Ойын кезінде көшбасшылық дағдыларды тәрбиелеу. Дене шынықтыру, 5 сынып, Ойын кезінде көшбасшылық дағдыларды тәрбиелеу. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 11 сабақ.
№11 сабақтың қысқа мерзімді жоспары
2-бөлім: Түрлендірілген командалық ойындар | Мектеп: Орал қ.ФМБ НЗМ | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Адиев Д.Т. | |||||
Сыныбы: 5 сыныптар | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспағаны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Ойын кезінде көшбасшылық дағдыларды тәрбиелеу. | |||||
Оқыту мақсаттары | 5.2.2.2.Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын түсіне білу. | |||||
Оқу бағдарламасына сілтеме жасау | 2.2.Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамыту және қолдану. | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Жетістік критерийлері | 1. "Көшбасшылық" сөзінің мағынасын біледі. 2. Қозғалмалы ойындарда көшбасшылық дағдыларды көрсетеді. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар келесі ұғымдарды біледі және қолдана алады:
| |||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл сабақта еңбекке баулу пәнімен өзара пәнаралық байланыс орнатуға болады: флипчартқа смайлик суретін салу. | |||||
АКТ пайдалану дағдылары | Интербелсенді тақтада презентация көрсету. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар бұл сабақта арқан тарту дағдыларын қолдана алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезендері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар: | ||||
Сабақтың басы 10 мин. | Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту. Жай жүру, жай жүгіру, арнайы жүгіруге арналған жаттығулар. Түрлі заттармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы, ысқырық. | ||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | Көшбасшылық қасиеттің не екенін түсіндіру. Тартыс-айқас ойыны туралы презентация көрсету. Ойын кезіндегі Қ.Е. түсіндіру. (Ф,Тәж,Б)Тартыс-айқас ойыны. Міндеттері: Жерге арасы 4-5 метр болаты екі бірдей сызық сызылады. Оқушылар екі командаға бөлінеді, мүмкіндігінше күштілігі бірдей болуы керек. Яғни екі командада ұлдар мен қыздар саны бірдей. Командалар сызыққа тұрады. Қай команда бірінші бастайтынын анықтау үшін жреби тартуға болады. Команда бірінші болып бастайты ойыншыны таңдайды және ол ойыншы «Мен тартамын» деп ортаға шығады. Қарсы командадағы барлық ойыншы бір қолдарын алға созады бірақ сызықтан шықпайды. Ортаға шыққан ойыншы қарсы командадағы бір ойыншыны таңдап өзіне тартады. Ортаға шыққан ойыншы қарсы тұрған ойыншыны тартып алса өзінің командасының қатарына тұтқыншы ретінде қояды, ал егер ортадағы ойыншыны сызықта тұрған ойыншы тартып алса ол ойыншы өзінің командасының қатарына қояды. Командалар кезекпен кезек тартады. Әр команда кімнің ортаға шығып тартатынын өздері анықтайды. Бағалау дескрипторлары: - Оқушылар дұрыс қалыпты ұстанады және қолдарын дұрыс ұстайды.
Қалыптастырушы бағалау: А3 форматынғы қағазға 3 смайлик суретін салу және қысқаша анықтамасын жазу.
| Үлкен бос кеңістік. Құрал-жабдықтар: Ойынға арналған ұзын жіп немесе бор, ысқырық. А3 форматындағы қағаз, маркерлер мен фломастерлер | ||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақ қорытындылау: сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары талқыланады, әрқайсысы сабақтың мақсаттарына жетудегі өз үлестерін, өзінің белсенділігін, сынып жұмысының тиімділігін, таңдалған жұмыс формаларының қызықтылығын және пайдалылығын бағалайды. «Үлкен және кіші жұлдыз» рефлексиясы. Оқушылар плакатта сабақтың екі сәтін жазады. Үлкен жұлдызға сәтті шыққандарын, ұнаған сәттерді, ал кіші жұлдызға әлі де жұмыстануды талап ететін сәттерді жазады. Киім ауыстыру орнына кету. | Плакат, маркерлер мен фломастерлер, стикерлер | ||||
Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады. Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін: арқан тартыс. Қабілетті оқушыларға: көп оқушыны өз қатарына тартып шығару | Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз? Сабақ кезінде қалыптастырушы бағалау өзін-өзі бағалау ретінде жүреді. А3 форматынғы қағазға 3 смайлик суретін салу және қысқаша анықтамасын жазу. 1.кімде барлығы орындалды 2.кімде кейбір сәттер орындалған жоқ 3.кімде ештеңе орындалған жоқ Оқушылар осы смайликтердің тұсына қысқаша өз пікірлерін жазады. | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау | ||||
Жалпы бағалау Сабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйренуге қатысты)? 1: 2: Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?