Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 23 сабақ.
Бекітемін__________________________
__________________________
Дене шынықтыру сабағының №23 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Командалық спорттық ойындар | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту | |
Оқу мақсаттары | 6.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу | |
Сабақ мақсаттары | Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтауға және қолдана білуге үйрету | |
Бағалау критерийлері | Баскетбол ойынындағы көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтай және қолдана біледі. | |
Дескрипторлар |
Баскетбол ойынында көшбасшылық дағдыларды қолданады; Баскетбол ойынында команда құрамында жұмыс істей біледі. | |
Тілдік мақсаттар
| Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Білім алушылар алдыңғы сыныптарда сабақтарда және оқу бағдарламасынан тыс алған спорт ойындары туралы алдын ала білімдер мен дағдыларды меңгереді деп күтіледі. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-4мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. (С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 5-18мин
18-34мин
| (Т, Ж, ҚБ) «Екі доппен баскетбол ойнау». Ойын баскетбол алаңында жүргізіледі. 6-10 адамнан тұратын екі топ ойынға қатысады. Ойын баскетбол ережелеріне сәйкес, екі доптың көмегімен жүргізіледі. Допты қарсыластың қақпасына салу мақсатында, әр ойыншы екі доптың кез келгеніне күресе алады. Доп себетке салынғаннан кейін, ол себеттің астынан ойын алаңына лақтырылады. Допты себетке көбірек салған топ жеңеді.
Сұраңыз: Сіздер көшбасшыны қалай таңдадыңыздар? Қандай қиындықтар болды? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? (Т, Ж, ҚБ) «Қалқан алдындағы жекпе-жек». Сынып екі топқа бөлінеді. Топтар баскетбол алаңының ортаңғы сызығының алдына бір-бірден тұрып тізбек құрай орналасады және рет-ретімен саналады. Тізбектер арасындағы арақашықтық 2-3 м.Мұғалім қалқанға баскетбол добын лақтырады да, ойыншылардың кез келген реттік нөмірін атайды. Екі топтың аталған нөмірлі ойыншылары саптан шығады да, әрқайсысы қарсыласынан бұрын допты иеленуге тырысып, қалқанға қарай ұмтылады. Допты иеленген ойыншы өз тобына ұпай қосып, өз тізбегінің бағыттаушысына алыс қашықтықтан допты лақтырады. Бағыттаушы допты қабылдап, оны екі қолымен тізбек бойынша артқа қарай береді. Доп тізбектегі соңғы ойыншыға қолдан қолға жеткізілгеннен кейін, ол екі қолымен допты жоғары көтереді. Қалқан алдындағы жекпе-жекте жеңіліс тапқан ойыншы, тізбектегі өз орнына қарсылас топтың ойыншылары допты қолдан қолға беріп бітірмегенге дейін жету мақсатында, қосалқы адымдармен тізбегіне қарай ұмтылады. Қосалқы адымдармен жүгіріп келе жатқан ойыншы өз орнына қарсылас топтың соңғы ойыншысына доп жетпей тұрып келсе, онда оның тобына бір ұпай беріледі. Ол өз орнына доптан бұрын жетпеген жағдайда, қарсыластар тобы тағы бір ұпай алады. Көбірек ұпай санын жинаған топ ойынның жеңімпазы болады. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Баскетбол элементтері бар ойынында көшбасшылық дағдыларды қолданады. Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Баскетбол ойынында қандай көшбасшылық дағдылар қолданылады? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? | Үлкен, бос ойын кеңістігі, баскетбол доптары, ысқырық. Қорғанысқа қарсы әдіс-тәсілдерге сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=tVAI1DeSTeQ Баскетбол элементтері бар ойындардың интернет ресурсына сілтеме: http://fizkult-ura.ru/node/32392 Үлкен, бос ойын алаңы, баскетбол доптары, ысқырық, жазуға арналған қағаз немесе тақта, маркер. Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti Баскетбол ойынының элементтері бар ойындарға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=X4wNW8dp2YU | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады. Үйге тапсырма: Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істеу. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді барлық білім алушылар анықтайды және қолданады деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Бірін-бірі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?