Ойын техникасының дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 16 сабақ.
Дидактикалық материал 6 сынып
Баскетбол ойынның қауіпсіздік ережелері:
- Баскетбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
- Баскетбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.
Баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды.
Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.
Допты салмағына сәйкес таңдау.
Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.
Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.
Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:
- Жопты жұдырықпен және алақанмен ұрмау.
- Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
- «финтті» қолдана білу;
- Қарсыласының орын ауыстырылуларын сөзіне білу;
- Бір –бірін итермеу;
Шабуылдау техникасы
Доппен орындалатын әрекеттерді үйретуден бұрын оның серпінді қасиеті мен формасы мен танысып алу керек, себебі, сондай техника тәсілдері тез игеріледі. Бұл мақсат үшін доп снаряд ретінде қолданылатын ортақ дамыған жаттығуларды қолдануға болады.
Үлгі жаттығулары:
1) Допты қолдан-қолға ауыстыра отырып, оған тимей, денені айналдыра жүру
2) Доп арқада, екі қолда орындалады. Допты бастан асырып, алға лақтырып, сонда тосып алу. Егер допты алды-артқа лақтырып тосып алу. Осы жаттығуды бір қолмен орындау.
3) Еңкейіп, допты қолға ұстап, аяқтардың арасынан өткізіп алға қарай лақтырып, алдынан тосып алу.
1) Сапқа тұру. Допты жұп-жұп болып бір-біріне беру.
2) Допты бір саптан 2-ші сапқа иректеп кезекпен беру.
3) Дәл солай, тек допты берген соң оқушы қарсы алдындағының орнына барып тұрады.
4) Екі сап қарама-қарсы түрады: доп әр саптан кезекпен беріледі.
Допты беруді үйрету кезінде алаңнан ұшып көтерілген допты ойыншының тосу кезінде көңіл бөлу керек. Егер қадам ырғағына байланысты қате жасалса, оны келесі жаттығуларды жасау арқылы түзеуге болады:
1) Допты алаңға ұрып, сол мезетте сол аяқпен алға қадам жасау керек. Аяқтың жерге тиюі доптың алаңға тиюі бір мезетте болуы керек.
2) Дәл солай, тек аялдамай, 2-ші қадам жасау керек.
Лақтыру. Лақтыруда оның дәлдігі маңызды. Жақсы техникалық дайындықтың басқа ойыншы мергендігін де дамыту керек, себебі, лақтырудың дәлдігін көздей білу, нысанаға зейін қою, арақашықтықты анықтау сияқты факторларға байланысты. Допты тапсыруды үйренгеннен кейін лақтыруды үйрену жеңіл болады. Лақтыру үшін қолды дұрыс созуға, қол мен аяқтың әрекеттерінің үйлесуіне, дененің түзелуіне көңіл бөлуі керек. Егер басынан кәрзеңкемен жаттықса үйренушілер допты кәрзеңкеге салуды ғана ойлап оны жасау тәсілдеріне, ережелеріне көңіл бөлмейді. Кәрзеңкемен жаттығу басталғанда дұрыс көздеуге көңіл бөлінеді. Үйренушілер техниканы меңгергенде, дұрыс көздей алғанда олардың көңілін допты дәл салуға аудару керек. Олардан кейін қимылдай жүріп жақыннан салу үйретіледі. Ол кезде тоса сала кәрзеңкеге қарай көз тастауға көңіл бөлінеді.
Төмендегі жаттығулар:
1) Саптан жүгіріп шығып, допты кәрзеңкеге салғандай елестетіп кәрзеңкенің үстіне секіру.
2) Үйретуші допты ұстап қолын созып тұрады. Ойыншы жүгіріп келіп допты кәрзеңкеге салады.
3) Дәл алдағыдай, тек үйретуші допты беріп жатқан кезде тастай салады.
Орташа және қашықтықтан лақтыруды басында бір нүктеден бастау керек. Әр жаттығуды 5-10 рет қайталау керек. Жаза ретінде лақтыру бөлек үйретіледі. Бұл әрекетті ойын ережесі бойынша орындалу тәртібімен үйрету керек.
- Айып сызығын баспай бастапқы қалыпта тұрып көздеу.
- Дәл алдағыдай, тек бастапқы қалыптан бұрын допты алаңға 2-3 рет ұрып алу керек. Бұл үйретушінің жинақтауға, дәл көздеуге дайындауға көмектеседі.
- Дәл алдағыдай, тек лақтырмай тұрып дем тартып, яғни ішке ауа жинап, оны шығарып, демалмай тұрғанда лақтырады.
Допты алып жүру. Басында допты жай ұрып жүріп басқаруды үйретеді. Алғашқы жаттығулар секіріп жүрген допты дұрыс жүргізуге бағытталады.
- Ойыншы 1-ші орында тұрып допты жерге ұрып, оны дұрыс тосуды үйретеді.
- Допты бір қолмен, екі қолмен кезек-кезек ұрып үйренеді. Үйренуші допты дұрыс ұруды үйренген соң, допты тік және ирелектеп алып жүруді үйренуге көшеді.
а) Сапқа тұрып белгілі жерге дейін допты жүгірте отырып барып келу.
ә) Оң мен сол жақтарда орналасқан кедергілерді айналып өту.
б) Допты тоса сала жүгіру.
в) Секіріп жүріп допты жүргізу.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар, Рефлексия парағы.Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://xn--j1ahfl.xn--p1ai/library/instruktazh_po_tehnike_bezopasnosti_na_urokah_baske_112701.htmlhttps://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnostiБаскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Yhttps://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26shttps://www.youtube.com/watch?v=Gxg3DxJ_rjIhttps://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4
Баскетбол ойынында шабуылдау техникасын оқыту әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: https://infourok.ru/basketbol-oyininda-shabuildau-tehnikasin-oitu-distemesi-942947.html
Баскетбол ойынының ережесін меңгертіп, оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арттыру http://orleu.kz/?p=161185
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?