Т.Қ.Е.С. Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


CАБАҚ ЖОСПАРЫ №1

Ұзақ мерзімді жоспар: 4-тарау:

Қазақ ұлттық және ақыл-ой ойындары

апта

тоқсан

Күні:

Мектеп: Физика-математика бағыттағы Назарбаев

Зияткерлік мектебі Тараз қаласы

Сыныбы: 5

Сабақ:

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Мұғалімнің аты-жөні:

Агадилов Т.Д.

Сабақтың тақырыбы:

Т.Қ.Е.С. Қазақ ұлттық ойындары

Оқу мақсаттары:

5.2.7.7 Жарыс кезінде адал ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету және түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар өзін-өзі көрсетуді, ішкі бақылауды, үйлесім мен батыл, ашық, білімқұмар және көреген болу қабілеттерін дамыта алады.

Ойындар балаларға осы қасиеттерді алуға көмектеседі.

Оқушылар жүру амалдарын біледі , алдын ала дене,саусақ,көз жаттығуларын жасай алады.

Бағалау өлшемдері:

Ойын ережелерін біледі және түсінеді

Ойын барысында ұлттық ойындар ережелерін көрсетеді және түсіндіреді

Құндылықтар дарыту:

Шығармашылық қарым-қатынас дағдыларын дамыту, адал болу; Бір-бірін құрметтеу.

Пән аралық байланыс:

Математика,информатика

Акт қолдану:

https://www.youtube.com/watch?v=Ery51mKqHtE сілтмее арқылы тоғызқұмалақ ойыны бойынша мағлұмат ұсыну

Тілдік оқу мақсаты:

Оқушылар:

топтық тапсырмалардың әр түрлі жағдайда негізгі қозғалыс дағдыларын талқылай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • ұлттық ойындар, асық, еңкею тақтайлары, құрсау, пластмасса доптар, қоржын ,тоғызқұмалақ, атсырау, тұздық, отау
  • жеті тас,қақпа доп(гольф),сақина салу,ақ сүйек , жеті тас,
  • орамал тастау,тұмақ ұру,шалма жіппен ойнау,қанталапай,
  • теңге алу,жаяу көкпар,шекем тас, ләңгі, шілік ойыны,
  • түйілген орамал, арқан тарту, күрес,ақсерек пен көксерек,

САБАҚ БАРЫСЫ.

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 -минут

Сабақтың ортасы:

30 -минут

Сабақтың соңы:

5 -минут

Т.Қ.Е.С Оқушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Орында (оңға,солға, кері) бұрылу. Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін қолды жоғары көтеріп аяқ ұшымен, қолды белге қойып өкшемен жүру, алаң шетімен жүгіру және әнмен дене қыздыру жаттығуларын жасау.

Сергіту сәті: Тұрғын, үй, жер сілкінісі. Оқушылар екі-екіден қол ұстасып тұрады. Үшіншісі оқушы екі кісінің ортасында тұрады:

1.Жүргізуші «тұрғын» дегенде, ортадағы кісілер орнын ауыстырады.

2. «Үй» дегенде, қол ұстасқан кісілер ауысады.

3.«Жер сілкінісі» дегенде, барлығы ауысады. (мадақтау арқылы бағалау)

«Тоғызқұмалақ»-Қазақтың ұлттық ойыны. «Тоғызқұмалақ» Оқушылар ойынды жұптарда ойнайды.Ойын ақтасы,2қазан,18отау,162құмалақтан тұрады. Қазақ ұлттық ойындары халық даналығының бір бөлігі, кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ойын дамыту міндетін іске асыруға жәрдемдесетін эмоционалдық-сауықтыру, танымдық және тәрбиелік кешендердің негізі салынған, ұлттық және ойын фольклорының үлгісі ретінде келеді. Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:

Қостаушы қазаны

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

Бастаушы қазаны

Тапсырма№1 – Жүру ерекшеліктері:

 Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.

  • Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолға алып, біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп, тақ қылса құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Сол кезде тақтада төмендегідей жағдайқалыптасады.

9

9

9

10

10

10

10

10

9

9

9

9

9

9

1

10

10

10

2. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

3. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

Сұраңыз:Қай кезде құмалақ ұтып алынбайды?

Тапсырма №2-Тұздық алу ережесі: Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде, мәселен, Х төмендегі диаграммаға қарайық.

-

10

10

1

11

11

11

11

11

10

10

10

10

10

10

2

11

1

12

 Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.

3

1

11

1

1

11

11

11

11

11

11

11

11

11

11

11

X

11

1

12

 Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.

2. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.

3.Тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.

Сұраңыз: Тұздық қай отаудан алынбайды?

Тапсырма №3 – «Атсырау» ережесі Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді.

1. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.

2. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:

78

1

1

1

X

1

X

4

76

 Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады. Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақпен жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

78

1

1

1

X

1

1

3

76

 Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді. Есеп: 76-86.Қостаушы ұтты.

(Бақылау парағы арқылы бағалау)

Сұраңыз: «Тоғызқұмалақ» ойынының соңында сыныпта көбірек тиімді болған ойын өнері мен қандай әдістерді қолдандыңыз,шолу жасаңыз.

Оқушылармен кері байланыс:

-нені білдім, нені үйрендім.

-нені толық түсінбедім.

Үй тапсырмасы-дене қаблеттерін дамыту жаттығуларына байланысты орнында секіру жаттығуын жасау.

Жаттығуды орындауға қажетті жабдықтар

«Тоғызқұмалақ» ойынына арналған тақталар. Ойын ережелері бойынша интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=Ery51mKqHtE

Тотенаев Б.Т. Қазақ ұлттық ойындары. - Алма-Ата: Қазақстан, 1976. - 144 б.

Сағындықов Е.А. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы

«Тоғызқұмалақ» ойынының ережелері мен тактикасы бойынша сілтеме:

http://www.iggamecenter.com/info/ru/toguzkumalak.html

Жаттығуларды талдау

( Бірін-бірі бағалау)

Екі жұлдыз бір тілек.

Ашық сандық «Кері байланыс»

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз

бір оқушыдан күтілетін нәтиже,дербес қолдау көрсету,уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып,сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады.(бақылау парағы, бас бармақ, мадақтау,бағдар шам,бірін-бірі бағалау)

Денсаулық және Т.Қ.Е.С. «Жаяу көкпар»- ұлттық ойын әдістері,сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлерін жақсарту.

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді?

2.0қушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3 Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшілігне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойлған.

Жалпы оқушыларды бағалау:

Бірін-бірі бағалау,комплимент айту,

-екі жұлдыз бір тілек.

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға,үйренуге қатысты.)

1; Спорттық іс-шаралар ұйымдастыру әдістерін жетілдіреді

2;Өзін-өзі шыдамдылыққа,шымырлыққа,ептілікке баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту және үйрену)

Қабілеті жоғары оқушылар ойын ережесіне сай жарыс өткізіп, меңгере алмай жатқан оқушыларды үйрету,түсіндіру жұмыстарға жұмылдыру.

қосымша №1 (мадақтау арқылы бағалау), ( Бірін-бірі бағалау)

1.Жүргізуші «тұрғын» дегенде, ортадағы кісілер орнын ауыстырады.

2. «Үй» дегенде, қол ұстасқан кісілер ауысады.

3.«Жер сілкінісі» дегенде, барлығы ауысады.

Бағалау түрлері

1.Бақылау парағы, 2. Бірін-бірі бағалау, 3.Мадақтау арқылы,

4.Бас бармақты арқылы, 5.Сұрақ-жауап арқылы,6.Бағдаршам арқылы, 7. Екі жұлдыз бір тілек.

Бақылау парағы:

Аты жөні:

Ойынға

қатысты:

Диалогқа қатысты, ой пікірін ортаға салды

Жетті

талпынды

1.

2.

3.

Жетті талпынды деп 8-12 сыныптар бағаланады 5 сыныптар 7 сыныптар сияқты дискриптор құрып бағаланады

Бағалау критериі

Дискриптор

1

Ұлттық ойындардағы қауіпсіздік ережесін біледі,түсінеді

Ұлттық ойындардағы жарақат алу және оны болдырмау жолдарын түсіндіреді

2

Ұлттық ойын – тоғызқұмалақ ойынының ережесін біледі

Тоғызқұмалақ ойынының ережесін айтып бере алады

3

Ойын кезінде ережені қолданады

Ойын ережесін көрсете алады

Сабақта қолдануға арналған қазақтың ұлттық ойын түрлері:

Бұқа тартыс Тұмақ ұру Жамбы ату

Екі жағы түйілген жіп. Алақанға оралған жіп. Астауша. Шаңырақ

Көпір. Шарбақ. Барлығы шалма ойыны деп аталады Арқан тарту

Шекем тас Қақпа доп ойыны осыдан (Гольф)ойыны шыққан. Жеті тас ойыны.

Үлкен тоғызқұмалақ Сақина салу Асық ойыны Қораз (топ басшысы)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу