Лақтыру тәжірибелері. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 100 сабақ.
8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты
Тақырыбы: Лақтыру тәжірибелері
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.2.5.5 Өзінің шығармашылық тапсырмаларын және басқаларын талдау үшін конструктивті ұсыныстар жасау туралы алынған білімді пайдалану және қолдану
Оқу бағдарламасына сілтеме
2.5. Өзінің және басқалардың шығармашылық міндеттеріне сыни қарайды, қажет болған жағдайда, құрылымдық ұсыныстар жасайды
Сабақ мақсаты:
Қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады, конструктивті ұсыныстарды пайдаланады және қолданады.
Бағалау критерийлері:
қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың шығармашылық тапсырмаларын пайдаланады;
қажеттілігіне қарай өзінің және басқалардың конструктивті ұсыныстарды қолданады.
Жүгіріс тура сызықпен 10-12 қадамнан аспайды.
Жүгіріс жылдамдықты үдетуден басталады.
Тым қатты жүгіруге болмайды. Себебі қатты жүгіріс лақтырғанда белгілі қиындықтар туғызады. Лақтыру сызығына жақындағанда қолды жазып артқа жібереміз. Кеуде оңға бұрылады. Сол жақ аяқ сызықтан аспай жартылай бүгіліп кеп жерге тиеді. Сол аяқты сызығынан асырмай қойып, денеміз оң жаққа бұрылған күйі сәл артқа шалқайып сол қол жылдам артқа кетеді де допты ұстаған қол иықтан және бастан асып допты барынша қатты лақтырады.
Серпілу (жерден көтерілу)
Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек.Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен секіруші тік қалыпқа келуі керек.
Самғау (ұшу немес қалықтау)
Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады.
Жерге түсу
Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
Тапсырма
(C) Шағын допты алысқа лақтыру тапсырмасын орындау реттілігі:
- Шағын допты лақтыру техникасы туралы түсінік құру
- Снарядты ұстау мен мәре фазасында лақтыру қимылының техникасын қайталау.
- Екпін алуды орындау барысында шағын допты «тура-артқа» апаруды қайталау.
- Қозғалыстың алдын ала және мәрелік фазалары мен жалпы шағын допты лақтыру элементтерін біріктіріп қайталау.
- Шағын допты лақтыру техникасын, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жетілдіру. Денсаулыққа қатысты қатерлерге назар аударыңыздар. Бастан жоғары көтеріп лақтырған кезде, шынтаққа өте үлкен жүк түседі. Көбіне шынтақтың іш жағында қиындықтар туындауы мүмкін. Шынтақ жарақаты лақтыру барысындағы шамадан тыс және қайталанатын жүктемелер нәтижесінде болады.
Допты алысқа лақтыру.
Дескриптор:
- Шағын лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
- Шағын допты лақтыру әрекеттерін жасайды.
- Ойынның ережесін біледі.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?