Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәні
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:1-бөлім: Жүгіру, секіру және лақтыру. Ортақ тақырып:Менің Отаным – Қазақстан. | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы: | Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану. 4.3.1.1 Дене жаттығулары үшін денсаулық және салауатты өмір салтын маңыздылығын талдау және түсіну. | |||||||
Сабақ мақсаттары | Қысқа қашықтыққа жүгіру тапсырмаларынын анықтау, орындау. Жүгіруге байланысты ойындардың шартын анықтап, белсенді қатысу. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Тілді оқу сыныптағы оқушыларға түсінікпен, пәннің мазмұнымен жұмыс істеуге қажетті тілді қамтамасыз ету;
| |||||||
Құндылықтарды дарыту | Дене тәрбиесі бағдарламасында мәдениет пен көзқарас алуан түрлілігіне құрмет қалыптастыру келесілер арқылы насихатталады: Қазақстанның Олимпиада чемпиондары туралы білімі; | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дүние тану | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. Жеңіл атлетика бойынша сабақтардағы қауіпсіздік техникасын бойынша нұсқаулыққа сілтеме: http://bezopasnost-detej.ru/bezopasnost-shkolnikov/91-tekhnika-bezopasnosti-na-urokakh-fizkultury | |||||||
Бастапқы білім | Бұл тарауда оқушылар тапсырмалар арқылы өздерінің жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамытады. Оқушылар жүгіру, секіру және лақтыру техникасын, кейбір үйлестіру қабілеттерін дамытады және дене шынықтыру сабағы кезінде жарақат алудан сақтану шараларына назар аударады. | |||||||
Жоспарлардағы әрекеттер | Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 15 минут | (Б) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді. Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Жаттығуларды барынша біркелкі реттілікті сақтап орындау, қандай да бір бұлшық еттің, буынның қозғалысына тиімді әсер ету. Жаттығуларды негізгі бөлім бойынша арнайы бағытта орындату. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді дайындау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату. | Үлкен, бос ойын кеңістігі. Мұғалімге ысқырық, секундомер. | ||||||
Сабақтың ортасы 20 мин | (Б, К, Ф) Таңдап алынған қызмет түріне арналған қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық. (С, ЖЖ) Жеңіл атлетика бойынша сабақтаржабдықталғанспорт алаңдарында және спорт залда жүргізіледі. (Б, Ж, Т) Оқушылар қысқа қашықтыққа жүгіру бойынша жаттығулар орындайды: Оқушылар мәрелі белгілерімен, 10-20 м қашықтыққа жүгіруде екі немесе төрт адаммен кіші топтармен жұмыс істейді. (Б,Тәж, Ф) «Жылдам өз орындарыңа» Оқушының бірінші сигналы бойынша команда ойыншылары әр жаққа қашады, екінші сигналда көрсетіген жерге сапқа тұруы тиіс. Сапқа тұру нұсқалары: а) ортақ сапқа немесе жеке сапқа; б) ортақ шеңберде немесе жеке шеңберде; в) шаршы түрінде жеке бағандарда. Өз орнына жылдам жеткен команда жеңіске жетеді. Алдын ала ойыншыларды сигналдармен, бастапқы орналасымен, сапқа тұру түрімен және орналасатын жерімен таныстыру керек. (Б, Тәж, ҚБ) Оқушылар шағын топтарға бөлініп, "Қайталап жүгіріс" орындайды. Сөре мен мәре арақашықтығы 10 метр. 3 арақашықтықты да барынша үлкен жылдамдықпен жүгіріп шығу керек (бару-қайту). Бағытты өзгерту кезінде қол ұшын еденге тигізген жөн. | Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық Бос ойын кеңістігі, ысқырық, алаңның шекарасын сызуға арналған бор. Үлкен кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, фишкалар, бор, теннис добы. Жүгіру техникасына сілтеме: | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім бірлескен, жекелеген тапсырмалар кезінде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі тапсырмаларда балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, оңтайлы қозғалыс дағдыларын бақылау. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. . | ||||||
Жеңіл атлетикалық тапсырмаларды жалпылау, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау, еңсеру. Жүгіру жаттығуларын жүйелей білуге негізделеді. Дене қызметінің денсаулыққа деген маңыздылығының мағынасын ашу. Тапсырмалардың баламалы нұсқаларының әзірлеу, орындалуын анықтау. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырмаларды сынып алдында дағдыларын өз бетінше көрсетуге мүмкіндік беру, қайталату. | Оқушылардың өз бетінше демді ретке келтіру әдістерін белсенді орындау, өз бетінше қателерін түзеу. Үйлесімділікті, реттілікті дамытуға ынталану. Бірлескен іс әрекетте жаттығулар элементтерінің орындалу маңыздылығына көңіл бөлу. Жүйелі жаттығулар жинағының орындалуының үйлесімділігі, белсенділік таныту. Бірлескен, жеке тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. | Сабақ барысында ойында, бірлескен іс әрекетте, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтап, еңсеру. Техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дұрыс тыныс алу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған. Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, ойынның баламалы нұсқаларын әзірлеу, қателерді түзету, әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізу. Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды. Әр түрлі деңгейдегі жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника ережесін назарда ұстау. Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді. Жекелеген оқушыларға үйлесімділігін, дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды. | |||||||
Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Жүйелі жаттығулар жинағына, қозғалыс әрекеттерінің шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау. 2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың, жаттығулардың айырмашылығы. 2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігі. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив) Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Жеңіл атлетикалық жаттығуларының, ойндарының орындалу үйлесімділігіне байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?