Жүгіру ойындарына қатысу. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 96 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 96
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жүгіру ойындарына қатысу | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.3.3. Уақытты, кеңістікті және бірқалыптылықты түсінетінін көрсететін машықтарды және жүйелілікті дамыту және жетілдіру | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Уақытты, кеңістікті түінетіндігін дамытады және жаттығуларды дұрыс әрі тиімді орындайды. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Мыналарды қамтиды:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар:
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты арқылы әлеуметтік дағдылар орындау барысында физикалық белсенділік және төзімділік қызметінің қимылын түсінеді). | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тақырып бойынша жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты арқылы әлеуметтік дағдылар физикалық белсенділік және төзімділік қызметін көрсету (АКТ қолданған жағдайда) | |||||||||||||
Бастапқы білім | Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттан алған оқушылардың жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты дене шынықтырудың өткен бөлімдерінен жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларның даму бойынша білімдері мен дағдылары бар. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | І. Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді Оқушылар бір-бірін бағалайды Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин.
| (С, Т, ЖЖ, Ж) Жүргізуші белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5—10 м) бойына, қолына доп беріп, ойыншыларды тұрғызады, — бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша «аңшылар» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады Оқушылар командалық эстафетаны кезеңмен орындайды: 1 кезең - 5 метр қашықтықта қойылған шеңберге доптарды бірінің артынан бірі жүгіріп келіп орналастыру; 2 кезең - конусты айнала допты алып жүріп жүгіру; 3 кезең – допты аяқ арасына қысып, оқушы мәре сызығына дейін секіріп келіп әріптесіне допты беру; Ойынды бірінші бір команда кейін екінші команда орындайды. Ойын соңында оқушылар бірін бірі бағалайды. Дене белсенділігі ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін әрбір кедергі төмен деңгейде көрсеткіштерді ұстаңыз. Оқушылар жұмыс жүргізу кезінде, олардың жалпы дағдыларын бақылап кедергілерді өзгертуге болады. Сұраңыз: Мектепте және мектептен тыс қандай жаттығуды орындай аласыздар? Аз уақыт ішінде үйректерге көп доп тигізген команда жеңіске жетеді. Мұғалім допты лақтыру үшін уақыт белгілеуге болады. Назар аударыңыз: допты лақтыру кезінде сызықтан шығуға болмайды. Шеңбердегі қатысушыларға допты қолмен ұстауға болмайды. Егер доп ойыншыларға еденге тигеннен кейін тисе, ол есептелмейді. Дескриптор:
ҚБ: бірін-бірі бағалау. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді. | Әр қызмет түріне арналған үлкен бос кеңістік, ысқырық волейбол добы конус бор. Қозғалмалы ойындарға сілтеме: | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Сабақты қорытындылау.
Рефлексия: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет? бәрін жақсы түсіндім. Енді түсініп келемін Түсінбедім Барлығын түсіндім | Құрал-жабдықтарды жинау. Кері байланыс үшін парақ | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
|
| Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу; Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету; Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау. Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу. | ||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?