқушылар материалды бірдей ұғыды немесе қимыл-қозғалысты нашар меңгерген оқушылар болмайды.Оқылатын материалды барлық оқушы меңгереді, бірақ жеке қабілеттеріне байланысты əртүрлі мерзімде.

Алгаритмдік əдісті пайдаланып жоспар құрғанда мына талаптарды ескеру қажет. 1.Оқу материалы барлық қатысушыға түсінікті болу үшін, əрбір қимылды дəлдікпен баяндау керек.

2.оқытудың берілген немесе басқа да сатысында алгоритмдік əдіс түсінікті. Бір қимылды үйрету үшін немесе басқада ұқсас қимылдарды бір сатыға жатқызады. Барлық оқу тапсырмалары бір –бірімен байланысты жəне қарапайымнан күрделіге қарай баяндалады.

Алгаритмдік əдіспен оқу материалын оқу тəртібі олардың бір-бірімен байланысын анықтайды. Оқу тапсырмасының алғашқы бөлімінде денешынықтыру сапасын арттыру үшін, меңгерілетін қимыл-қозғалысты дұрыс орындау үшін жаттығулар беріледі.Бір жағдайда тек бұлшықет күшін дамытатын , екінші жағдайда майысқақты жаттықтыратын жаттығулар ұсынылады.

Оқу тапсырмасының екінші бөлімінде қол-аяқтың қимыл қозғалысын қарастырады.

Оқу тапсырмасының үшінші бөлімінде үйренген жаттығуларды жетілдіреді.Мыс: аяқты сермеу қозғалысы, акробатикалық жаттығулар жəне кейбір секіру жаттығуларын орындар алдындағы жəй секірулер.

Оқу тапсырмасының төртінші бөлімінде осы аталған жаттығулар кеңістікте,уақыт жəне бұлшықет күшін бағалау үшін орындайды.

Меңгерілген жаттығудың мөлшері жəне дəлдік дəрежесі координациялық күрделігіне байланысты. Кей кезде сермеу амплитудасын немесе денені бүгу жəне иілу дəрежесін, қозғалыс жылдамдығын бұлшықет күшінің дəрежесін бағалау жеткілікті болады. Күрделі жаттығуды орындағанда жəне жаттығу техникасының негізін құраушы қимыл-қозғалысты орындағанда жіктеу кешенін қолданған жөн.

Бесінші бөлімде-қимыл-қозғалыс жаттығуларына ұқсас жаттығуларды қарастырады. Соңында əртүрлі техникалық амалдарды қолданып жеңілдетілген қимыл-қозғалысты үйретеді.

Бөлінген оқу материалының жүйесін жақсы меңгеру керек жəне оқығанда бірізділікті қалыптастыру керек.

Балаларды жəне жасөспірімдерді қимыл-қозғалысқа үйреткенде алгоритмдік əдісті міндетті түрде қолдану керек пе? Əрине, жоқ. Олардың көбін қалыптасқан əдіспен де оқытқан жөн. Ондай жаттығулар: саптық, жалпы дамыту, жеке қолданбалы жаттығулар, асылу жəне тірелеу жаттығулары.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Гимнастикалық бөрене немесе орындық, гимнасикалық маттар.Гимнастикалық бөренедегі жаттығулар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=8S5YjJMCq-gГимнастикалық орындықта жүру әдістері:https://www.youtube.com/watch?v=TlIJxIEhHco&t=2sАлға домалау техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=F899XDLzmU4https://www.youtube.com/watch?v=t8g-cyPt-2Qhttps://www.youtube.com/watch?v=a86s8-eEhU0 «Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу