Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 22 сабақ.
2-бөлім Командалық спорттық ойындар
Оқу мақсаты:
6.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу
Сабақтың тақырыбы:
Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту
Сабақтың мақсаттары:
Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтауға және қолдана білуге үйретуБағалау критерийлері :
Баскетбол ойынындағы көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтай және қолдана біледі.
Дескрипторлар:
Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
Баскетбол ойынында көшбасшылық дағдыларды қолданады;
Баскетбол ойынында команда құрамында жұмыс істей біледі.
Тілдік мақсаттар
Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.Мыналарды қамтиды:- лақтыру, қағып алу, допты алып жүру - тактика, мәселені шешу- қауіпсіздік- рөлі мен орны: қорғаушы/шабуылшы, ойыншы, қапталдағы төреші.Талқылауға арналған сұрақтар:Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Бастапқы білім:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері:
1. Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өтемұқият болу.Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.· Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.· Допты салмағына сәйкес таңдау.· Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.· Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;«финтті» қолдана білу;Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;Бір –бірін итермеу.1-ші тапсырма:
(С, К, ҚБ) 10 – 20 Қатысушылар шеңберге тұрады Екі қолдарымен жіпті ұстайды, жіпті тартып байлайды қатысушылар бір-біріне тығыз тұрады. Мұғалім қатысушыларға:«Көздеріңізді жұмып, ашпаңыздар», Тапсырма: «Тік төрт бұрышты құрыңыз». Тік төрт бұрыш орындалды деп топ ойлаған соң ғана көзді ашуға болады. Осы жаттығудан соң кішкене демалыстан соң қайта шеңберге тұру ұсынылады, көзді жұмып келесі тапсырма орындалады: Тең қабырғалы үшбұрышты құру. Көзді ашқан ойыншы ойыннан шығып, бақылаушылар қатарына қосылады да топқа осы ойынды талқылауға көмектеседі.1-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Әріптестерімен жақсы әрекеттеседі;- Көшбасшылық дағдыларды қолданады.Сұраңыз: Сіздер көшбасшыны қалай таңдадыңыздар? Қандай қиындықтар болды? Көздеріңіз жұмулы кезде сіздер не сезіндіңіздер?Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?2-ші тапсырма:
(Т, К, ҚБ) Бес ойыншы (шабуылдаушылар) диаметрі 4-5 м болатын шеңбер периметрі бойынша орнында тұрып, үйренген допты беру әдістерінің барлық түрлерін пайдаланып, өзара баскетбол добын береді. Жақын ойыншыға беруге тыйым салынады. Жүргізуші (қорғаушы) шеңбердің ішіне орналасып, допты қағып әкетуге тырысады. Допты беруші ойыншылар 24 с ішінде орындалған доп берудің жалпы санын дауыстап санайды. Қағып алған жағдайда жүргізуші допты 5 с ұстай алады. Шабуылдаушының допты иеленуіне берілген уақыт өткен соң, жүргізуші ауыстырылады. Жеңімпаздарды анықтау. Әрекеттері барынша тиімді болған, яғни шабуылдаушыларға доп берулердің аз санын орындауға мүмкіндік берген жүргізуші жеңіске жетеді.2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Баскетбол ойынында көшбасшылық дағдыларды қолданады.Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Баскетбол ойынында қандай көшбасшылық дағдылар қолданылады? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімБағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігінРесурстар:
Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.htmlhttps://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnostiБаскетбол элементтері бар ойындардың интернет ресурсына сілтеме: http://fizkult-ura.ru/node/32392Баскетболдағы тактикалық әрекеттер интернет ресурсына сілтеме: https://world-sport.org/games/basketball/tactics/Баскетбол ойынын үйрену бойынша интернет ресурсына сілтемеhttp://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83Баскетболдың техникалық тәсілдерін оқыту әдістері интернет ресурсына сілтеме:http://topreferat.com.kz/songghy-qosylghan/7473-basketboldyng-tehnikalyq-tasilderin-oqytu-adisteri-diplom-zhumysy.htmlНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?