Жүгіру ойындарына қатысу. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 95 сабақ.


Дидактикалық материал95

Дене шынықтыру – денсаулық көзі. Егеменді еліміздің туын көкке көтеретін, әрине, өркениеггі ұрпақ. Ендеше сол елдің танытатын бүгінгі ұрпақ қандай жас өспірімдердің бір бөлігі салауатты өмір салтына кайта келетін іс - әрекеттерге баратыны барлығымызға белгілі жайт. Сондықтан бүгін білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани-адамгершілік касиеггерін қалыптастырған, коғамдық өмірге икемделген, білім және кәсіпөнер сырларын бойына мұкият сіңірген, коғам, мемлекет, отбасы алдындагы жауапкершілін сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркениетгі ұрпақ тәрбиелеу кезек күттірмес міндет. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан-2030» бағдарламасында салауатгы өмір салтын насихаттау мемлекеттік маңызы бар мэселелермен тең түрде, бір дәрежеде екеңдігі баса көтерілген. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа «Қазақстан-2030» жолдауына сәйкес және денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта кұру арқылы мектептегі оқу мен тәрбиенің дұрыс жүйелі жүргізілген жүмысына байланысты делінген. Егер ертеңгі ұрпактың тең дәрежелі өмір сүруін қажет етсек, ең алдымен қазақ атамыз айтқандай «ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей, салауатты өмір салтын насихаттауды дәл осы мектептерден бастап, баланың жастайынан қрағына кү.я өсіру кажет. Ол үшін әрбір баламен, сонымен қоса ересектер де өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарап денсаулықты калыптастыруға ұсынылған шарттар мен ережелерді жемісті игеріп, әз мүддесі үшін керектігін түсіне біліп, денсаулығының әркашанда жақсы болуына үлес косуы керек. Дене шынықтыруды айырықша орын алатын спорт түрі жеңіл атлетика. Жеңіл атлетика - бүл дене жатгыгуларының біріккен түрі болып саналады. Спорттық жүгіру, жүру, секіру, көп сайыс. Жеңіл атлетика сонымен қатар ғылыми дәлелденген пән болып саналады. Өзінің даму тарихы, ілімі, техникасы, үйрету әдістемесі жэне жаттығулары бар іргэрі пэн. Жеңіл атлетика олимпиадалық спорт түрімен біздің елімІзде мындаған адамдар шұгылданады. Әлемдік, Европалық ұлттық біріншіліктерге қатысып түрады. Бір ғана мысал. Соңғы жылдары 110 метрлік кедергі мен жүгіруде үлкен халыкаралық жарыстарда Ольга Шишигина жиі жеңіс тұғырыгына көтеріліп жүр. Ең үлкен жеңіс шыңы 2000 жылғы Сидней олимпиадасында 110 метрлік кедергімен жүгіруде ұтып алған «Алтын» алқасы барлық казакстандықгардың үлкен жеңісі болды. Жеңіл атлетика жаттыгулары адам ағзасының тыныс алу жолдары, жүйкесіне, барлық бұлшық еттерге, қозғалыс аппараттарына өзінің пайдалы әсерін тигізеді. Осы жеңіл атлетика жаттыгулары арқылы адамды жан-жакты үйлесімді дамытуға болады жэне бкл спорт түрі баска спорт түріне қараганда жогары дәрежеде дамыған. Жеңіл атлетика пәнінің эстетикалық маңызы өте зор. Оқушылардың дене қасиетінің үйлесімді, жан-жакты дамуына жеңіл атлетика жаттығуларының әсері мол. Сыныптан тыс спорттық үйірмелерде, жазғы демалыс орындарынада көп қолданылатын спортгың түрі жеңіл атлетика болып саналады. Жеңіл атлетикалық түрде үлттық және президентгік сынамалар жатады. Көбіне жеңіл атлетика жаттығуларына табиғи жаттығулар немесе табиғатта, таза ауада орындалатын жатгығулар деп аталады. Жеңіл атлетика жаттығулары негізі қозғалыс касиеттеріне тәрбиелейді. Жеңіл атлетика жаттығуларымен шүғылданған адамның денесінде пайда тек даму, өсу пайда болады. Сондыктан жеңіл атлетика жаттығуларымен шұғылданған адамның тек даму, өсу пайда болады. Жеңіл атлетика 50 жатгығуларын орындау кезінде сыртқы козғалыс ішкі органдар арасында тығыз байланыс болады. Сондықган жеңіл атлетика жатгығулары окушылар ағзасына тек дамытушылық әсерін тигізіп отырады. Жеңіл атлетиканың бір түрі - жугіру. Дүрыс және мөлшерленген жағдайда жугіру денсаулықгы сақтаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Жүгірудің денсаулықка пайдалы екендігін көне заманның өзінде - ақ білген. Жугіру ағзаға қажет, өйткені, жүрек, асқазан, ішек, бүйрек және т.б. органдар миллиондаған жылдар бойы үнемі қозгалыс жағдайында дамыған. Ал, қозғалысты шектеу бұл органдардың қызметінің бұзылуына алып келеді. Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды денсаулықпен тікелей байланысты кұнды форма. Ол адам мәдениетінің бір бөлігі. Ал денсаулық әрбір адам бақытының негізгі компоненті. Жан-жақгы дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден - ақ халық арманы. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін өз қолына алған егеменді еліміз — Қазақстан мектептерінің алдына қояр басты талаптары да осы болмақ. Дене тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі - мектеп оқушыларының салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыруға негізделген басты шара болып табылады. Сондықтан әр адам өз денсаулығына жауаптылықпен қарап оны сақтай білуі керек. Халық денсаулығы мемлекетімізді қалыптастырады. Олай болса, салауатты өмір сұру - әр адамның міндетіне айналуы керек. Жастар мен өсіп келе жатқан ұрпактарға айтарымыз: спорт адамды ауырмауға, төзімділікке, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, тәртіптілікке, ақыл — ойын дамытуға, эстетикалық мәдениетке, сүйіспеншілікке, еңбек сүйгіштікке, ең ақыры, адамгершілікке үйретеді. Салауатты өмір салтының басты кепілі — спорт дегеніміз келеді!

Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

Б.қ. - негізгі тұрыс, қолды төмен түсіріп тұру. 1 - қолды жан-жаққа созу, демді ішке тарту; 2 - қолды төмен түсіру, дем шығару.

Б.қ. - аяқтарын сәл алшақ қойып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1 - басты оңға иіп, қолды төмен сырғытып түсіру; 2 - б.қ.-қа келу. 3 – басты солға; иіп, қолды сырғытып төмен түсіру. 4 - б.қ. Бастапқы сәтте жай, содан соң жылдам орындалады. (6 рет)

3. Б.қ. - аяқ сәл алшақ қойылып, қолды желке тұсында.1 – денені оңға бұру, қол желке тұсында.; 2 - б.қ. 3 -денені солға бұру, қол желке тұсында.; 4 - б.қ. (6 рет).

4. «Гайканы бұрайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ қойылып, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1- қолды алға созып, қолдың білезігін ішке қарай айналдыру. 2- «Гайканы бұрап алайық» жаттығуы. Б.қ. - аяқ алшақ, қолдарын төмен түсіріп тұрады.1 - қолды   алға созып, қолдың білезігін сыртқа қарай айналдыру.

5. «Ағаш жару» жаттығуы. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, екі алақанды бір-біріне қысып ұстап тұру. 1-3 - алға қарай серпіле еңкею – төмен еңкейіп, демді ішке тарту; 4 - б.қ. - дем шығару. (5-6 рет).

6. «Киіз дайындау үшін жүн сабау». Б.қ. - тізерлеп отыру, қол төмен; денені алға қарай еңкейтіп, «жүнді шыбықпен сабағандай» оң және сол қолды кезек-кезек сермеу (6 рет).

7. Б.қ. - қолды жоғары көтере созып, шалқалай жату. 1 – оң аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу. 2 - б.қ.-.-қа келу. 3 - сол аяқты түзу жоғары көтеру, қолдың саусақтарын аяқтың басына тигізу; 4 - б.қ.-қа келу.

8. «Доптар секірді». Б.қ. - н.т., қол белде. 1-2 -3- сол аяқпен секіру. 4-5-6- оң аяқпен секіру; 7-8-9 - екі аяқпен секіру (6 рет).

  9. Б.қ. н.т.қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау. 1- қолды жан– жаққа созу, демді ішке тарту. 2 - б.қа келу, дем шығару. (Шынтақты төмен түсірмеу).

10. Тізбекпен жүру. Қолды алдыға, артқа сермеу. Қолды қарқынды түрде жоғары көтеру. Демді ішке тарту, дем шығару. Қолды жеңіл төмен түсіру 30 сек.

Доппен ойналатын эстафета.

Дұрыс орындауы

Негізгі қателіктер

1. Доппен ойналатын эстафета.

Топқа дұрыс бөлінбеуі.

1 кезең - 5 метр қашықтықта қойылған шеңберге доптарды бірінің артынан бірі жүгіріп келіп орналастыру керектігін білмеулері.

2 кезең - конусты айнала допты алып жүріп жүгіру керектігін ескермеуі.

3 кезең – допты аяқ арасына қысыпауы.

2. Мұғалімнің белгісімен бастауы.

Мұғалімнің белгісін күтпеуі.

Оқушы мәре сызығына дейін секіріп келмеуі.

Әріптесіне допты беру керектігін ескермеуі.

3. Ойынды бірінші бір команда кейін екінші команда орындайды.

Ойынның ережесін дұрыс сақтамауы.

Өз идеясын ортаға салмауы.

Топпен бірігіп жұмыс жасай алмауы.

Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы.

Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары.

Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтамауы.

  • Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
  • Дене қыздыру жаттығулары
  • Жүру түрлері
  • Аяқтың өкшесімен
  • Сыртқы қырымен
  • Аяқтың ұшымен
  • Жартылай, толық отырып жүру
  • Жүгіру
  • Арнаулы жүгіру жаттығулары.
  • Тынықтыру жаттығулары
  • Орнында жасалатын жаттығулар
  • Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
  • Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
  • Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
  • Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
  • Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау

Қорытынды  бөлім

Сапқа  тұру, жай  жүгіру, жүру  тыныс  алу  жаттығуларын  жасап  бастапқы  қалыпқа  түсу.

—          Сабақты  қорытындылау

—          Үйге  тапсырам  беру

—          Ұйымдасқан  түрде  оқушыларды  тарату

Оқушылардың  бастапқы  қалыпқа  түсу  жаттығуларының  дұрыс  орындалуын  қадағалау.

Ғаламторға сілтеме: Қозғалмалы ойындар

http://www.gomelscouts.com/tretij-lishnij.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу