Қауіпсіздік ережесі. Допты игеру дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Қарым-қатынас орнату үшін ойындар.

Ортақ тақырып: Ғарышқа саяхат.

IV-тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сынып: 4

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Допты игеру дағдыларын дамыту.

Оқу мақсаттары

4.3.4.1 денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану.

4.2.8.1 түрлі әрекеттерді орындау кезінде түрлі рөлдермен эксперимент жасайды және орындауға кірісу, олардың айырмашылықтарын бағалау.

Сабақ мақсаттары

Қарым-қатынас ойындарында қауіпсіздік ережесімен таныстыру, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау, еңсеру амалдарын қарастыру. Ойындардың шарттық ережелерін анықтап, рөлдерді ұстану және допты игеру әрекеттеріне қатысу.

Бағалау критерийлері

  • Қарым-қатынас ойындарындағы қозғалыс әрекеттерінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды, еңсереді және болдырмау жағдайларын салыстырады.
  • Доппен орындалатын әрекеттерде, ойындарда рөлдерді ұстанады және тәжірибелейді, қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқудың тілдік мақсаты. Білім алушылар:

Адал ойын, ереже.

Пәндік лексика және терминология. Мыналарды қамтиды:

  • Ұстау, допты қадағалау;
  • Шабуыл, қорғау.

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Допты иелену, өрнекті қимылдар және допты тоқтату

дағдыларын көрсете аласың ба?

  • Рөлдерді ұстану туралы дағдыны қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту

Денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді ұстану және орындау дағдыларын қалыптастыру бағыттарын қарастыру.

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;

Допты игеру дағдыларына бейне сілтеме:

https://1000videourokov.ru/sport/football/3066-peredachi-v-futbole

Бастапқы білім

Оқушылар жеке және кішігірім топтарда жұмыс істейді, кейбір ойындарда өздері қолданған тактика мен стратегияны қарастырады. Допқа иелік ету дағдыларын дамытады: қолмен допты ұстауды жаттықтырады, допты қоржынға беру, лақтыруды жетілдіреді.

Жоспарлардағы әрекеттер

С = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді.

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Оқушыларды қатарға тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақтың оқу мақсатын және сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Мұғалімді мұқият тыңдау.

Қатардағы жаттығулар . Оңға бұрылу. Солға бұрылу. Бір қатардан екі қатарға тұру. Екі қатардан бір қатарға тұру. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Оңға бұрылып оң иық алға жүру. Жүрісті сол аяқтан бастауларына көңіл аудару.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. 1.Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен. Алақан бір-біріне қарайды, шынтақ түзу. 2.Қол желкеде, өкшемен жүру. Кеуде түзу, шынтақтардың арасын ашу.3. Қол белде, табанның сыртымен, ішімен жүру. Тізе түзу, басты тік ұстау.4. Қол белде, жартылай отырып жүру. Кеуде түзу, басты тік ұстау.5. Қол тізеде, толық отырып жүру. Кеудені көтеріп, асықпай қозғалу. Аяқтарды сілкіп, босаңсытып қалыпқа келтіру.

Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. 1.Қол белде, оң бүйірмен тіркеме адыммен.2. Қол белде, сол бүйірмен тіркеме адыммен .3. Арқамен алдыға жүгіру. Сол иықтан алдыға қарау.Тұра жүгіру. 4.Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Қол алдыда. 5.Аяқты артқа бүгіп, сермей жүгіру. Қол артта. 6.Аяқты алдыға сермеп жүгіру. Қол белде. Тізені түзу ұстау. 7.Аяқты түзу артқа сермеу. Қол желкеде. 8. Оң бүйірмен қайшылап адымдау. 9.Сол бүйірмен қайшылып адымдау. Қолды еркін ұстау.10.Оң аяқпен секіру. 11.Сол аяқпен секіру. Тура және ирелеңдеп, бағыт өзгертіп жүгіру. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Қолды жоғары көтеріп тынысты ішке алып, төмен түсіріп тынысты сыртқа шығару.

Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. 1. Басты оңға, солға айналдыру. Көзді жұмбау. 2.Оң, сол қолды жоғары көтеріп артқа сермеу. Шынтақты түзу ұстау.3. Қолды біріктіріп, оңға солға жантаю. Шынтақты түзу ұстау. 4.Қол желкеде, кеудені оңға, солға бұру.5. Белді оңға, солға айналдыру.6. Оң, сол аяққа, ортаға еңкейю. Аяқтың арасы иық деңгейімен қою.7. Оң сол аяққа жанға ауысып отыру. 8.Алдыға , артқа, оң сол, аяққа ауысып отыру. Кеуде түзу, басты тік ұстау. 9.Оң сол аяқпен 10 рет, екі аяқпен 20 рет секіру.10. Оң, сол аяқты 10 рет, сермеу жаттығулары.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Допты игеру дағдыларын дамыту ойындарда доппен әр-түрлі техникалық амал тәсілдерді және техникалық әрекеттерді құруға арналған бұлшық еттерді қыздыру жаттығуларын қайталату. Арнайы жаттығуларды орындау кезінде бір біріне әрекеттерді түсіндіруді пайдалану. Допты игеру жаттығуларын пайдалану.

Үлкен, бос ойын кеңістігі. Нұсқама жүргізуді есепке алу журналы.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

25 минут

(Т,К,ҚБ) «Допты беру» эстафетасы. Оқушылар екі бағанда тұрады. Бірінші болып капитан допты алады. Сигналдан кейін оқушылар бір-біріне допты оң жақтан береді. Допты соңғы алған оқушы бағаннан жүгіріп өтіп, алдыға тұрады. Ойын допты соңғы болып алған ойыншы біріншіден соңғысына жетуінше жалғасады. Допты оң жақтан, сол жақтан, бастан, аяқ арасынан беруге болады. Допты жүргізе отырып, соңғы ойыншы әртүрлі амалдар арқылы бере алады. Допты бірінші болып беріп аяқтаға команда жеңімпаз болады.

(ЖЖ,Т,К,Тәж) «Допты аяқпен беру». Оқушылар 5-6 адамнан құралған екі топқа бөлінеді. Әр топ созылған қолдың немесе одан да ұзын қашықтықта шеңбер құра орналасады. Екі шеңбер пайда болады. Шеңбердегі ойыншылар нөмірлер бойынша саналады. Бірінші нөмірлі ойыншылар өз шеңберлерінің ортасына тұрып, алдарына доп қояды. Шеңберде тұрған ойыншылар өз орындарын сызықпен не дөңгелек түрінде белгілей алады. Ортақ белгі бойынша, ортадағы ойыншылар допты аяқтарымен екінші нөмірлі ойыншыларға береді, ал олар допты қабылдап, үшінші нөмірлерге тапсырады. Үшінші нөмірлі ойыншылар пас алғаннан кейін, допты келесі нөмірлерге береді, ойын осындай қалыпта жалғасады.

(Т,К,Тәж) «Барлығы ойнайды». Сынып екі топқа бөлінеді. Топтық және командалық тактикалық әрекеттер жетіледі және төзімділік дамиды.

Бірінші команда алаңда тұрады, екіншісі бірдей болып оның бүйір сызықтарына барады, бір команда оң жағынан, екіншісін сол жағынан тұрады. Футбол ойыны жеңілдетілген ереже бойынша ойналады. Бірінші команданың ойыншылары екінші команданың ойыншыларымен әрекеттесе алады, допты бере және кері ала алады. Қарсыласының қақпасына көп рет допты соққан команда жеңімпаз болады.

Үлкен бос кеңістік, мұғалімнің ысқырығы, баскетбол доптары.

Ысқырық, арқан, футбол доптары, бор.

Үлкен бос кеңістік, мұғалімнің ысқырығы, футбол доптары.

Сабақтың соңы:

5 минут

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылармен рефлексия жүргізіледі: Доппен қарым-қатынас ойындардағы қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды, салыстырады және денені қыздыру, қалыпқа келу жаттығуларына анықтамалар береді, маңыздылығына назар аударады. Білім алушылар таңдаған белгілі қозғалыс әрекеттерін анықтап, оңтайлы және ыңғайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру.

Үйге тапсырма

Допты игеру дағдыларын дамыту жаттығуларын орындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қарым-қатынас орнату ойындары бойынша жалпылау. Доппен түрлендірілген ойындарды жүйелей білуге негізделеді. Әр-түрлі қозғалыс әрекеттерінде рөлдермен тәжірибе жасау және мағынасын ашу. Әрекеттердің баламалы нұсқаларының әзірлеу, орындалуын анықтау, жүйелі көрсету.

Доппен орындалатын ойындарда бірлесіп қарым-қатынас орнату, ұстану.

Білім алушылардың өз бетінше реттілікті дамытуға ынталану. Қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеруде белсенділік таныту. Бірлескен іс әрекетте доппен ойындарда элементтердің орындалу маңыздылығына көңіл бөлу. Бірлескен қарым-қатынас ойындары барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар жүргізу.

Сабақ барысында ойында, бірлескен іс әрекетте, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтап, еңсеру, техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Тапсырмаларды, жаттығуларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Білім алушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, ойынның баламалы нұсқаларын әзірлеу, қателерді түзету арқылы әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізді.

Әр тапсырмаға, ойынға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген білім алушыларға үйлесімділігін, дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жүйелі жаттығулар жинағына, қозғалыс әрекеттерінің шартына, ойынның мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың, ойындардың және жаттығулардың айырмашылығы, нұсқаларының күрделілігі.

2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігі. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Қарым-қатынас орнату үшін ойындарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Доппен түрлендірілген ойындарға және қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеруге байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Допты игеру қимыл-қозғалыстарын бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу