Лақтыру тәжірибелері. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 101 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №101
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Салауатты өмір салты - ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның салауатты өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды. Салауатты өмір сүру салты өмір сүруде мақсатты түрде қалыптасады.Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн.
Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек? Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартып жатыр. Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы, сондай-ақ Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық — әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Сондықтан да басты міндеттердің бірі — балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін тәрбиені мектептегі білім беруден бастауымыз керек. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары,жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті.
«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған. Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді. Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Бұл үдеріс мектепке қосымша білім беру ұйымдарында бастама алса оң нәтижелерін береді. Өйткені,денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыра аламыз. Салауатты өмір сүру салты дегеніміз – биологиялық -әлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты – адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды балағаттамау, біреудің теріс жолға түсуіне себепші болмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көрмеу, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану-деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Cпорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Ол денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар мінезді тәрбиелеп, ерік-жігерді шынықтырып, қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Жыл сайын елімізде салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде спортшылар мерекесі аталып өтеді. Елбасымыздың ұдайы көңіл бөлуінің арқасында спорттың дамуы тың серпіліс алғанын атаған жөн. Спорт тек денені шынықтырып қана қоймай, ол адам организміндегі қан айналысын, секреторлық қызметті күшейтеді. Спортпен шұғылданғаннан кейін тері қызарады, тер көп шығады, дене қызады. Осыған орай адам терісі өз түсін өзгертеді. Дене шынықтыру бұл әр адамның денсаулығын жаксарту үшін қажетті биологиялык және социологиялық мағынасы бар емдеу түрі. Сондықтан мектеп жағдайында дені сау, толық қанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын. Оқушыларымызға өз денсаулығын сақтауды және шынықтыру жолдарын үйретіп, әр қадамын саналылықпен ойлайтын жастарды қалыптастыра алсақ, пәнді оқытудағы мақсатқа жеттік деп айтуымызға болады.
Дене шынықтыруды айырықша орын алатын спорт түрі жеңіл атлетика. Жеңіл атлетика - бүл дене жатгыгуларының біріккен түрі болып саналады. Спорттық жүгіру, жүру, секіру, көп сайыс. Жеңіл атлетика сонымен қатар ғылыми дәлелденген пән болып саналады. Өзінің даму тарихы, ілімі, техникасы, үйрету әдістемесі жэне жаттығулары бар іргэрі пэн. Жеңіл атлетика олимпиадалық спорт түрімен біздің елімІзде мындаған адамдар шұгылданады. Әлемдік, Европалық ұлттық біріншіліктерге қатысып түрады. Бір ғана мысал. Соңғы жылдары 110 метрлік кедергі мен жүгіруде үлкен халыкаралық жарыстарда Ольга Шишигина жиі жеңіс тұғырыгына көтеріліп жүр. Ең үлкен жеңіс шыңы 2000 жылғы Сидней олимпиадасында 110 метрлік кедергімен жүгіруде ұтып алған «Алтын» алқасы барлық казакстандықгардың үлкен жеңісі болды. Жеңіл атлетика жаттыгулары адам ағзасының тыныс алу жолдары, жүйкесіне, барлық бұлшық еттерге, қозғалыс аппараттарына өзінің пайдалы әсерін тигізеді. Осы жеңіл атлетика жаттыгулары арқылы адамды жан-жакты үйлесімді дамытуға болады жэне бкл спорт түрі баска спорт түріне қараганда жогары дәрежеде дамыған. Жеңіл атлетика пәнінің эстетикалық маңызы өте зор. Оқушылардың дене қасиетінің үйлесімді, жан-жакты дамуына жеңіл атлетика жаттығуларының әсері мол. Сыныптан тыс спорттық үйірмелерде, жазғы демалыс орындарынада көп қолданылатын спортгың түрі жеңіл атлетика болып саналады. Жеңіл атлетикалық түрде үлттық және президентгік сынамалар жатады. Көбіне жеңіл атлетика жаттығуларына табиғи жаттығулар немесе табиғатта, таза ауада орындалатын жатгығулар деп аталады. Жеңіл атлетика жаттығулары негізі қозғалыс касиеттеріне тәрбиелейді. Жеңіл атлетика жаттығуларымен шүғылданған адамның денесінде пайда тек даму, өсу пайда болады. Сондыктан жеңіл атлетика жаттығуларымен шұғылданған адамның тек даму, өсу пайда болады. Жеңіл атлетика 50 жатгығуларын орындау кезінде сыртқы козғалыс ішкі органдар арасында тығыз байланыс болады. Сондықган жеңіл атлетика жатгығулары окушылар ағзасына тек дамытушылық әсерін тигізіп отырады. Жеңіл атлетиканың бір түрі - жугіру. Дүрыс және мөлшерленген жағдайда жугіру денсаулықгы сақтаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Жүгірудің денсаулықка пайдалы екендігін көне заманның өзінде - ақ білген. Жугіру ағзаға қажет, өйткені, жүрек, асқазан, ішек, бүйрек және т.б. органдар миллиондаған жылдар бойы үнемі қозгалыс жағдайында дамыған. Ал, қозғалысты шектеу бұл органдардың қызметінің бұзылуына алып келеді. Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды денсаулықпен тікелей байланысты кұнды форма. Ол адам мәдениетінің бір бөлігі. Ал денсаулық әрбір адам бақытының негізгі компоненті. Жан-жақгы дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден - ақ халық арманы. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін өз қолына алған егеменді еліміз — Қазақстан мектептерінің алдына қояр басты талаптары да осы болмақ. Дене тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі - мектеп оқушыларының салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыруға негізделген басты шара болып табылады. Сондықтан әр адам өз денсаулығына жауаптылықпен қарап оны сақтай білуі керек. Халық денсаулығы мемлекетімізді қалыптастырады. Олай болса, салауатты өмір сұру - әр адамның міндетіне айналуы керек. Жастар мен өсіп келе жатқан ұрпактарға айтарымыз: спорт адамды ауырмауға, төзімділікке, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, тәртіптілікке, ақыл — ойын дамытуға, эстетикалық мәдениетке, сүйіспеншілікке, еңбек сүйгіштікке, ең ақыры, адамгершілікке үйретеді. Салауатты өмір салтының басты кепілі — спорт дегеніміз келеді!
Әдістемелік нұсқаулық
8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты
Сабақ тақырыбы: Лақтыру тәжірибелері
Оқу мақсаттары:
3.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсіну. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастау
Сабақтың мақсаты:
Қозғалмалы ойын кезінде командалық жұмыстың маңызын түсінеді және көшбасшылық дағдылары мен алмасады.
Бағалау критерийлері:
- шағын топта бірлесе жұмыстануға дағдыланады;
- қозғалмалы ойындар арқылы негізгі қозғалыс координациялары қалыптастырады;
- көшбасшылық дағдылары туралы ой толтырады.
1.Сабақтың басы.
Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде
5. Жылдамдыққа жүгіру
6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.
Сергіту сәті.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Бой сергіту жаттығулар
Әдістемелік нұсқаулық
Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.Жеңіл атлетика1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.10. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
2.Сабақтың ортасы.
- 6-8 метр қашықтықта сыныпты 2-3 топқа бөліп бір сызыққа қатарға тұрғыз.
- Бірінші тұрған ойыншыларға доп беріледі.
- Мұғалімнің белгісі бойынша допты екі қолмен бастан асырып төмен қарай жерге ұрып 3-4 метр қашықтықта тұрған қарама қарсы ойыншыға тигізу керек.
- Допты ұстап алған ойыншы кері қарай қайта лақтырады.
- Допты лақтырғаннан кейін оқушы жүгіріп келіп топтың артына тұрады.
- Ойын кезінде қауіпсіздік ережесіне көңіл аударыңыз.
- Лақтыру техникасының дұрыс орындалуына көңіл бөліңіз.
- Егер дұрыс орындалмаған жағдайда бір ұпай алып тастаңыз.
- Ең аз айып ұпай саны алған ойыншылар және бірінші болып бастапқы қалыпқа тұрған команда жеңіске жетеді.
- Қайталау кезінде бастапқы қалыпты өзгертуге болады.
- Аяқты иық деңгейіне ашып, аяқ бірге қосылған тік тұрып т.б.
3. Сабақтың соңы.
Сабақты қорытындылау.
- Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;
- Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
- Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
- Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
бәрін жақсы түсіндім.
Енді түсініп келемін
Түсінбедім
Барлығын түсіндім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?