Ойын кезінде көшбасшылық дағдыларды тәрбиелеу. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.
№12 сабақтың қысқа мерзімді жоспары
2-бөлім: Түрлендірілген командалық ойындар | Мектеп: Орал қ.ФМБ НЗМ | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Адиев Д.Т. | ||||||
Сыныбы: 5 сыныптар | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспағаны: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Ойын кезінде көшбасшылық дағдыларды тәрбиелеу. | ||||||
Оқыту мақсаттары | 5.2.2.2.Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын түсіне білу. | ||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме жасау | 2.2.Командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамыту және қолдану | ||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар келесі ұғымдарды біледі және қолдана алады:
| ||||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл сабақта өзін-өзі тану пәнімен өзара пәнаралық байланыс орнатуға болады. | ||||||
АКТ пайдалану дағдылары | Интербелсенді тақтада презентация көрсету | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар баскетбол ойыны туралы біледі және допты екі қолмен алып жүре алады | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезендері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар: | |||||
Сабақтың басы 10 мин. | Тақырыпты, сабақ барысын, бағалау критерийлерін, сабақ мақсаттарын жария ету және түсіндіру, сабақ соңындағы рефлексия туралы ескерту. Жүгіру жаттығулары. Бір орындағы жалпы дамыту жаттығулары. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы. | |||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | Көшбасшылық қасиеттің не екенін түсіндіру. Ойын туралы презентация көрсету. Ойын кезіндегі Қ.Е. түсіндіру. (Ф,Тәж,Б) Ойыншылар оң қолымен допты алып жүреді. Жүргізуші де оң қолымен допты алып жүреді, ал екінші қолымен басқа ойыншыға допты тигізуі керек. Доп тиген ойыншы қолын көтеріп «Мен жүргізушімін» деп айтады да ойынды әрі қарай жалғастырады. Бағалау дескрипторлары:
Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам Қабілетті және белсенді оқушыларға жасыл түстіжұлдызшалар беру. Аз белсенді оқушыларға сары түсті және қолдауға мұқтаж оқушыларға қызыл түсті жұлдызшалар беру. | Үлкен бос кеңістік. Баскетбол доптары, фишкалар мен конустар, ысқырық | |||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау: сабақ соңында нәтижелер қорытындыланып, не білгені, қалай жұмыс жасағандары талқыланады. Сабақ рефлексиясы "тегтер" бұлты түрінде жүргізіледі, оларды толықтыру қажет. Мысалы, келесі сөйлемдердің нұсқалары жазылған қағаз жолақтарын үлестіру.
Әр оқушы 1-2 сөйлемнен таңдап, оларды толықтырады. Киім ауыстыру орнына кету. | Маркерлер мен фломастерлер
| |||||
Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Дене шынықтыру сабақтарында саралық тәсілдемеге оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай олардың дене саулығының, дене дайындығының оңтайлы деңгейіне, сондай-ақ тиісті білім, біліктер және дағдылар көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерекше тәсілдеме жатады. Дене дайындығының деңгейі төмен оқушыларды қолдау үшін: оң қолмен допты алып жүруді қайталау Қабілетті оқушыларға: допты екі қолмен алып жүру | Бағалау -Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарладыңыз? Сабақтарда бағалауды мұғалім келесілер арқылы сабақ барысында жүзеге асырады: Бағдаршам Қабілетті және белсенді оқушыларға жасыл түстіжұлдызшалар беру. Аз белсенді оқушыларға сары түсті және қолдауға мұқтаж оқушыларға қызыл түсті жұлдызшалар беру. | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; | |||||
Жалпы бағалау Сабақтың жақсы екі аспектісін көрсетіңіз (оқытуға, үйренуге қатысты)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйренуге қатысты)? 1: 2: Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері /қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?