Ойынның техникалық тәсілдерін үйрету. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Сабақ жоспары №5
2-бөлім Өзгертілген командалық ойын | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Акмуханов А.У.
| |||||||||||
Сыныбы: 5-сынып | Қатысқан оқушы саны : | Қатыспағаны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Ойынның техникалық тәсілдерін үйрету | |||||||||||
Меңгеру мақсаттары: | 5.1.3.3 Қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау | |||||||||||
Сабақ мақсаты: |
| |||||||||||
Жетістік критерийлері: |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар: |
| |||||||||||
Құндылықтарды дарыту:
| Жеке жауапкершілік, оң болу. Көшбасшылықты дамыту және өзара көмек. | |||||||||||
Пән аралық байланыс: | Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. | |||||||||||
Акт қолдану: | Бейнетаспа көрсету үшін интерактивті тақта қолдану | |||||||||||
Бастапқы білім: | Оқушылар баскетбол жөнінде өткен сыныпта, үйде, сыныптан тыс орында алған білімдерін қолданады. | |||||||||||
САБАҚ БАРЫСЫ | ||||||||||||
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | құрал жабдықтар (ресурстар) | ||||||||||
Сабақтың басы: 5-10 мин | Сапқа тұру,сәлемдесу,жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру; Жәй жүгіріс. ЖДЖ. | Әр бір белсенді қозғалыс үшін үлкен бос кеңістік. | ||||||||||
Сабақтың ортасы:
25мин. | Ойынның техникалық тәсілдерін үйрету «Допты тартып алу» таныстырылымын көрсету Мұғалім оқушыларға баскетбол ойынындағы «допты жұлып алу», «допты қарсыласының қолынан қағып жіберу», «допты алып жүру кезінде қағып жіберу» және «допты тартып алу»-ды түсіндіріп көрсетеді. (Б, Т, Тәж, ф) “Доп үшін күрес”. Тапсырма: Үйренген әдісті оқытуда қолдану. Оқушылар екі топқа бөлінеді.Араларынан топ басшысы тағайындалады.Мұғалім алаң ортасынан допты лақтырады,ал топ басшылары допты өз тобына қағып жіберуге тырысады. Топ ойыншылары қағып алған допты бір-біріне жалғайды, ал қарсылас топ ойыншылары допты қағып алуға тырысады. 5 доп жалғаған топ өз қоржынына ұпай алып келеді. Көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы: -Жоғарыда берілген, доп үшін күрес техникасын ойында қолдану -Ережені бұзбау (Б, Т) Жеңілдетілген ереже бойынша баскетбол ойыны. -Допты жерге соқпай алып жүру ойыны,доппен екі адым жасауға рұқсат беріледі. ҚБ: Оқушыларға «допты жұлып алу», «допты қарсыласының қолынан қағып жіберу», «допты алып жүру кезінде қағып жіберу» және «допты тартып алу» атты тірек сөздер беріледі және жауап нұсқасымен.Оқушылар дұрыс нұсқа жауаптарын тауып бір-біріне түсіндіріп көрсетеді. | Үлкен ойын кеңістігі,жарыс өткізуге қажетті құрал жабдықтар. | ||||||||||
Сабақтың соңы: 5 мин | Сабақты қорытындылау. Техникалық іс-қимылды дұрыс орындаған оқушыларды бағалау. Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім. - нені толық түсінбедім. - игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Үй тапсырмалары беріледі; Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады) | Үлкен бос кеңістік. | ||||||||||
Саралау: | Бағалау: | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: | ||||||||||
Физикалық дене қабілеті жоғары топ оқушыларына қиындатылған ойын түрін ұсыну. | Сабақ барысын бағалау, мұғалімнің мынадай бақылауынан тұрады: 1 оқушыларды бақылаумен 2 оқушыларға ауызша сұрақ қою 3 оқушымен жекелей әңгіме жүргізу - белсенді оқушыларға - жетістік критерий -теориялық біліміне | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау | ||||||||||
Жалпы оқушыларды бағалау: Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.) 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?