Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 94 сабақ.


8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты

Тақырыбы: Салауатты өмір салтын қалыптастыру

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.1. Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсіну

Сабақ мақсаты:

Дене жаттығуларын орындау кезінде олардың ағзаға тиетін пайдасын түсінеді және көрсетеді.

Бағалау критерийлері:

Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын түсінеді;

Денсаулықты нығайтуға пайдалы жаттығуларды көрсетеді.

Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу

Адамның денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудыңжаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюісалауатты өмір салтын сақтау қолдауда

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық денсаулық

Денсаулық бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну

Жекебас тазалығының ережелері

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа

- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл.

Тапсырма

(С, Т, Ж) «Үшінші ойыншы артық». Ойыншылар алаңның ішінде жұппен үлкен айналым жасап орналасады. Жұптардың арақашықтығы 4-5 метр. Ойынның ішінде бір қуғыншы, бір қуғыншыдан қашатын ойыншы сайланады. Екеуі де сызықтың сыртқы бөлігінде, жанында тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша қуғыншы, қашып бара жатқан қашқын ойыншыны қуып жетіп иығынан соғуы қажет. Қашып жүрген ойыншы қуғыншыны жеткізбей кез–келген жұптың алдына тұра қалуына болады. Сол кезде жұптың артық үшінші ойыншысы қуғыншыдан қашуы тиіс. Егерде қуғыншы қуып жетіп алса екеуі рөлдерін ауыстырады. Белгіленген айналым сызығын бұзуға болмайды. Мұғалім осы ойын бойынша қауіпсіздік ережесіне назар аударуы қажет. Оқушыларға бұл ойын арқылы жылдамдық, ептілік, кеңістікті назарға ұстау қасиеттері дамитынын түсіндіріп айтады. Оқу тапсырмасы бойынша рефлексия жүргізіңіз.

«Үшінші ойыншы артық» ойыны.

Дескриптор:

- Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.

- Ойынның ережесін біледі.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу