Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 22 сабақ.


 Бекітемін__________________________

 __________________________

 

 Дене шынықтыру сабағының №22 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім: Командалық спорттық ойындар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту

Оқу мақсаттары

6.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтауға және қолдана білуге үйрету

Бағалау критерийлері

Баскетбол ойынындағы көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтай және қолдана біледі.

Дескрипторлар

  • Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

Баскетбол ойынында көшбасшылық дағдыларды қолданады;

Баскетбол ойынында команда құрамында жұмыс істей біледі.

Тілдік мақсаттар

 

Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • лақтыру, қағып алу, допты алып жүру
  • тактика, мәселе, мәселені шешу
  • қауіпсіздік
  • рөлі мен орны: қорғаушы/шабуылшы, ойыншы, қапталдағы төреші.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?
  • Баскетбол ойынында қандай көшбасшылық дағдылар қолданылады?
  • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда сабақтарда және оқу бағдарламасынан тыс алған спорт ойындары туралы алдын ала білімдер мен дағдыларды меңгереді деп күтіледі.

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-4мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

5-18мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-34мин

 

(Т, Ж, ҚБ) Баскетбол алаңында үш команда ойнайды. Екінші және үшінші бестіктер әрқайсысы өз қалқанының астынан қорғаныс аймағын құрады. Доп 2-бестікке бетпе-бет ерікті тәртіпте орналасқан 1-бестік ойыншыларында болады.

Мұғалімнің белгісі бойынша 1-бестіктің ойыншылары допты кәрзеңкеге лақтыруға тырысып, 2-бестіктің қалқанын шабуылдайды. 2-бестіктің ойыншылары допты қағып әкеткен сәттен бастап, олар тоқтамай, 3-бестіктің қалқанына шабуыл жасайды. Доптан айырылған 1-бестік 2-бестіктің орнында қорғаныс аймағын құрады. Допты иеленген 3-бестік 1-бестікке шабуылды бастайды және т.с.с. Допты лақтырған команда ұпай алады және қорғаныс аймағын құрады, ал ұтылғандар шабуылға шығады. Ойын 10-15 минут жалғасады. Көбірек ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

  • Осы тапсырманың дескрипторлары:
  • Әріптестерімен жақсы әрекеттеседі;
  • Көшбасшылық дағдыларды қолданады.

Сұраңыз: Сіздер көшбасшыны қалай таңдадыңыздар? Қандай қиындықтар болды? Көздеріңіз жұмулы кезде сіздер не сезіндіңіздер? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

(Т, Ж, ҚБ) Сыныпты екі командаға бөліп, ойын ережелері мен қауіпсіздік ережелерімен таныстырылады. Допты иеленуші команданың міндеті – 10 беріліс жасау, басқа команда допты қағып әкетуі және өзінің 10 берілісін бастауы тиіс. Допты жоғалтпай, алғаш болып 10 беріліс жасаған команда жеңімпаз атанады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

Баскетбол элементтері бар ойынында көшбасшылық дағдыларды қолданады.

Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Баскетбол ойынында қандай көшбасшылық дағдылар қолданылады?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар.

Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме:

https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti

Баскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26s

Баскетбол элементтері бар ойындардың интернет ресурсына сілтеме:

http://fizkult-ura.ru/node/32392

Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар.

Бос ойын кеңістігі, баскетбол доптары, ысқырық, фишкалар, бор, конустар.

Баскетбол ойынын оқу бойынша интернет ресурсына сілтеме:

http://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%B4%D0%BB%D1%8F_%D0%BE%D0%B1%D1%83%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8F_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істеу.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді барлық білім алушылар анықтайды және қолданады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Бірін-бірі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу