Жүгіру ойындарына қатысу. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 96 сабақ.
8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты
Тақырыбы: Жүгіру ойындарына қатысу
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамыту және жетілдіру
Оқу бағдарламасына сілтеме
1.3. Кеңістікті, ағынды, салмақты, уақытты түсінгенін көрсету арқылы кезектілігін сақтап, жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды
Сабақ мақсаты:
Уақытты, кеңістікті түінетіндігін дамытады және жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды.
Бағалау критерийлері:
кеңістікті және бірқалыптылықты жетілдіреді;
дене жаттығуларын және тапсырманы дұрыс орындайды;
жаттығулардың пайдасын біледі.
Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу
Жүгіріс тура сызықпен 10-12 қадамнан аспайды.
Жүгіріс жылдамдықты үдетуден басталады.
Тым қатты жүгіруге болмайды. Себебі қатты жүгіріс лақтырғанда белгілі қиындықтар туғызады. Лақтыру сызығына жақындағанда қолды жазып артқа жібереміз. Кеуде оңға бұрылады. Сол жақ аяқ сызықтан аспай жартылай бүгіліп кеп жерге тиеді. Сол аяқты сызығынан асырмай қойып, денеміз оң жаққа бұрылған күйі сәл артқа шалқайып сол қол жылдам артқа кетеді де допты ұстаған қол иықтан және бастан асып допты барынша қатты лақтырады.
Серпілу (жерден көтерілу)
Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек.Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен секіруші тік қалыпқа келуі керек.
Самғау (ұшу немес қалықтау)
Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады.
Жерге түсу
Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
Тапсырма
(С, Т, ЖЖ, Ж) Жүргізуші белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, ойыншыларды тұрғызады, — бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша «аңшылар» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады Оқушылар командалық эстафетаны кезеңмен орындайды:
1 кезең - 5 метр қашықтықта қойылған шеңберге доптарды бірінің артынан бірі жүгіріп келіп орналастыру;
2 кезең - конусты айнала допты алып жүріп жүгіру;
3 кезең – допты аяқ арасына қысып, оқушы мәре сызығына дейін секіріп келіп әріптесіне допты беру;
Ойынды бірінші бір команда кейін екінші команда орындайды.
«Аңшылар мен үйректер» ойыны.
Дескриптор:
- Допты беру кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.
- Ойынның ережесін біледі.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды