Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 11 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 11
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8: Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу. | Мектеп: Қарағанды қаласы ХББ НЗМ | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. | ||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.3.1.1. Денсаулық маңыздылығын білу және түсіну. | ||||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылардың барлығы топтық жұмыста белсенділік көрсете алады. Оқушылардың көбісі көшбасшылық қасиетін көрсете алады. Оқушылардың кейбіреуі таңдалған ойынның ережесін құрастырып, түсіндіре алады. | ||||||
Бағалау критерийлері: | Қауіпсіздік ережелерді сақтауы. Командамен бірге жұмыс жасай алуы. Ойынның ержесін сақтауы. Сабақ үрдісіне белсенді қатысуы. | ||||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: жүгіру, секіру және лақтырудың жан-жақты дене жаттығулары арқылы түсіндіріп және талқылай алады. Пәнге тән лексика мен терминология: сөре, қарқын, жылдамдық, мәре, орнынан ұзындыққа секіру, лақтыру. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қозғалмай тұрып, біз неге денемізді қыздыруымыз керек? Денені қыздыруға арналған қандай жаттығуларды білесіздер? Дене жаттығуларын орындағаннан кейін неге қалыпқа келтіру жаттығуларын орындауымыз керек? Қандай қауіпсіздік ережелерді білуіміз керек? | ||||||
Құндылықтарды бойға сіңіру. | Ынтымақтастық, академиялық адалдылық, ашықтық. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану. | ||||||
АКТ пайдалану дағдылары | |||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар үйде, сабақтан тыс уақытта, бұрынғы өткен бөлімдерінен алған жеңіл атлетика туралы дағдылары болады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-15 мин. | Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау. Жүру, жүруден жүгіруге ауысу. Бір қалыпты жүгіру. Бір ысқырық – жоғары секіру, екі ысқырық – секіру, 360 градусқа айнала. Жүру денені қалыпқа келтіру. ЖДЖ топта орындау. Бұл сабақтың топтары өткен сабақтың топтарындай болады. Мұғалім оқушыларды қадағалай отырып, әдістемелік ұсыныстар жасайды. А.Ж.Ж және жылдамдыққа жүгіру. | Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш. | |||||
Сабақтың ортасы 16-40 мин. | (Т) Әр топқа ноутбук беріледі. Мұғалім оқушыларға жылдамдыққа, секіруге, икемділікке, күшке арналған қозғалмалы ойындарды ғаламтордан тауып алындар деп тапсырма береді. Әр топ өзіне берілген тапсырманы ғаламтордан іздеп, тауып басқа топтармен бөліседі. Сынып қандай ойынды ойнау керек екендігін таңдайды. Мұғалім мүмкіндіктерге байланысты оқушыларға ойынның күрделі болуын қарастырады. Барлық ойындар конустар арқылы ойнатылуы керек. Егер ойынға басқа құрал-жабдықтар керек болса, онда қосымша нұсқалар қарастырады. Дескрипторлар: ұсынылған ойын барлығына тән, күрделенген және қауіпсіздік ережелері сақталу керек. | Мектеп алаңы, ысқырық, ноутбук, конустар. | |||||
Сабақтың аяғы 41-45 мин. | Сапқа тұрғызу арқылы сыныптың жиыны. Сабақтың жарқын сәттерін талдау. Демалыс мезгіліне тапсырма беру. | Мектеп алаңы. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру. | |||||
Талантты оқушылар өздерінің сыныптастарына көрсете және ұсыныстар жасай отырып, көмектеседі. Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап отырады. Саралау ол тапсырманың күрделендірілгеніне байланысты болады. | Оқушы сабақта барлық бағалау критерийлеріне жетуі тиіс. | Қауіпсіздік ережелерді еске салу. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма? ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті? | |||||||
Жалпы бағалау: Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)? Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? |
Қалыптастырушы бағалау
Дене шынықтыру: 5 сынып
Күні:
Бөлім: №8 Жеңіл атлетика дағдыларын дамыту және шолу.
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.
Белгілеу | Оқу мақсаты | Бағалауға арналған нұсқаулық |
Оқушылардың барлығы топтық жұмыста белсенділік көрсете алады. Оқушылардың көбісі көшбасшылық қасиетін көрсете алады. Оқушылардың кейбіреуі таңдалған ойынның ережесін құрастырып, түсіндіре алады. | 5.3.1.1. Денсаулық маңыздылығын білу және түсіну. | Әр топқа ноутбук беріледі. Мұғалім оқушыларға жылдамдыққа, секіруге, икемділікке, күшке арналған қозғалмалы ойындарды ғаламтордан тауып алындар деп тапсырма береді. Әр топ өзіне берілген тапсырманы ғаламтордан іздеп, тауып басқа топтармен бөліседі. Сынып қандай ойынды ойнау керек екендігін таңдайды. Мұғалім мүмкіндіктерге байланысты оқушыларға ойынның күрделі болуын қарастырады. Барлық ойындар конустар арқылы ойнатылуы керек. Егер ойынға басқа құрал-жабдықтар керек болса, онда қосымша нұсқалар қарастырады. |
Дағдылар | Бағалау критерийлері | |
Түсіну. Қолдану. | Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, онда оқу мақсатына жетеді: | |
Қауіпсіздік ережелерді сақтауы. Командамен бірге жұмыс жасай алуы. Ойынның ержесін сақтауы. Сабақ үрдісіне белсенді қатысуы. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?