Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 30 сабақ.


 

 

 

 

 Дене шынықтыру сабағының №30 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 бөлім: Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау

Оқу мақсаттары

6.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау

Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құруды және орындауды үйрету.

Бағалау критерийлері

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құрастырады және оларды орындай алады.

Тілдік мақсаттар

 

Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;
  • мақсат, тәуекел, қауіпсіздік;
  • алға домалау, артқа домалау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Акробатикалық жаттығулардың денеге әсері қандай?
  • Снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?
  • Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-4мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар гимнастикамен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

5-18мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-34мин

 

(Т, Ж, ҚБ) Үйренген элементтерден акробатикалық жиынтық әдісін құру.

Бастапқы қалып-негізгі тұрыс, оң (сол) қол жағары.

Алға домалау:

отырып тірелу(тізелер бірге, қолдары жерде, иықтары алда, басы түзу);

иықтар алға қарай берілген, дене салмағы қолға бағытталған, аяқты тіктей отырып иек кеудеге қысылған, аяқпен итеріліп домалау, жауырынға түсе берген кезде аяқтар бүгіледі;

Жинақталу: шынтақтар денеге қысылған, қол сирақты қысады, арқа дөңгеленеді;

Отырып тірелу: тізелер бірге, қолдар жерде, бас түзу;

Негізгі тұрыс: өкше бірге, аяқтар тік, қолдар төмен, алақан ішке қарап тұрады.

Жауырынға тұру жаттығуы:1. Теріс қарап жүреден отыру.2. Тізені ұстап артқа құлау.3. Аяқты бүгіп, қолды белге тіреу.4. Жауырынға тұрып аяқты түзу ұстау.

«Қарлығаш» элементі

  • Бастапқы қалып-негізгі тұрыс
  • Арқа түзу
  • Қол екі жаққа
  • Аяқ бірге
  • Бір аяқты артқа көтеріп (аяқ барынша жоғары көтерілуі керек және екі аяқты түзу ұстау қажет)дене тік ұстау керек

Бастапқы қалып-негізгі тұрыс: екі қол екі жаққа-жоғары

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • акробатикалық комбинацияларды құрастырады;
  • акробатикалық комбинацияларды дұрыс орындайды.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды?

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушылар комбинациялардағы жекелеген элементтерді қайталап, шеберліктерін шыңдайды. Аяқтарды бүгіп жауырынмен тік тұру

Жауырынмен тік тұру топталуда артқа домалау арқылы орындалады. Жауырынмен жəне желкемен тірелу кезінде қолдар белдің астына (үлкен саусақпен алға қарай), аяқтар бүгулі, сирақтар тік қойылады. Бұл бастапқы жаттығулар жауырынмен тік тұруды үйретуге арналған.

  • Таянып отырып артқа жəне алға домалау.
  • Артпен таянып отырып аяқты бүгіп артқа домалап бүгілген аяқтармен жауырынмен тік тұру.
  • Таянып отырудан артқа домалап аяқтарды бүгіп жауырынмен тік тұру.

Оқушының бір жағында бір қолмен арқасынын, екінші қолмен аяқтарынан ұстап көмектесу.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Гимнастика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;
  • домалау иық пен басты артқа итеру арқылы орындалады;
  • қолдар арқаға қойылады, шынтақтар кең ұсталады;
  • дене тік қалыпты қабылдамайды;
  • жіліншік тік қалыптан ауытқиды, аяқтың ұштары созылмайды.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Гимнастикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық маттар.

Комбинацияларды құрастыруға арналған жаттығулардың интернет ресурстарына сілтеме:

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D1%83%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F

https://www.youtube.com/watch?v=UWLc-hpND2g

https://www.youtube.com/watch?v=zpO-y4VTE60

Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық маттар.

Жауырында тұру техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ZVMw-QZfeZI

https://www.youtube.com/watch?v=u98IVU1jgwU

https://www.youtube.com/watch?v=vdSlvmww6AI

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін барлық білім алушылар құрастырады және орындайды деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Бірін-бірі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу