Қызықты ойындарды құруға арналған шығармашылық қабілет. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Сабақ жоспары № 2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Бірлескен іс-әрекетті қажет ететін қызықты ойындар Мектеп: Алматы каласы фмб НЗМ Күні: Сынып: 5 Мұғалімнің аты-жөні: Дангылбаев Д. М. | |||||||
Сабақ тақырыбы: Қызықты ойындарды құруға арналған шығармашылық қабілет | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.2.5.5. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін білу және түсіну, сондай-ақ оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну | ||||||
Сабақ мақсаттары |
2. Нақты дене жаттығуларын орындаудың сапасын көтеру үшін ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсіну және қолдану.
| ||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Жаттығуды орындағаннан кейін Сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында оқушылардың бір- біріне деген сенімділігін арттыру және әділ ойын ойнауға бейімдеу. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, математика пәнімен байланыстыру. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қимыл-қозғалыс ойындарды интернет арқылы көрсету. | ||||||
Бастапқы білім | Қимыл-қозғалыс ойын жаттығулардың секіру, жүгіру, лақтыру т.б жаттығуларды қайталау. | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы
| Оқушылармен сәлемдесу,бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, активити «Санамақ» ойынын ойнату.
| Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық, секундометр | |||||
Сабақтың ортасы Негізгі бөлім
| Бірлескен іс қимыл тәжірибесін жүзеге асыру Тек қолмен емес» Ойын алаңы еден деңгейіне бекітілген волейбол торыме екі бөлікке бөлінген. Әр командада алты адамнан ойнайды. Ойыншылар еденге отырған күйі төмендегі ережелер бойынша ойнайды: үш рет бір жағымен, үш рет екінші жағымен допқа жанасады. Бұл ойында допқа баспен, иықпен, аяқпен жанасуға болады, тек қол тимеу керек. Доп торға арқасымен 1 метр қашықтықта қарап отырған ойыншыға аяқпен беріледі. Ойын жеңіл үрмелі доппен волейбол ережесі бойынша өтеді. Торға аяқпен немесе доппен ауыр салмақ түсіруге болмайды. Ойын «бес» ұпайлық есепке дейін жалғасады. «Капитанға бағытталған доп» Дайындық кезеңі. Ойыншылар тең екі командаға бөлінеді; әрбір команда капитанды және аулаушыны таңдайды. Орталық шеңберге капитандар орналасады. Ойынның мазмұны. Топ басшылары ысқырық белгісі берілген кезде допты жерге тастайды. Допты игерген команданың әрбір ойыншысы оны ұшқан күйінде қағып алатындай етіп өз аулаушысына лақтырып беруге ұмтылады. Осы кезде ұшып бара жатқан допты басқа команданың аулаушысы қағып алса, сол үшін ұпай иеленеді. Жеңімпаз ең көп ұпай алған команда болып табылады. Ойын ережесі. 1. Доппен жүгіруге рұқсат етілмейді, ойыншы екі қадам жасауға болады, үшіншісінде допты басқа ойыншыға беру керек. 2. Егер аулаушы допты ауада немесе қарсыластың серпілісі кезінде қағып алса, доп ұсталынған болып есептеледі. 3. Бір уақытта екі ойыншы допты қағып алса, онда дауды шешуші доп беріледі. .
| Кең, таза кеңістіктер әрбір әрекет үшін. Ысқырық, секундомер мұғалім үшін. Футбол, баскетбол, волейбол доптары, шар, қапшық, арқан.
Волейбол доптары, волейбол торлары, бос ойын кеңістігі, мұғалімге арналған ысқырық. Ойын 5-сыныптар үшін қозғалыс ойындарының ресурсына сілтеме: | |||||
Сабақтың соңы | Спорт жабдықтарын орнына қою, тыныс алу жаттығулары және хронометраж. Көңіл аудару жаттығулары, үй тапсырмасы. Рефлексия | Стикер, пламастер, ватман, қарандаш т.б | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Дарынды оқушыларға, қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың тапсырманы орындау деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
|
Топтық ойындардың сапасы талқылау. |
| |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы қойылған мақсатқа қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?