Ойын техникасының дағдысын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 17 сабақ.
Бекітемін__________________________
__________________________
Дене шынықтыру сабағының №17 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Командалық спорттық ойындар | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Ойын техникасының дағдысын дамыту | |
Оқу мақсаттары | 6.2.4.1. Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсіну және қолдана білу | |
Сабақ мақсаттары | Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсінуге және қолдана білуге үйрету | |
Бағалау критерийлері | Баскетболдағы дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін түсінеді және қолдана біледі. | |
Дескрипторлар |
| |
Тілдік мақсаттар
| Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Білім алушылар алдыңғы сыныптарда сабақтарда және оқу бағдарламасынан тыс алған спорт ойындары туралы алдын ала білімдер мен дағдыларды меңгереді деп күтіледі. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-4мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. (С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 5-18мин
18-34мин
| (С, Ж, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар баскетбол ойынындағы қорғаныс техникасын дамытуға арналған келесі оқу тапсырмаларын орындайды: Допты жоғарыдан қағып түсіру. Бұл тәсілде допты қағып алуға және иемденуге мүмкіндік жоқта қолданылады. Лақтырушының қолынан доп бөлінгенін аңдып тұрып, қолдың қысқа қозғалысымен, секіріп, допты ұшу траекториясынан қағып түсіру керек.
Допты жүргізу кезінде қағып түсіру. Добы бар қарсыластан шегіне отырып, оны бүиір сызыққа бағыттаукерек, және ептеп оны өткізіп жіберіп, қолдың бүрлей қозғалысымен допты қағып түсіру керек. Берілімдерді жеткізбей алып қою. Қорғаушы шабуылшының бір жағында немесе артында орналасып алып, өзіне қашан берілім болатынын күтеді. Қарсыластан бұрын қимылдап, оған шығуға мүмкіндік бермей, допты қолынан жұлып алу кезінде тез алға ұмтылу керек, допты қағып алып немесе алға итеріп допты тартып алу керек. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? (Т, Ж, ҚБ) «Қызықты старт» эстафетасы. 1 кезең: Бір қатысушы шеңберді домалатады, ал екі ойыншы допты еденге соғу арқылы шеңбердің ішінен өткізіп бір-біріне допты береді. 2 кезең: Екі ойыншы шеңберді көлденең ұстайды, үшінші ойыншы шеңбердің ішінде допты алып жүреді. Алдыға оң қолмен, артқа сол қолымен алып жүреді. 3 кезең: Жекелей кедергілерден айналып өту. Алдыға оң қолмен, артқа сол қолымен алып жүреді. Осыдан кейін қатысушыларға баскетбол элементтерімен ойын құрастыруға тапсырма беріледі Әлеуметтік дағдылары мен сыни ойлау дағдыларын дамытуға жағдай жасалады. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? | Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар. Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti Баскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26s https://www.youtube.com/watch?v=bN7PhwUd-u4 Баскетбол ойынында шабуылдау техникасын оқыту әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: https://infourok.ru/basketbol-oyininda-shabuildau-tehnikasin-oitu-distemesi-942947.html Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар. Баскетбол ойынын үйрену бойынша интернет ресурсына сілтеме: Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады. Үйге тапсырма: Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін барлық білім алушылар түсінеді және қолданады деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдерін қолдану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?