Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 5 сабақ.


1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты:

6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақтың тақырыбы:

Жүгіру секіру реттілігі

Сабақтың мақсаттары:

Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

Бағалау критерийлері :

Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді.

Дескрипторлар:

Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді;

Бір қалыпты жылдамдық ұсталады;

Дұрыс тыныс алады.

Тілдік мақсаттар

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері

дене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасы

ағзаның энергетикалық жүйесі

Талқылауға арналған сұрақтар:

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз. Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1 тапсырма:

(Ж, Т, ҚБ) «Қарсылас добына қарай». Ойыншылар құрамы бірдей екі топқа бөлінеді. Топтар сөре сызығына (старт) қарай коланнаға тұрады. Бағыттаушыларға бір-бір доптан беріледі. Белгі берілгеннен кейін бірінші нөмірлілер допты барынша алысқа лақтырады да, қарсыластың добына қарай жүгіре ұмтылады. Допты алғаннан кейін қайтып жүгіріп келеді. Бірінші болып келген жүгіруші, командасына 1 ұпай әкеледі. Бұдан кейін допты екінші тұрған ойыншы алады, ал жүгіріп келген ойыншы артқа тұрады. Белгі бойынша ойынды келесі жұп жалғастырады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.

Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін, топтарда түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысы талданады.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды.

- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді;

Сұраңыз: Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз?

2-ші тапсырма

(Т, Ж, ҚБ) Тапсырманы орындар алдында бір келкі жылдамдық сақталу қажет екендігі және дұрыс тыныс алуға аса назар аударылу қажет екендігі айтылады. Оқушыларды төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді де, 1 айналымның ұзындығы 180 м болатын қашықтыққа жүгіреді. Сөре орнына белгіленген уақыт ішінде қайта оралып, алаң бойымен бір тізбекпен жүгіреді. Әрбір кейінгі сөреде көшбасшыларды ауыстырады. Жүгірген кезде топ мүшелері бір-бірінен қалмай, тізбекті бұзбай, бір қалыпты жылдамдықпен жүгірулері тиіс. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін қалыпқа келу жаттығуларын орындайды және жасалған жұмыс талданады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Бір қалыпты жылдамдық ұсталынады;

- Дұрыс тыныс алады.

Сұраңыз: Қысқа қашықтықтарға жүгіру мен орта қашықтықтарға жүгірудің айырмашылығы қандай? Не себептен бірқалыпты жылдамдық ұсталыну қажет? Тапсырманы орындау кезінде дұрыс тыныс алу қаншалықты маңызды?

Рефлексия

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап,

рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысы.

Рефлексия

"Бағдаршам" әдісі бойынша кері байланыс

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Бағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігін

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік, жүгіру жолы, бор, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш, рефлексия парағы.

Дұрыс жүгіру және тыныс алу интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=rVWrmN1FSkk&t=8s

Орта қашықтықтарға жүгіру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XJT5Tai7otY

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу