Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 92 сабақ.
Дидактикалық материал №92
Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды денсаулықпен тікелей байланысты кұнды форма. Ол адам мәдениетінің бір бөлігі. Ал денсаулық әрбір адам бақытының негізгі компоненті. Жанды дене козғалыста болмаса өледі. Өзіне өзі тәжірибе жүргізген Аристотельдің ой қорытындысына осындай. Ұзақ өмір сүрудің негізі - денсаулықты сақтау. Денсаулықгы сактау - ұзақ өмір сүру үшін күрес. Денсаулықты сақтап, ұзақ өмір үшін бұл козғалыс тіршілік талабын канағаттандыра қосымша қозғалыс керек. Саналы түрде дене даму жаттығуларының бір түрімен, яғни спортпен айналысу, яғни шұғылдану әр азаматгың жеке басының міндеті деп есептейміз. Спортпен шұғылдану деген сөз, міндетті түрде спорттық жеңіске жету деген мақсат емес, денсаулықты сақтау, организмді дұрыс қалыптастыру, демек, ұзақ өмір денені шынықтыру мақсаты болу керек. Бірақ басқаны айтпағанда көздің де көретін көкжиек деп аталатын шегі болады. Сондықтан спортпен шұғылданған кезде организмді шегіне жеткізіп тоздырмай, анығын айтқанда дәрігерлік, биологиялық бакылау жасай отырып, жүктемені уақытында түсіріп, уакытында дем алып, уақытында тамактанып т.б организмге, денсаулыққа байланысты пайдалы іс істеу керек. Егер әр адам денсаулығын нығайтып, мүсін сүлулығын сақтаса, онда біздің спорттағы жетістігіміз осы болар еді. Адам, өзінің күнделікті тіршілігінде, еңбек процесінде толып жатқан әрекеттер мен әр түрлі қозғалыс жасайды. Осының бәрі кейбір жекеленген мүшелердің қалыптасып жетілуіне зор әсер етеді. Адамның барлық өмірі козғалыспен байланысты. Тіпті ұйықтап жатканда да организмнің жұмыс істейтіндігі бәрімізге мәлім. Демек тоқтаусыз жұмыс істеудегі организмге ақау тусірмес үшін жаттығуларды орындау, яғни организмнің шамасына келетін және дұрыс ұйымдастырылған жұмысы кезінде ғана дамып, нығайып жетіледі. Орта мектепте оқыған жасөсіпірімдер адам анатомиясы мен физиологиясының негізімен танысады. Демек, әрбір азамат өз дене кұрылысының жұмыс істеу жүйесінен хабардар деген сөз. Сонда - дағы ескертеміз - адам организмінің барлық ағзасының әрекеті өзара байланысты болгандыктан кандайда болмасын жеке мүшеге түскен жүктеме - салмақ бүкіл денеге әсерін тигізетіндігін ұмытпаған жөн. Адам тіршілігі таңертең ұйкыдан оянудан басталады. Алғашқы тіршіліктің бастамасы - таңертеңгілік бой жазу жаттығуларынан басталуы керек. Жаттығу - дене тәрбиесі саласында ең жоғарғы көрсеткіштерге жету жолында жеке бастың көп жылдар бойы үзбей, жүйелі түрде спортпен шұғылдану. Соның нәтижесінде спортшының қабілеттілігі артып, күннен күнге дене мүсіні жетіліп, күш қуаты қалыптаса береді. Бүгінгі Қазақстанда елуге жуық спорт түрі дамыған. Солардың бір түрімен жаттығатындардың жолы әр түрлі. Ел президентінің «Қазақстан - 2030» жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі «Қазакстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-аукаты» тармағында былай делінген «... салауатты өмір салтын ынталадыру әркайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамактануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды койып, тазалық пен санитария шараларын сактауымызға және т.с.с. 51 бағытталған». Осы жолдауды басшылыққа алып жұмыс істеу міндетіміз. Жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден - ақ халық арманы. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін өз қолына алған егеменді еліміз — Қазақстан мектептерінің алдына қояр басты талаптары да осы болмақ. Дене тәрбиесінің маңызды міндетгерінің бірі - мектеп оқушыларының салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыруға негізделген басты шара болып табылады. Оның, әсіресе бүгінгі танда аса маңыздылығы жыл сайын жоғалып келеді. Өйткені, мектеп окушыларының денсаулық деңгейі жылдан төмендеп барады. Тұлғалы міндеттері бар оқушылардың дене тәрбиесі, оқу процесі жағынан салауатты өмір мәні мен оның қоғамдығы дәлелі басты міндеттері толығынан ашылмады. Ұрпақты өмір заңдылыктарына, салауаттық негізіне бейімдеу мектеп жүйесіне жүктелген өте маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып отыр. Салауатты өмір салтын өздігінен жасалмайды, оған жүйелі түрде тәрбиелеу қалыптастыруда қимыл ойындардың бағытын бере отырып, әділ де дұрыс етуін қадағалап отырған жөн. Өйткені, мұның оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы өте зор. Сонымен, қорыта келгенде, дене бұлшык еттердін, күшін арттырып, буындардың бекелі, дәл қимылдауын қалыптастырады. Екіншіден, астың денеге дұрыс сіңіп, оттегі арқылы жанып бойға тарауын қамтамасыз етеді. Сондай - ақ, барлық ішкі бездердің қызметін күшейтеді. Бұл сұлулықты арттырады. Үшіншіден, тыныс, жүрек - қан тамырлары және нерв жүйелерінің ұзақ жылдар бойы дұрыс кызмет етуіне жағдай жасайды. Нәтижесінде адам ауырмай, ұзақ жасайды. Денсаулыққа байланысты халқымызда «ауырып алып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген өмірдең, тамаша қағида бар. Сондыктан әр адам өз денсаулығына жауаптылықпен қарап оны сақтай білуі керек. Халық денсаулығы мемлекетімізді қалыптастырады. Олай болса, салауатты өмір сүру - әр адамның міндетіне айналуы керек. Жастар мен өсіп келе жатқан ұрпактарға айтарымыз: спорт адамды ауырмауға, төзімділікке, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, тәртіптілікке, ақыл — ойын дамытуға, эстетикалық мәдениетке, сүйіспеншілікке, еңбек сүйгіштікке, ең ақыры, адамгершілікке үйретеді. Салауатты өмір салтының басты кепілі — спорт дегеніміз келеді!
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Б.қ. - негізгі тұрыс, қолды төмен түсіріп тұру. 1 - қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту; 2 - қолды төмен түсіру, дем шығару.
Б.қ. - аяқтарын сәл алшақ қойып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1 - басты оңға иіп, қолды төмен сырғытып түсіру; 2 - б.қ.-қа келу. 3 – басты солға; иіп, қолды сырғытып төмен түсіру. 4 - б.қ. Бастапқы сәтте жай, содан соң жылдам орындалады. (6 рет)
3. Б.қ. - аяқ сәл алшақ қойылып, қолды желке тұсында.1 – денені оңға бұру, қол желке тұсында.; 2 - б.қ. 3 -денені солға бұру, қол желке тұсында.; 4 - б.қ. (6 рет).
4. «Гайканы бұрайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ қойылып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1- қолды алға созып, қолдың білезігін ішке қарай айналдыру. 2- «Гайканы бұрап алайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ, қолдарын төмен түсіріп тұрады.1 - қолды алға созып, қолдың білезігін сыртқа қарай айналдыру.
5. «Ағаш жару» жаттығуы. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, екі алақанды бір-біріне қысып ұстап тұру. 1-3 - алға қарай серпіле еңкею – төмен еңкейіп, демді ішке тарту; 4 - б.қ. - дем шығару. (5-6 рет).
6. «Киіз дайындау үшін жүн сабау». Б.қ. - тізерлеп отыру, қол төмен; денені алға қарай еңкейтіп, «жүнді шыбықпен сабағандай» оң және сол қолды кезек-кезек сермеу (6 рет).
7. Б.қ. - қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату. 1 – оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 2 - б.қ.-.-қа келу. 3 - сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу; 4 - б.қ.-қа келу.
8. «Доптар секірді». Б.қ. - н.т., қол белде. 1-2 -3- сол аяқпен секіру. 4-5-6- оң аяқпен секіру; 7-8-9 - екі аяқпен секіру (6 рет).
9. Б.қ. н.т.қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау. 1- қолды жан– жаққа созу, демді ішке тарту. 2 - б.қа келу, дем шығару. (Шынтақты төмен түсірмеу).
10. Тізбекпен жүру. Қолды алдыға, артқа сермеу. Қолды қарқынды түрде жоғары көтеру. Демді ішке тарту, дем шығару. Қолды жеңіл төмен түсіру 30 сек.
«Поезд» ойыны.
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
1. « Күзетшілер мен барлаушылар» ойыны. | Топқа дұрыс бөлінбеуі. Бірінші нөмірдегілер сағат тіліне қарсы конусты айнала жүгіріп өз командасына келмеуі. Командасының жанына келгеннен кейін екінші нөмірдегі ойыншы бірінші нөмірдегі ойыншының белінен ұстап конусқа қарай қайтадан жүгірмеуі. |
2. Мұғалімнің белгісімен бастауы. | Мұғалімнің белгісімен күтпеуі. Конусты айналып келгеннен кейін екінші нөмірдегі ойыншының белінен үшінші нөмірдегі ойыншы ұстайды да алға қарай жүгірмеуі. Ойында команданың бірінші нөмірдегі ойыншысы көп жүктеме алмауы. Ойынды қайталаған кезде соңына жіберу қажет екендігін білмеуі. |
3. Ойын барлық ойыншы бірдей ұстасып жүгіргенде аяқталады. Жеңіске бірінші келген команда жеңіске жетеді. | Ойынның ережесін дұрыс сақтамауы. Өз идеясын ортаға салмауы. Топпен бірігіп жұмыс жасай алмауы. Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы. Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары. Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтамауы. |
- Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
- Дене қыздыру жаттығулары
- Жүру түрлері
- Аяқтың өкшесімен
- Сыртқы қырымен
- Аяқтың ұшымен
- Жартылай, толық отырып жүру
- Жүгіру
- Арнаулы жүгіру жаттығулары.
- Тынықтыру жаттығулары
- Орнында жасалатын жаттығулар
- Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
- Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
- Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
- Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
- Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: Қозғалмалы ойындар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?