Лақтыру тәжірибелері. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 101 сабақ.


8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты

Тақырыбы: Лақтыру тәжірибелері

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсіну. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастау

Оқу бағдарламасына сілтеме

2.2. Команда жетекшісінің рөлін кезектесіп орындау арқылы мақсаттарға қол жеткізу үшін өз бетімен және бірлесе жұмыс істейді

Сабақ мақсаты:

Қозғалмалы ойын кезінде командалық жұмыстың маңызын түсінеді және көшбасшылық дағдылары мен алмасады..

Бағалау критерийлері:

шағын топта бірлесе жұмыстануға дағдыланады;

қозғалмалы ойындар арқылы негізгі қозғалыс координациялары қалыптастырады;

көшбасшылық дағдылары туралы ой толтырады.

Жүгіріс тура сызықпен 10-12 қадамнан аспайды.

Жүгіріс жылдамдықты үдетуден басталады.

Тым қатты жүгіруге болмайды. Себебі қатты жүгіріс лақтырғанда белгілі қиындықтар туғызады. Лақтыру сызығына жақындағанда қолды жазып артқа жібереміз. Кеуде оңға бұрылады. Сол жақ аяқ сызықтан аспай жартылай бүгіліп кеп жерге тиеді. Сол аяқты сызығынан асырмай қойып, денеміз оң жаққа бұрылған күйі сәл артқа шалқайып сол қол жылдам артқа кетеді де допты ұстаған қол иықтан және бастан асып допты барынша қатты лақтырады.

Серпілу (жерден көтерілу)

Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек.Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен  секіруші тік қалыпқа келуі керек.

Самғау (ұшу немес қалықтау)

Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген  жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады.

Жерге түсу

Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері

Тапсырма

(C, Т, ҚБ) 6-8 метр қашықтықта сыныпты 2-3 топқа бөліп бір сызыққа қатарға тұрғыз. Бірінші тұрған ойыншыларға доп беріледі. Мұғалімнің белгісі бойынша допты екі қолмен бастан асырып төмен қарай жерге ұрып 3-4 метр қашықтықта тұрған қарама қарсы ойыншыға тигізу керек. Допты ұстап алған ойыншы кері қарай қайта лақтырады. Допты лақтырғаннан кейін оқушы жүгіріп келіп топтың артына тұрады. Ойын кезінде қауіпсіздік ережесіне көңіл аударыңыз. Лақтыру техникасының дұрыс орындалуына көңіл бөліңіз. Егер дұрыс орындалмаған жағдайда бір ұпай алып тастаңыз. Ең аз айып ұпай саны алған ойыншылар және бірінші болып бастапқы қалыпқа тұрған команда жеңіске жетеді. Қайталау кезінде бастапқы қалыпты өзгертуге болады. Аяқты иық деңгейіне ашып, аяқ бірге қосылған тік тұрып т.б.

Допты тигізу.

Дескриптор:

- Допты лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.

- Ойынның ережесін біледі.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу