Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 1 сабақ.
1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты:
6.3.4.1 денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіну
Сабақтың тақырыбы:
Қауіпсіздік ережесі.
Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерісСабақтың мақсаттары:
Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіруБағалау критерийлері :
Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін біледі, нормалар мен ережелерін түсінеді;
Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерістер туралы түсінігі бар
Дескрипторлар:
Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;
Қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
- Дене жаттығуларының ағза әсерін түсінеді
Тілдік мақсаттар
Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.Мыналарды қамтиды: қауіпсіздік, жарақат қауіпі бар жағдайларды білу,арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері.Талқылауға арналған сұрақтар:Ұсынылған ойын кезінде қандай жарақат алу қауіпі бар жағдайларға тап болуымыз мүмкін?Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Бастапқы білім:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.(С, ҚБ) Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:- Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері:
1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім кию керек.2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.10. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.(Т, ЖЖ, ҚБ) Сынып екі командаға бөлінеді. Ойын алаңында 30-40м жүгіру жолы белгіленеді. Командалар бір-бірінен 5м арақашықтықта сапқа тұрғызылады да, мұғалімнің белгісі бойынша екі команда алға жүгіреді.
Артта тұрған ойыншылардың мақсаты – алдағы ойыншыларды дақтау, ал алдағылар «дақтаушыларға» жеткізбей мәреге жету. Әр дақталған ойыншы үшін дақтаушы командаға бір ұпай беріледі. Дақталғандарды есептегеннен кейін, командалар рөлдерімен ауысып, жүгіру қайта өткізіледі. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.Осы тапсырманың дескрипторлары:Тапсырманы орындау кезіндегі болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;қауіпсіздік ережелерін сақтайды;дене жаттығуларының ағза әсерін түсінедіСұраңыз: Тапсырманы орындау кезінде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтадыңыздар? Дене жаттығулары ағзаға қалай әсер етеді?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Үйге тапсырма:Сабақтағы қауіпсіздік ережелері.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімБағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігінРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Ысқырық, фишкалар, бор, Рефлексия парағы.Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:http://osh92.ru/publ/4-1-0-126 https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYIДене жүктемелерінің адам ағзасына әсері интернет ресурсына сілтеме:http://www.everlive.ru/how-physical-activity-affects-a-body/Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?