Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 24 сабақ.
Бекітемін__________________________
__________________________
Дене шынықтыру сабағының №24 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Командалық спорттық ойындар | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту | |
Оқу мақсаттары | 6.2.1.1. Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтау және қолдана білу | |
Сабақ мақсаттары | Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтауға және қолдана білуге үйрету | |
Бағалау критерийлері | Баскетбол ойынындағы өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтай және қолдана біледі. | |
Дескрипторлар |
Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді қолданады. | |
Тілдік мақсаттар
| Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Білім алушылар алдыңғы сыныптарда сабақтарда және оқу бағдарламасынан тыс алған спорт ойындары туралы алдын ала білімдер мен дағдыларды меңгереді деп күтіледі. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-4мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. (С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 5-18мин
18-34мин
| (С, Тәж., ҚБ) Білім алушылар көшбасшылық қасиетті дамытатын ойын түрін ойлап құрастырады. Жекелей және топтық көшбасшылық қасиеттерін ашуға жағдай жасау, сөйтіп екі топқа бөлініп ойнайды. Топтар екі қатарға бірінің артына бірі иықтарынан ұстап тұрады. Алдында тұрған ойыншы өз командасын саз батпақты елестетіп өткізу керек. Сосын соңғы ойыншы алдына тұрып осы ойынды орындайды. Сөйтіп көшбасшыны топты дұрыс өткізгеніне қарап таңдайды.
Сұраңыз: Сіздер көшбасшыны қалай таңдадыңыздар? Қандай қиындықтар болды? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? (Т, Ж, ҚБ) Ойын баскетбол ережелеріне сәйкес, бір себет арқылы жүргізіледі. Мақсат - допты қарсыластың себетіне салу. Өз себетін қорғайтын топтың ойыншыларына үшсекундты аймақта белсенді түрде қарсыласып әрекет жасауға рұқсат беріледі. Шабуыл жасайтын топтың ойыншыларына, екі адым жасағаннан кейін, допты үшсекундты аймақтың ішінен де, сыртынан да лақтыруға рұқсат етіледі. Допты алу әрекетін оны лақтырмаған ойыншы жүзеге асыра алады, бірақ ол ойыншы допты қайта лақтыра алмайды (доп себетке тимеген жағдайда). Допты алғаннан кейін ойыншы аймақтан шығуы тиіс. Көп ұпай санын жинаған топ жеңімпаз болады. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді қолданады. Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Баскетбол ойынында қандай көшбасшылық дағдылар қолданылады? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? | Үлкен бос кеңістік. Көшбасшылыққа арналған ойындарға сілтеме: http://summercamp.ru/index.php?title=%D0%98%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%BD%D0%B0_%D0%BB%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%BE Үлкен, бос ойын кеңістігі, баскетбол доптары, ысқырық. Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti Баскетбол элементтері бар іс-қимыл ойындарына сілтеме: | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады. Үйге тапсырма: Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттері. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді барлық білім алушылар анықтайды және қолданады деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу қимыл-әрекеттерімен байланысты білімді анықтау және қолдану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?