Снарядтарда гимнастикалық жаттығудың техникасын үйрету. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары.


 Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары

 

3-бөлім

Гимнастика арқылы денсаулықты нығайту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Снарядтарда гимнастикалық жаттығудың техникасын үйрету

Оқу мақсаттары

5.1.4.1 ¬ қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын білу және анықтау

Сабақ мақсаты

Гимнастикалық арқанға өрмелеу техниканы оқыту

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

-Тік арқанға көтерілудің әдісін орындайды.

-Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология мыналардан тұрады:

  • Арқанға өрмелеу;
  • Гимнастикаға арналған спорттық құралдар;
  • Арқанға екі тәсілмен көтерілу;
  • Апқанға үш әдіспен көтерілу;
  • Аяқтың көмегінсіз арқанға көтерілу;
  • Қауіпсіздік ережелер;
  • Физикалық белсенділік.

Құндылықтарға баулу

Денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Оқушылар алдыңғы сыныптарда гимнастикалық снарядтардағы жаттығуларды орындаған.

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

-Оқушылардың зейін шоғырландыру;

-Презентация арқылы оқушыларға гимнастика туралы жалпы мағлұмат бере отырып, сабақ тақырыбын, оқу мақсатын анықтау, қауіпсіздік ережелерге,

бағалау критерийлерге тоқталу;

- Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларды орындау;

- Музыка әуенімен гимнастикалық таяқтармен жалпы дене жаттығуларын өткізу.

АКТ құраллдары.

Қауіпсіздік ережелерге сілтеме:

https://elenasport69.jimdofree.com/

 

Сабақтың ортасы

 

 11 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 6 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 8 мин.

 

 

 

 

Тапсырма № 1 (Т, ҚБ) Екі сатыда арқанға өрмелеудің бірінші әдісі.

  • Өрмелеу техникасын толық көрсету.
  • Түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерге тоқталу.
  • Арнайы жаттығуларды орындау.

Қауіпсіздік ережелер:

  • Жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде арқанның жарамдығы тексеріледі.
  • Дайындық кезінде бұлшықеттің негізгі топтарын жылыту қажет, бұл жаттығу кезінде жарақаттануды болдырмау үшін қажет.
  • Әрдайым арқанның астында гимнастикалық төсеніштер болу керек.
  • Арқан бойымен төмен түскенде екі аяқпен демеп, екі қолмен кезек ұстап асықпай түсу керек.

Оқушылар екі топқа бөлініп екі сатыда арқанға өрмелеудің бірінші әдісін толық орындайды:

  • Бастапқы қалып: бір қол толықтай созылып, арқанды бас деңгейінен жоғары ұстап, екінші қол иек деңгейінде ұсталады. Арқанды бір аяқтың саусағымен, екінші аяқтың өкшесімен ұстау.
  • Аяқтармен итеріп, жоғарыда тұрған қолмен тартылу.
  • Басқа қолмен арқанды жоғары ұстап алу, сонымен бірге аяқты тартып, бастапқы позицияны алу.

Дескрипторлар:

-қауіпсіздік ережелерді сақтайды;

- арқанды бір аяқтың саусағымен, екінші аяқтың өкшесімен дұрыс ұстайды;

-аяғы мен итеріледі, жоғарыда тұрған қолмен тартылады;

- аяқты тартып, бастапқы позицияны дұрыс алады.

ҚБ: өзін-өзі бағалау, байқау

Тапсырма №2 (Т, ҚБ) Екі сатыда арқанға өрмелеудің екінші әдісі.

Оқушылар екі топқа бөлініп екі сатыда арқанға өрмелеудің екінші әдісін толық орындайды:

1 Бастапқы қалып: қолдар бас деңгейінен сәл жоғары деңгейде орналасады, біреуі екіншісінің астында орналасады. Арқанды аяқтың ұшымен және өкшемен ұстау.

2. Аяқпен итерілу, арқанды аяқпен сәл жоғары ұстап, тартылу, арқанда қолды ауыстырып, түзу қолдарға ілініп тұру.

Дескрипторлар:

-қауіпсіздік ережелерді сақтайды;

-бастапқы қалыпты дұрыс ұстайды;

-аяқпен итеріліп, тартылады;

ҚБ: өзін-өзі бағалау, байқау

Тапсырма № 3 (ЖЖ, ҚБ) Үш сатыда арқанға өрмелеу.

Оқушылар жұпқа бөлінеді, үш сатыда арқанға өрмелеу техникасын орындайды, өзінің және жұптасының біліктілік сапасын анықтайды.

1.Бастапқы қалып: арқанды қолымен және аяқтарымен

мықтап ұстау (біреуінің саусақтары мен екінші аяғының өкшесі)

2.Арқаннан аяқпен итеріліп, оларды бүгіп және арқанды дәл осылай сәл жоғары ұстау

3. Арқанды аяқтармен жібермей, кезекпен қолдарды

жоғары қойып, қимылдарды қайталау.

Дескрипторлар:

- қауіпсіздік ережелерді сақтайды;

- бастапқы қалыпты дұрыс ұстайды;

- арқаннан аяқпен дұрыс итеріледі;

- қолдарың кезекпен жоғары қояды;

- өзінің және жұптасының біліктілік сапасын анықтайды.

ҚБ: бірін-бірі бағалау, байқау

Кең бос алаң, таңдап алынған қызмет түріне арналған қажетті гимнастикалық жабдықтар мен инвентарь. АКТ құраллдары.

Сілтеме: Арқанға өрмелеу техникасы

https://www.youtube.com/watch?v=mzh__DLCR4M

Сабақтың соңы

5 мин.

Тыныс алу жаттығулары, назар аудару ойындарды ұйымдастыру.

Сабақты қорытындылау, нәтижелерге тоқталу, оқушылардың білімдерін анықтау мақсатында сұрақтар қою.

1.Гимнастиканың қандай түрлері бар?

2. Арқанға көтерілу кезінде қауіпсіздік ережелерінің қандай тармақтарын сақтау керек?

3.Арқанға көтерілудің қандай әдістері бар?

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- нені үйренді;

- не нәрсе түсініксіз болып қалды;

- немен қайта жұмыс жасау керек.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

- тапсырма арқылы;

-диалог арқылы;

-қолдау денгей арқылы;

-жеке дайындықтарын ескере отырып.

Материалды меңгеруді бағалау қалыптастырушы бағалау арқылы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Бірін –бірі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Белсенді іс-әрекет түрлері арқылы.

Қауіпсіздік ережелерінің тармақтарын сақтау арқылы.

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу