Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 4 сабақ.


1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты:

6.3.2.1 Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау

Сабақтың тақырыбы:

Жүгіру секіру реттілігі

Сабақтың мақсаттары:

Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және олардың орындалуын көрсету

Бағалау критерийлері :

Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіреді және олардың орындалуын көрсетеді.

Дескрипторлар:

Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;

Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды;

Берілген арақашықтықты жүгіріп өтеді;

Жүгіру уақытын есептейді.

Тілдік мақсаттар

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері

дене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасы

ағзаның энергетикалық жүйесі

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1 тапсырма:

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. Осы кезде орта қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері түсіндіріліп, олардың орындалуы көрсетіледі.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;

- Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды

Сұраңыз: денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Аяқ бұлшық еттерін қалпына келтіруге арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

2 тапсырма:

(ЖЖ, ҚБ) Сынып оқушылары бірнеше шағын топтарға бөлінеді. Әрбір топ сөре сызығынан әр түрлі арақашықтықта барлық жүгіру учаскесі бойынша бес конус қойылады. Оқушылар жүгіретін кез келген конусты таңдап, оған дейінгі және кері қарай жүгіру қанша уақыт алатынын есептейді. Содан кейін олар арақашықтықты жүгіріп, есептік және нақты уақытты салыстырады. Олар әр ретте келесі конусты таңдап, осы үдерісті бес рет қайталайды. Осыдан кейін оқушылар барлық бес конусқа дейін тоқтаусыз жүгіру қанша уақыт алатынын есептейді және содан кейін талап етілетін нақты уақытпен салыстырады.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Осы тапсырманың дескрипторлары:

- берілген арақашықтықты жүгіріп өтеді;

- жүгіру уақытын есептейді.

Сұраңыз:

Дене жаттығулары ағзаға қалай әсер етеді? Түрлі дене жаттығуларын орындар алдында неліктен дене қыздыру жаттығуларын орындауымыз қажет?

Рефлексия

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап,

рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері.

Рефлексия

"Бағдаршам" әдісі бойынша кері байланыс

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Бағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігін

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік, фишкалар, конустар, мұғалім үшін ысқырық, бор, уақыт өлшегіш.

Дене қыздыру жаттығуларына сілтеме:

http://okafish.ru/tennis/114_123.htm

Орта қашықтықтарға жүгіру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XJT5Tai7otY

Арнайы жаттығулар:

https://www.youtube.com/watch?v=O4Mmh_hv-Bc

Жаңадан бастаушылар үшін жүгіру әліпбиі интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=lGjp9ydQ38c&ebc=ANyPxKpwxV-KBDzZU_DP6yNSymprgUizMn952t4KJtzdVs_b6eEVNMpjOK_zK3GLC0W2lJwreanz93UtZtev235

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу