Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 8 сабақ.
1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты:
6.3.2.1 Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау
Сабақтың тақырыбы:
Жүгіру секіру реттілігі
Сабақтың мақсаттары:
Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және олардың орындалуын көрсетуБағалау критерийлері :
Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіруге арналған дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіреді және олардың орындалуын көрсетеді.
Дескрипторлар:
Дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;
Дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды;
Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру фазаларын біледі;
Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру фазаларын дұрыс орындайды.
Тілдік мақсаттар
Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.Мыналарды қамтиды: арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттерідене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасыағзаның энергетикалық жүйесіТалқылауға арналған сұрақтар:Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секірудің фазалары қандай?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Бастапқы білім:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.1-ші тапсырма:
(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. Осы кезде екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен дене қыздыру, қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері түсіндіріліп, олардың орындалуы көрсетіледі. Осы тапсырманың дескрипторлары:- Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;- Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды.Сұраңыз: денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Аяқ бұлшық еттерін, демді қалпына келтіруге арналған қандай жаттығуларды білесіздер?2-ші тапсырма:
Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секірудің орындалу техникасы көрсетіліп, түсіндіріледі. Секірудің фазалары: итерілу, ұшу, жерге түсу. Осыдан кейін оқушылар тапсырманы практика жүзінде орындайды. Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар жасалған жұмысқа талдау жүргізеді. 2-ші тапсырманың дескрипторлары: - Екпінмен жүгіріп келіп ұзындыққа секіру фазаларын біледі;- 10-12 адымнан тұратын қашықтықтан екпін алады. Екпін алған кезде соңғы адым жылдамдырақ орындалады.- Итерілетін аяқ итерілетін тақтаға табанымен дәл қойылады. Итерілуді аяқтаған кезде, итерілетін аяқ толығымен жазылады;2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Қолдар иық деңгейіне дейін көтеріліп, серпілетін аяқ тізе буында бүгіліп, алға шығарылады. Итерілгеннен кейін, итерілетін аяқ инерциямен артқа қарай қимыл жасай береді, содан соң секіруші оны тізесімен алға қарай шығарып серпілген аяққа қосады.- Басында артқа қарай шалқайған дене иықтарымен аяқтарға қарай алға еңкейтіледі. Екі аяқ тізелерімен кеудеге тартылып, табанның ұштары өзіне қарай тартылып, тобықтар жоғары көтеріледі.- Жерге қону кезінде секіруші тізелерін бүгіп, қолдарын алға созып, денесін барынша еңкейтеді және жерге қонғанда артқа қарай құламауға тырысады. Сұраңыз: Екпінмен жүгіріп келіп аяқты бүгіп ұзындыққа секірудің фазалары қандай?РефлексияСабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап,рефлексия жүргізеді:- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды ұсынылады.Үйге тапсырма:Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері.
Рефлексия
"Бағдаршам" әдісі бойынша кері байланысЖасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімБағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігінРесурстар:
Үлкен бос кеңістік, фишкалар, конустар, мұғалім үшін ысқырық, бор, өлшеуіш, рефлексия парағы. Дене қыздыру жаттығуларына сілтеме: http://okafish.ru/tennis/114_123.htmЕкпінмен жүгіріп келіп ұзындыққа секіру интернет ресурсына сілтеме: http://www.rosatletika.ru/content/%D0%BF%D1%80%D1%8B%D0%B6%D0%BE%D0%BA-%D0%B2-%D0%B4%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D1%83-%D1%81-%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B1%D0%B5%D0%B3%D0%B0.htmlМектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?