Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа секіру техникасын үйрету. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары 2
Ұзақ мерзімді жоспардың 1-бөлім: 5.1 Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын қалыптастыру. | Мектеп: Шымкент қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалім аты жөні: Байтуов Т.Т. | ||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 5 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жүгіріп келіп және бір орында ұзындыққа секіру техникасын үйрету. | ||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары | Кебір жаттығуларда қозғалыс комбинацияларын орындау және олардың реттілігін білу және түсіну | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тілдік мақсаты | |||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | 4-сынып Жеңіл атлетика. | ||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Дерек көздер | ||||||||||||||||||||||||
0 – 8 минут 9-15 минут | Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Миға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар беріледі:
Постермен жұмыс. Оқушыларға үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың олимпиада ойындарында көрсеткен өнерінен үзінді беріледі. Белгіленген уақытта постерге Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын сатылап жазып шығады. Жалпы дене жаттығулары: Жүру бағытында орындалатын жаттығулар: 1.Екі қолды жоғары,аяқтың ұшымен жүру. 2.Екі қол белде,өкшемен жүру. 3.Қол желкеде,жартылай отырып жүру. 4.Қол тізеде,толық отырып жүру. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар: 1.Тізені жоғары көтеріп жүгіру. 2. Өкшені жамбасқа лақтырып жүгіру. 3.Аяқтың басын алға сілти жүгіру. 5.Сол қапталмен қолды артқа айналдыра жүгіру.. 6.Оң қапталмен қолды алға айналдыра жүгіру.
| Постер, маркерлер Бейнефильм: https://www.youtube.com/watch?v=hy_pDEt1Q1Y | |||||||||||||||||||||||
16-36 минут | Негізгі бөлім. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру әдістерін меңгеру үшін мына жаттығуларды жетік білуіміз керек: -бір орында ұзындыққа секіру, -үш қадам жасап секіру, -жылдам жүгіріп келіп секіру. Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің ең қарапайым түрі: қашықтықтан жоғары жылдамдықпен жүгіріп келіп,аяқты бүгіп секіру. Ұзындыққа секіру: 1)екпіндей жүгіру, 2)жерден серпілу, 3)қалықтау, 4)жерге түсуден тұрады. Секіруші неғұрлым шапшаң жүгірсе,соғұрлым алысқа секіреді. Ұзындыққа секіруді жақсы секіру үшін мына тәсілдерді үйрену қажет: -тез жүгіре білу жаттығуын қайталау, -серпілетін сызыққа аяқты дәл қоя білу жаттығуын қайталау, -жерге дұрыс түсе білу, Топтық жұмыс. Эстафета. «Кім алысқа секіреді?» Оқушыларға баскетбол және волейбол доптары бейнеленген суреттер беріледі, сурет бойынша 2 топқа бөлінеді. Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді. Мұғалім оқушыларды өзінің төмендегі бағалау парақшасына бағалайды. Секіру техникасын бағалау
| Ысқырық, секундомер | |||||||||||||||||||||||
Соңы 37- 40 | Ой-толғаныс. «Синкуейн» әдісі – «Секіру». ( Оқушылар «секіру» тақырыбына 5 жолды өлең құрастырады.) | ||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? дамытуды қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ сілтемелері Құндылықтар | |||||||||||||||||||||||
|
| Сабақ барысында қозғалыс кезінде кететін күш - қуат физика пәнімен, дұрыс тыныс алу және қалыпқа келу биология пәнімен байланысты. | |||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуді) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйретуді)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?