Денсаулықты нығайтуға арналған ойындар мен эстафеталар. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәні
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: Денсаулық және физикалық белсенділік. Ортақ тақырып: Болашаққа саяхат. | Мектеп: ФМБ НЗМ Талдықорған қ. | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Б.С. Ахметов | ||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы: | Денсаулықты нығайтуға арналған ойындар мен эстафеталар. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.2.1 Жүйелі жаттығулар жинағының дұрыс орындалуын көрсету. | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Ойындар мен эстафеталар арқылы денсаулықты нығайту жаттығуларын орындау, үйлесімділікті дамыту және физикалық жаттығулар жинағын кешенді, ретті орындалуын ұстану. | ||||||||||
Жетістік критерийі | - Ойындар мен эстафеталардың денсаулықты нығайту мағынасын анықтайды, ұстанады; - Әр-түрлі қозғалыстарды үйлесімді көрсетеді, дамытады; - Жүйелі жаттығулар жинағын кешенді көрсетеді, белсенді орындайды. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Физикалық жаттығулардың кең спектрі негізінде денсаулық күйінің прогресі туралы түсінікті сипаттау және көрсету:
| ||||||||||
Құдылықты ұластыру | Салауатты өмір салтына дағдылануды жоспарлы орындау, дене шынықтыру компоненті ретінде ұстану, білім мен түсінік қалыптастыруға бірегей мүмкіндік беру. | ||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және жаһандық азаматтықты жүзеге асыру | Оқушылар өзінің және өзгелердің физикалық қасиеті мен жетістіктеріне құрмет пен әділдік сезімін дамыту және әлеуметтік жауапты азамат болуға дағдыландыру. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дүние тану. | ||||||||||
Ақпараттық технологияны қолдану дағдылары | Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану; Сілтеме: «Дене шынықтыру сабақтарындағы қозғалмалы ойындар» | ||||||||||
Ұсынылатын алдын ала білімдер | Практикалық жаттығулар арқылы оқушылар өздерінің денсаулық туралы білімдерін кеңейтуі, әртүрлі физикалық жаттығуларды жасау барысында негізгі қозғалу дағдыларын түсініп, көрсетуі керек. | ||||||||||
Жоспарлардағы әрекеттер | Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді | ||||||||||
Сабақ барыс | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 15 минут | Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Арақашықтықты сақтау. Жаттығуларды біркелкі, үйлесімді, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен жиі-жиі, тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар кешені. Бір қалыпты қарқынжы ұстау. Жаттығулардың орындалу сапасына көңіл бөлу. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу, демді ретке келтіру. Кең шеңбер жасап тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Жаттығуларды барынша біркелкі реттілікті сақтап орындау, қандай да бір бұлшық еттің, буынның қозғалысына тиімді әсер ету. Жаттығуларды негізгі бөлім бойынша арнайы бағытта орындату. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді дайындау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату. | Үлкен, бос ойын кеңістігі. Мұғалімге ысқырық, секундомер. | |||||||||
Сабақтың ортасы | (К, Т, Ф) Сыныпты оқушылар секіру дағдыларын дамытуға алып келетін тапсырманы орындайтын шағын топтарға бөлу. 1.«Қадаммен» секіру, әр бес қадам сайын жылдам жүгіру арқылы (5-6 рет). 2. Бір орында тізені кеудеге тартып кедергіден өтіп секіру (5-6 рет). 3.Бір орыннан жоғарыға қарай (мысалы, гимнастикалық төсеніш) с «отыру» қалпында жерге қонып секіру (5-6 рет). 4.Ұқсас әрекет алты немесе сегіз жүгіру қадамымен (5-6 рет). 5.Жерге қону орнына жақын жерде тұрған кедергі арқылы алты немесе сегіз рет жүгіріп, секіру (5-6 рет). 6.Екі аяқпен итеріп ұзындыққа секіру. (5-6 рет). 7.Алты немесе сегіз жүгіру қадамымен ұзындыққа секіру. Оқушылармен топта секіру дағдыларын дамыту үшін тағы тапсырмалармен жұмыс істеу керектігін талқылаңыз. «Тегіс жүгіру» эстафетасы Эстафетаға даярлық: старт сызығынан 15 метр аралықта фишка қойылады. Команданың барлық ойыншылары старт сызығында бағанада біреуден тұрады және еденде отырған қалыпта болады: аяқ артынан тізеге қарай жиналған, қол арттан тірелген. Эстафетаның сипаттамасы: соттың сигналы бойынша 1-ші ойыншы еденннен тұрып, фишка айналасында жүгіреді, қайта келе жатып, эстафетаны келесі ойыншыға береді, оның кез келген дене бөлігіне тигізеді (эстафета таяғын команданың ойыншыларына беру). Содан кейін кезекпен барлығы: 2-ші, 3-ші т.б. Старттағы әр ойыншы старт сызығының арғы жағында тұрады. Жүгіріп кеткен ойыншылар еденге отырмайды, команданың артына бағанаға біреуден тұрып, эстафетаның біткенін күтеді. Аз уақыт ішінде эстафетаны бітірген команда жеңімпаз болады. «Бұлақтардан секіріп өт» Сынып екі командаға бөлінеді. Оқушылар бағанаға старт сызығында тұрады. Старттан 8 м аралықта екі параллель сызықпен ені екі метр «шартты бұлақ» сызылады, содан кейін әр бағананың алдында 8 м бұрылу бағаны тұрады, оның алдында гимнастикалық құрсау тұрады. Сигнал бойынша жүргізетін ойыншылар бұрылу бағанына жүгіріп келеді, жүгіріп келіп бұлақтан секіреді, гимнастикалық құрсауға дейін жүгіріп баралы, құрсауға тұрады және өзіне құрсауды іледі, бұрылу бағанасына қайтып келеді де, бағананы айналады, қайтып барып, бұлақтан өтіп, эстафетаны келесі ойыншыған береді. Бұлақтан өте алмаған үшін командаға 2 айыппұл ұпай берілдеі. | Жүгіру жолы немесе үлкен бос кеңістік. Ұзындыққа секіру шұңқыры, жалауша (ақ пен қызыл), гимнастикалық төсеніштер, кедергілер Фишкалар, конустар, бор. Үлкен бос кеңістік, ысқырық, бор, бұрылу бағаны немесе фишка. «6-12 жастағы қозғалу ойындарына арналған дамыту жаттығулары»: сілтемесі Гимнастикалық құрсау, 2-3 дана бұрылу бағанасы, ысқырық, конустар мен бор. | |||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Ойындар мен эстафеталардың орындалуын анықтайды, маңыздылығына назар аударады, әр-түрлі қозғалыс дағдыларына анықтамалар береді. Денсаулықты нығайтатын, дамытатын жаттығуларды анықтап, оңтайлы және ыңғайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру. | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | |||||||||
Денсаулықты нығайтатын жаттығулардың сапалы орындалуына мән беру. Жүйелі жаттығулар жинағын ретті орындау, мағынасын ашу. Физикалық жүктемелер барысында күшті дұрыс жұмсауды ұстану. Физикалық жаттығулардың жинағын анықтау, белсенді орындау. Денсаулық және физикалық қасиеттер бойынша жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар негізгі қозғалыс дағдыларын қайталап, сынып алдында өз бетінше көрсету. Тапсырмалардың деңгейлерін күрделендіру, орындалу нұсқаларын ұсыну. | Негізгі қозғалыс дағдыларын жақсарту, белсенділік таныту. Жүйелі жаттығулар жинағының бұлшық ет дамуына пайдасын түсіну, өзіне ыңғайлы тәсілдерін, ұтымды амалдарды пайдалану. Бірлескен жұмыста денсаулықты нығайтуға, дене қасиеттерін дамытуға ықпал ететін дағдыларды ұтымды пайдалану, тиімді қолдану. Физикалық жүктемелер барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Өзін-өзі, басқа орындаушылардың қозғалыс дағдыларының сапасын бағалау. | Негізгі дене жаттығуларын орындауда, тапсырмаларда тәуекелдер мен қиындықтарға, ағзадағы дене өзгерістеріне жете назар аудару. Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Демді ретке келтіру тәсілдері. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға: Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Жүгіру дағдыларын нығайтуға ықпал ететін тапсырмалардың шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Жекелей әр-түрлі деңгейлі тапсырмаларды құру, орындалуын қадағалау. Жұптың, топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау. 2: Жаттығулар барысындағы амал-тәсілдердің орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмаларды тиімді пайдалану. 2: Физикалық қасиеттерді дамытуға ықпал ететін факторлардың тиімділігі. Тапсырмалардың, жаттығулардың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив) Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың белсенділігі, ынтымағын және әділдігін ұстану, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Жүгіру дағдыларын, бұлшық еттердің дамуына, нығайтуға әсер ететін жүйелі жаттығулар жинағын орындауға байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?