Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту
Сабақтың тақырыбы: Жүгіру секіру реттілігі
Оқу мақсаты: 6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету
Сабақтың мақсаты: Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру
- Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.
- Сабақтың ортасы.
1 тапсырма: «Қарсылас добына қарай». Ойыншылар құрамы бірдей екі топқа бөлінеді. Топтар сөре сызығына (старт) қарай коланнаға тұрады. Бағыттаушыларға бір-бір доптан беріледі. Белгі берілгеннен кейін бірінші нөмірлілер допты барынша алысқа лақтырады да, қарсыластың добына қарай жүгіре ұмтылады. Допты алғаннан кейін қайтып жүгіріп келеді. Бірінші болып келген жүгіруші, командасына 1 ұпай әкеледі. Бұдан кейін допты екінші тұрған ойыншы алады, ал жүгіріп келген ойыншы артқа тұрады. Белгі бойынша ойынды келесі жұп жалғастырады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін, топтарда түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысы талданады.
Допты лақтырғаннан кейін оны қайта ұстауға, қарсыласқа кедергі келтіруге болмайды.
Допты иеленген ойыншы оны басқаларға бере алмайды, яғни ол допты қолына өзі ұстап, орнына келеді. Ойыншылардың ойын жағдайлары тең болуы үшін алаңды мұқият түрде таңдау керек. Орындау техникасы үшінқосымша ұпай беруге болады.
Сұраңыз: Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?
2 тапсырма: Тапсырманы орындар алдында бір келкі жылдамдық сақталу қажет екендігі және дұрыс тыныс алуға аса назар аударылу қажет екендігі айтылады. Оқушыларды төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді де, 1 айналымның ұзындығы 180 м болатын қашықтыққа жүгіреді. Сөре орнына белгіленген уақыт ішінде қайта оралып, алаң бойымен бір тізбекпен жүгіреді. Әрбір кейінгі сөреде көшбасшыларды ауыстырады. Жүгірген кезде топ мүшелері бір-бірінен қалмай, тізбекті бұзбай, бір қалыпты жылдамдықпен жүгірулері тиіс. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін қалыпқа келу жаттығуларын орындайды және жасалған жұмыс талданады. Осы тапсырманы орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы әңгімелесіңіз. Тапсырманы түсіндіру кезінде топтың бірге жүгіру керектігіне ерекше назар аударыңыз.
Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіру техникасы.
Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіруде сөреден шығудын маңызы зор. Спортшылар, əдетте жоғарғы сөрені пайдаланады.Кейбір жүгірушілер 800 метрге жүгіргенде төменгі сөрені пайдаланады.Жалпы жоғарғы сөреде тұру кезінде сөре сызығына күшті аяқты, ал екінші аяқты артқа қою керек. Дайын бол пəрменімен естігеннен кейін аяқтарды бүгіп, кеудені алға еңкейтеді. Жүгірістін басталуында қысқа қашықтыққа қарағанда кеуде сөреден шыққаннан кейін тез жазылады. Жүгірудің жеңілдігі, туралығы, аяқты жерге жұмсақ тіреу, жүгірген кезде мүсінді жақсы ұстау-шапшандыққа жүгірудің де, төзімділікке жүгірудің де техникасын үйренгенде жұмыс істеуі керек ететін маңызды кезендер. Спортшы қозғалысының үнемділігі, эффектілігі, сол қозғалыста күш шығаруға сатылап бұлшық еттердің жұмыс істеуін жəне демалуын білу керек. Жүгірген кезде спортшының денесі алға еңкейеді 850-қа. Көп еңкейсе адымның қысқаруына əкеліп соғады. Жылдамдықты өзгертсе дененің еңкейуіде өзгереді. Спринтерлік жүгіріске қарағанда орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде бұрышы ұштылау (500-550). Мынадай сатылардан тұрады: сөреден жүгіру, мəреден өту, бұрылыста жүгіру. Сөрелік екпіннің мақсаты аз уақыттың ішінде үлкен жылдамдық алу, еркін сілтейтін жүгіріске мүмкіндік туғызу, жылдамдықты пайдалану, жолда өзіне пайдалы қажетті жерді табу. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде жылдамдықты туғызу үшін 30-40 метрлік қашықтық керек. Дем алу. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде адам ағзасына оттегі қажеттігі өсеі.
Бұлшық еттерін босату немесе босап еркін жүгіру спортшыларда ең қиын жəне басты мақсат болып саналады. Əрбір жүгіруші өз қозғалысының əдісін жақсарту қажет, соның ішінде жүгіру арқылы келеді. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіру жоғары сөреден басталады. Содан кейін жүгірушілер бірінші жолға түсуге тырысады.
800 немесе 1500 метрге жүгірудің, негізінен алғанда, 60 не 100, 200 метрлерге жүгірулерден тек аз жылдамдықпен жүгіру арқылы ғана, демек жеке үдемелете жүгірудің аз болатындығымен ғана айырмашылығы бар.
Қашықтық ұзарған сайын адымның арасы да азайады. Жүгіру техникасын жетілдіремін деп бір қалыпты шапшандықты ұстап жүгірумен ғана тежеліп қалмау керек. Бір қалыпты шапшандықпен жүгіріп өтуді орындаған кезде, назарды жүгіру техникасының жеке бөліктерін меңгеру мен жетілдіруге жəне тыныс алуға аударған жөн.
Сұраңыз: Тапсырманы орындау кезінде дұрыс тыныс алу қаншалықты маңызды? Не себептен бірқалыпты жылдамдық ұсталыну қажет? Қысқа қашықтықтарға жүгіру мен орта қашықтықтарға жүгірудің айырмашылығы қандай?
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, жүгіру жолы, бор, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш, рефлексия парағы.Жаттығудың денеге әсері интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=mdfRx6FNLxk&list=PLI-5x-YK2SVFXUwRw0E6PY8ZG6FIdCPX4Орта қашықтықтарға жүгіру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XJT5Tai7otY Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?