Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 94 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 94
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Салауатты өмір салтын қалыптастыру | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Дене жаттығуларын орындау кезінде олардың ағзаға тиетін пайдасын түсінеді және көрсетеді. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Мыналарды қамтиды:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар:
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты арқылы әлеуметтік дағдылар орындау барысында физикалық белсенділік және төзімділік қызметінің қимылын түсінеді). | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты арқылы әлеуметтік дағдылар физикалық белсенділік және төзімділік қызметін көрсету (АКТ қолданған жағдайда) | |||||||||||||
Бастапқы білім | Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттан алған оқушылардың жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты дене шынықтырудың өткен бөлімдерінен жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларның даму бойынша білімдері мен дағдылары бар. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (С, Т, Ж) « Үшінші ойыншы артық». Ойыншылар алаңның ішінде жұппен үлкен айналым жасап орналасады. Жұптардың арақашықтығы 4-5 метр. Ойынның ішінде бір қуғыншы, бір қуғыншыдан қашатын ойыншы сайланады. Екеуі де сызықтың сыртқы бөлігінде, жанында тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша қуғыншы, қашып бара жатқан қашқын ойыншыны қуып жетіп иығынан соғуы қажет. Қашып жүрген ойыншы қуғыншыны жеткізбей кез–келген жұптың алдына тұра қалуына болады. Сол кезде жұптың артық үшінші ойыншысы қуғыншыдан қашуы тиіс. Егерде қуғыншы қуып жетіп алса екеуі рөлдерін ауыстырады. Белгіленген айналым сызығын бұзуға болмайды. Мұғалім осы ойын бойынша қауіпсіздік ережесіне назар аударуы қажет. Оқушыларға бұл ойын арқылы жылдамдық, ептілік, кеңістікті назарға ұстау қасиеттері дамитынын түсіндіріп айтады. Оқу тапсырмасы бойынша рефлексия жүргізіңіз. Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді. | Үлкен бос кеңістік. Бор, ысқырық және уақыт өлшегіш. | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? бәрін жақсы түсіндім. Енді түсініп келемін Түсінбедім Барлығын түсіндім | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
|
| Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды