Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 93 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық93

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Адамның ең қымбат байлығы – денсаулық. Жақсы денсаулық – адамның биологиялық және әлеуметтік міндеттерін орындауының негізгі шарты, тұлғаның өзін-өзі тануының іргетасы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысына сәйкес, денсаулық – бұл түрлі аурудың немесе физикалық ақаулардың жоқтығы ғана емес, толықтай физикалық, рухани және әлеуметтік аман-саулық жағдайы. Біз денсаулықты қайдан аламыз, әрі ол неге тәуелді? Денсаулық бізге туғаннан беріледі және белгілі бір деңгейде ол ата-аналар денсаулығы, олардың өмір салты мен ұрпағын дүниеге әкелуді қалай жоспарлайтындарына байланысты. Денсаулықтың қалыптасуы туылмас бұрын басталып, дүниеге келген мезеттен адамның өсуі мен дамуы тоқтамайынша жалғасады. Денсаулықты дәріханадан қандай да бір ақшаға сатып алуға менесе сыйлыққа алу мүмкін емес, бірақ, егер әрқайсымыз салауатты өмір салтын физикалық, психологиялық, рухани және әлеуметтік аман-саулықты нығайту шарттарының негізгілерінің бірі ретінде мәңгілікке таңдаса оны қалыптастырып, мықтап, ұзақ жылдарға сақтай аламыз. Адамның денсаулығы 10-20% тұқым қуалауға, 10-20% – қоршаған ортаның жағдайына, 8-12% – денсаулық сақтау деңгейіне және 50-70% – өмір салтына байланысты. Салауатты өмір салты ұғымына келесі құрамдас бөліктер кіреді:– үйлестірілген тағам;– ұтымды күн тәртібі;– оңтайлы физикалық белсенділік;– шынығу;– гигиенаны сақтану;– зиянды әдеттерден бас тарту;– қолайлы психологиялық жағдай.Салауатты өмір салты бірнеше құрамдас бөліктерден қалыптасады және әрбір компоненттің өзіндік маңызы бар. Тіпті, олардың тек бірін ескермеу өзге шарттардың мәнін толықтай жойып жіберуі мүмкін.Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі.Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты өмір сүруде мақсатты түрде қалыптасады.Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн.

Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек?    Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартып жатыр.    Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда.    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық — әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім.  Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал.   Сондықтан да басты міндеттердің бірі — балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы  жан-жақты даму, қабілетін көтеру,  ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету,  үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін  тәрбиені мектептегі  білім беруден бастауымыз керек. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары,жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті.

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді. Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Бұл үдеріс мектепке қосымша білім беру ұйымдарында бастама алса оң нәтижелерін береді. Өйткені,денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда  ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыра аламыз.  Салауатты  өмір сүру салты дегеніміз – биологиялық -әлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты –   адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани  формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық  ұйымдарда өзін-өзі  ұстай білу,  қоғамдық тәртіппен санасу,  артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды балағаттамау, біреудің теріс жолға түсуіне себепші болмау,  өзін ақылды деп есептеп,  басқаларды ақымақ  ретінде көрмеу,  ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану-деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Cпорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Ол денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар мінезді тәрбиелеп, ерік-жігерді шынықтырып, қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жыл сайын елімізде салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде спортшылар мерекесі аталып өтеді. Елбасымыздың ұдайы көңіл бөлуінің арқасында спорттың дамуы тың серпіліс алғанын атаған жөн. Спорт тек денені шынықтырып қана қоймай, ол адам организміндегі қан айналысын, секреторлық қызметті күшейтеді. Спортпен шұғылданғаннан кейін тері қызарады, тер көп шығады, дене қызады. Осыған орай адам терісі өз түсін өзгертеді. Дене шынықтыру бұл әр адамның денсаулығын жаксарту үшін қажетті биологиялык және социологиялық мағынасы бар емдеу түрі. Сондықтан мектеп жағдайында  дені сау, толық қанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады.

Бүгінгі оқушы – ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын. Оқушыларымызға өз денсаулығын сақтауды және шынықтыру жолдарын үйретіп, әр қадамын саналылықпен ойлайтын жастарды қалыптастыра алсақ, пәнді оқытудағы мақсатқа жеттік деп айтуымызға болады.

Әдістемелік нұсқаулық

8 бөлім Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты

Сабақ тақырыбы: Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Оқу мақсаттары:

3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну

Сабақтың мақсаты:

Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру шеберлігін түсінеді және көрсетеді

Бағалау критерийлері:

  • денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді
  • жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсіндіреді.

1.Сабақтың басы.

Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Бой сергіту жаттығулар

Әдістемелік нұсқаулық

 Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Ойынға арналған алаңды даярлау. Жергілікте ойналатын ойындарды өткізу кезінде жетекші онымен алдын-ала танысып, ойынға қажетті шартты шекараны белгілеп өтуі тиіс. Ойынға арналған орынды жетекші оқушылармен бірге отырып, даярлайды. Алаңды белгілеп өту көп уақытты талап ететін жағдайда бұл ойын басталмастан бұрын жасалынады. Қарапайым белгілеуді ойын шартын түсіндірумен біруақытта немесе ойын басталғанға дейін жасауға болады, ал әңгіме белгіленген шекараны көрсетумен толықтырылады. Егер ойын жиі өткізілсе, үнемі қолданылатын белгілеу жасауға болады.

Қозғалмалы ойынға арналған инвентарь даярлау. Қозғалмалы ойын сәйкес инвентармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жалаушалар, түрлі-түсті бойаулар, әртүрлі көлемдегі доптар, ағаштар, сақиналар, секіргіштер және т.с.с. Инвентарь жарқын түсті, ойынды байқаулы болуы керек,  бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін маңызды, ал көлемі мен салмағы – ойыншылардың әлі келетіндей болуы тиіс. Инвентар саны алдын-ала қарастырылады.

Ойынды алдын-ала талдау. Ойынды өткізбес бұрын жетекші ойын үрдісін ойлап табуы және ойын барысында туатын барлық мүмкін жағдаяаттарды қарастыруы тиіс. Әсіресе қаламаған құбылыстардың алдын-ала, қарастыру қажет. Ойыншылардың берілген ұжымын жақсы білетін жетекші ойыншылар ролін алдын-ала белгілеп, ойынға әлсіз және пассивті ойыншыларды қалай тарту керектігін қарастыруы керек. Кейбір ойындарды өткізу үшін ол алдын-ала өзіне көмекшілерді таңдап алады, олардың қызметтерін анықтайды, қажет болған жағдайда оларға даярлануға мүмкіндік береді. Көмекшілер бірінші болып ойын ережесі мен оның өткізу орнымен танысады.

2.Сабақтың ортасы.

  • Гимнастикалық орындықтар пайдаланып эстафеталық ойындар ойнау.
  • Сыныпты 3-4 топқа бөліп әр топ өз орындығына отырғызу, мұғалім белгісі бойынша гимнастикалық орындықта бір бірінің артына тұрып, барлық ойыншылар айнала жүгіріп қайта орнына отыру керек.
  • Жаттығулар кезең бойынша орындалады әр кезеңде айналу санын 2-3 ке көбейтуге болады.
  • Соңғы орындыққа отырған ойыншыдан жеңіске жеткен команданы анықтаймыз.
  • Жаттығуларды орындау кезінде техника қауіпсіздігіне көңіл бөліңіз.
  • Жүгіру кезінд бір бірін озып кетуге және орындық шетінен ұстауға болады.
  • Орындықты аттап өтуге болмайды.

3. Сабақтың соңы.

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

бәрін жақсы түсіндім.

Енді түсініп келемін

Түсінбедім

Барлығын түсіндім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу