Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Сабақтың тақырыбы: Жүгіру секіру реттілігі

Оқу мақсаты: 6.3.2.1 Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау

Сабақтың мақсаты: Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және олардың орындалуын көрсету

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

  • Сабақтың ортасы.

1 тапсырма: Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. Осы кезде алыс қашықтыққа жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен дене қыздыру, қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері түсіндіріліп, олардың орындалуы көрсетіледі.

Сұраңыз: Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Аяқ бұлшық еттерін, демді қалпына келтіруге арналған қандай жаттығуларды білесіздер?

2 тапсырма: Сынып күштері тең 3-4 топқа бөлінеді. Тапсырманы орындар алдында бір келкі жылдамдық сақталу қажет екендігі және дұрыс тыныс алуға аса назар аударылу қажет екендігі айтылады. Оқушылар белгіленген қашықтықты жүгіріп өтуге тапсырма алады. Мұғалімнің белгісімен алда жүгіріп келе жатқан оқушы (көшбасшы) қарқынын бәсеңдетіп, барлық жүгірушілер тобын өткізіп (өзінің оң жағынан), жүгірушілердің соңына қосылады. Жаңа белгі бойынша тағы да көшбасшылар ауысады. Көшбасшылардың ауысу аралығын мұғалім өзі анықтап, оқушыларға хабарлайды.Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін қалыпқа келу жаттығуларын орындайды және жасалған жұмыс талданады.

Ойынды сабақ барысында орта қашықтыққа жүгіруді жетілдіру үшін өткізеді. Қыздар 600м-ден, ұлдар 700м-ден бастап, қашықтықты біртіндеп 1000м-ге дейін жеткізеді. Ойынды стадионда немесе жазық жерде өткізуге болады. Егер оқушы ойынды өткізер алдында өзін нашар сезініп тұрған болса, ойынға жібермеу керек.

Мұғалім жүгіру қарқынын әр топқа, оқушылардың орындай алу жағдайына байланысты белгілейді.

Оқушылар өздерінің күштерін есептей алмай, жылдамдықты арттырып, жиі қателік жібереді. Оқушылардың жүгіру қарқынын қадағалап отырып, келісілген жылдамдықтан асырған көшбасшыларды ауыстыру керек. Әр оқушы көшбасшы орнында болуы маңызды.

Сұраңыз: Тапсырманы орындау кезінде дұрыс тыныс алу қаншалықты маңызды? Не себептен бірқалыпты жылдамдық ұсталынуы қажет? Қысқа қашықтықтарға жүгіру мен алыс қашықтықтарға жүгірудің айырмашылығы қандай?

Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіру техникасы.

 Орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіруде сөреден шығудын маңызы зор. Спортшылар, əдетте жоғарғы сөрені пайдаланады.Кейбір жүгірушілер 800 метрге жүгіргенде төменгі сөрені пайдаланады.Жалпы жоғарғы сөреде тұру кезінде сөре сызығына күшті аяқты, ал екінші аяқты артқа қою керек. Дайын бол пəрменімен естігеннен кейін аяқтарды бүгіп, кеудені алға еңкейтеді. Жүгірістін басталуында қысқа қашықтыққа қарағанда кеуде сөреден шыққаннан кейін тез жазылады. Жүгірудің жеңілдігі, туралығы, аяқты жерге жұмсақ тіреу, жүгірген кезде мүсінді жақсы ұстау-шапшандыққа жүгірудің де, төзімділікке жүгірудің де техникасын үйренгенде жұмыс істеуі керек ететін маңызды кезендер. Спортшы қозғалысының үнемділігі, эффектілігі, сол қозғалыста күш шығаруға сатылап бұлшық еттердің жұмыс істеуін жəне демалуын білу керек. Жүгірген кезде спортшының денесі алға еңкейеді 850-қа. Көп еңкейсе адымның қысқаруына əкеліп соғады. Жылдамдықты өзгертсе дененің еңкейуіде өзгереді. Спринтерлік жүгіріске қарағанда орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде бұрышы ұштылау (500-550). Мынадай сатылардан тұрады: сөреден жүгіру, мəреден өту, бұрылыста жүгіру. Сөрелік екпіннің мақсаты аз уақыттың ішінде үлкен жылдамдық алу, еркін сілтейтін жүгіріске мүмкіндік туғызу, жылдамдықты пайдалану, жолда өзіне пайдалы қажетті жерді табу. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде жылдамдықты туғызу үшін 30-40 метрлік қашықтық керек. Дем алу. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіргенде адам ағзасына оттегі қажеттігі өсеі.

Бұлшық еттерін босату немесе босап еркін жүгіру спортшыларда ең қиын жəне басты мақсат болып саналады. Əрбір жүгіруші өз қозғалысының əдісін жақсарту қажет, соның ішінде жүгіру арқылы келеді. Орта жəне үлкен қашықтыққа жүгіру жоғары сөреден басталады. Содан кейін жүгірушілер бірінші жолға түсуге тырысады.

 800 немесе 1500 метрге жүгірудің, негізінен алғанда, 60 не 100, 200 метрлерге жүгірулерден тек аз жылдамдықпен жүгіру арқылы ғана, демек жеке үдемелете жүгірудің аз болатындығымен ғана айырмашылығы бар.

 Қашықтық ұзарған сайын адымның арасы да азайады. Жүгіру техникасын жетілдіремін деп бір қалыпты шапшандықты ұстап жүгірумен ғана тежеліп қалмау керек. Бір қалыпты шапшандықпен жүгіріп өтуді орындаған кезде, назарды жүгіру техникасының жеке бөліктерін меңгеру мен жетілдіруге жəне тыныс алуға аударған жөн.

Сұраңыз: Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік, фишкалар, конустар, жалаушалар, мұғалім үшін ысқырық, бор, уақыт өлшегіш, рефлексия парағы.Жүгіру техникасы интернет ресурсының сілтемесі: http://fizkult-ura.ru/sci/legkay_atletika/6 Жүгіру кезінде қалай дұрыс тыныс алу және дұрыс жүгіру интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=rVWrmN1FSkk&t=8s Жүгіру кезінде ағзада болатын өзгерістер интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=HzOjDb4wdb0 Арнайы дайындық жаттығулары интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=n8U9mRAEHrc Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу