Лақтыру тәжірибелері. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 102 сабақ.


Дидактикалық материал102

 Жалпы дамыту жаттығулар

 Карточка №1

Негізгі қимылдар.

Секіру жаттығулары. Екі аяқты бірге ұстап, оң, сол жақтарымен 4-5 мжерге секіру; Бір аяғын қолымен ұстап, екіншісімен секіру; екі аяғымен кезек аттап  5-6 м. жерге секіру; биіктігі 20 см, заттың үстіне қос аяқтап секіріп шығу; ені 10 см. биіктігі15-20 см. болатын қатар жатқан 5-6 параллоннан оң (сол) жағымен біртіңдепсекіріп өту; жүгіріп келіп, 30-40 см. биіктікке секіріп шығу; жүгіріп келіп 1м. ұзындыққа секір;  жүресінен отырып, жоғары секіруді 10-12 рет қайталау; бір орында тұрып, қос аяқтап 80 см. қашықтыққа секіру; өз бетімен секіртпемен секіру.

Лақтыру және қағып алу жаттығулары. Жоғары лақтырылған доптыбір қолымен 4-6 рет, екі қолымен 10-15 рет қағып алу; жүгіріп келе жатып, доптыекі қолымен жерге кезек соғып ыршыту; допты бір қолымен соғып ыршытуды өз орныңда бір айналып келіп қайталау; екі-екі баладан жерге соғып келе жатқан допты ұстап  алып, екі қолыменлақтырып, лақтырған допты қағып алып жүрістерін қайта жалғастыру; екі  аяқты  алшаққойып (тізерлеп, тұрып, аяқты созып отырып), 1 кг. мақта допты екі қолымен желкетұсынан бастап асыра лақтыру; теннис добын екі қолымен желке тұстан бастан асыралақтыру; теннис добын, 200 г. қалташаны оң (сол) қолымен алысқа лақтырып, көрсеткішінанықтау; өз беттерімен әртүрлі заттарды лақтыру.

Еңбектеу және өрмелеу жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстіне тізерлеп тұрып, екі қолымен ұстап тартылу; қырынан жерге тигізе ұстап тұрып, басыниіп астынан өтіп шығу; гимнастикалық қабырғаға сүйеп қойған бөренемен, тақтайменбаспалдақпен еңбектеп барып, қабырғамен өрмелеу; салбырата ілінген арқанмен ұстап,аяқтың көмегімен тартылу және арқанды бойлай сырғып түсу;   екі қолымен гимнастикалық қабырғадан ұстап, екі аяқты кезек-кезек алға көтеру және қолымен бірнеше рет жоғары тартылу.

Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары. Гимнастикалық орындықтың үстімен 1 кг, доптыдомалатып журу; орындықтың үстіне тұрып, қолындағы добын лақтыру (өзіне лақтырылған допты қағып алу); 1 кг, толтырылған допты төбеге, желкеге қойып, орнында бірайналып жүріп кету; қолды жоғары созып, өкшені біріктіре көтеріп ұзақ тұру; мақта доптың үстіне бір аяқпен тұрып, екінші аяғын алға (жанға, артқа) көтеріп, тізесін бүгіп ұзақ тұру; жалғыз (екіден қол ұстасып) тұрып, әртүрлі қимылдар жасап айналу; көзін жұмып, бір аяқпен ұзақ тұру.

 

 Секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

 Секіруге арналған шұңқыр 20-40 см тереңдікте құм топырақпен толтырулы болуы керек. Секірер алдында секіретін шұңқырдағы құм топырақ қопсытылған болуы керек, күректер, тырмауыштар және басқа бөтен заттарды алып тасталуы керек.

Секіру техникасы оқу бағдарламасына сәйкес және оқушының аяғымен түсуін қамтамасыз ету.

 Білімалушылар міндетті:

  • Тырмаларды ұштарын төмен қаратып жатқызуы;
  • Тегіс емес, борпылдақ және тайғанақ топырақта секіруге болмайды, секіріп жерге түскенде қолмен тірелмеуі;
  • Мұғалім рұқсат еткен кезде және шұңқырда ешкім болмағанда секіру керек;
  • Біреудің жолын кеспей басқа оқушы секірген мезгілде, кезекпен секіру керек;
  • Секіріп болғанан кейін тез арада секіретін шұңқырды босатып өз орнына қайтып келіпкелесі секіру әрекетіне жолдың оң және сол жағымен екпін алуға даындалу керек.

Бір орынан ұзындыққа секіру.

Серпілуге дайындалу: серпілетін сызыққа спортшы жақындайды, аяқтарды екі ыйықтың деңгейіне немесе ыйықтың деңгейінен сәл енсіз қойылады, содан кейін спортшы қолдарын жоғары сәл артқа көтереді, белімен шалқайып және аяғының ұшына бір мезгілде тұрады.содан кейін, қолдарын төмен қарай артқа тезарада түсіреді, бір мезетте толық табанымен басады, аяқтарын тізе және жамбас буындарында бүгеді, ыйық аяқтың деңгейінен алда болатындай еңкейеді, ал жамбас буыны болса аяқтың ұшының үсінде орналасуы керек. Шынтақ буындары сәл бүгіліп қолдар артта болады. Бұл жағдайға көп кідірмей спортшы серпілуге көшеді. Серпілісті мезгілінде бастау өте маңызды, секірушінің денесі инерциямен төмен түскенше, сонымен дене төменге қозғалыста, бірақ жамбас буындары бүгіле бастайды, сонымен қатар қолдарды белсенді және жылдам түрінде секіру бағытына қарай сәл жоғары ұмытылдырылады. Әрі қарай тізе буындары жазылып жәре табан буындары бүгіледі. Серпіліс аяқтың жерден секірген мезгілінде аяқталады. Серпілгеннен кейін секіруші өз денесі сырықтай болып түзейді, сосын аяқтарын тізе және жамбас буындарында бүгіп, кеудесіне қарай тардады. Сонымен қатар қолдары артқа-төмен қарайды, спортшы тізе буындарында аяқтарын түзейді, табанын жерге түсетін орынға ұмытылдыра. Жерге түсетін орынға аяқтары тиген мезгілде секіруші белсенді түрде қолдарыналға ұмытылдырады бір мезгілде аяқтарын тізе буындарында бүгіп және жамбасын жерге түсетін орынға тарта отырып, ұшу фазасы сонымен аяқталады.аяқты бүгу тығыз және қарсылықпен болу керек. секіруші тоқтағаннан кейін түзеліп, алға екі адым басып жерге түскен жерінен шығады.ойынды өткізер алдында қауіпсіздік техникасынан нұсқаулық өткізіңіз. Ойынның ережелерін түсіндіргеннен кейін, бұл ойынды өткізген кезде зақымның қандай түрлерін алуға болатынын оқушылардан сұраңыз. (бұл оқушыларға өз бетінше және зақымдану мүмкүндіктерінен алдын ала қорғайды). Қозғалмалы ойындарды топтар арасында өткізуге болады. Сол кезде топқа қатысушы қарсыластардан жұптар пайда болады. Әр бір жұптағы жарыстары жеңістерге бір балл беріледі. Кім көп балл алса, сол жеңімпаз атанады. Ұрыс-керіс, бірін-бірі кінәләуға жеткізбеу үшін ойынды әр жұп екі секіруден жасауына мүмкіндік беріп ойынды ұйымдастыруға болады. Бірінші болып бір ойыншы секіреді, ал сосын екінші секіреді.

Мергендер

Дұрыс орындауы

Негізгі қателіктер

1. Мергендер.

Топқа дұрыс бөлінбеуі.

Қолдарында 2 кіші добы бар ойыншылар лақтыру алаңынан 1,5-2 метр арақашықтықта сызық бойында екі қатарда орналаспауы.

Сызықтан 5-8 метр қашықтықта нысана дұрыс орналаспауы.

2. Мұғалімнің белгісімен бастауы.

Мұғалімнің белгісін күтпеуі.

Мұғалім белгісі бойынша кезекпен лақтырмауы.

Сызыққа келіп әр қайсысы екі рет лақтырмауы.

Нысана шеңбер тәрізді диаметрі 60—80—100 см, қабырғаға бекітілген болумауы.

3. Нысанаға дәл тигізген команда жеңіске жетеді.

Ойынның ережесін дұрыс сақтамауы.

Өз идеясын ортаға салмауы.

Топпен бірігіп жұмыс жасай алмауы.

Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы.

Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары.

Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтамауы.

  • Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
  • Дене қыздыру жаттығулары
  • Жүру түрлері
  • Аяқтың өкшесімен
  • Сыртқы қырымен
  • Аяқтың ұшымен
  • Жартылай, толық отырып жүру
  • Жүгіру
  • Арнаулы жүгіру жаттығулары.
  • Тынықтыру жаттығулары
  • Орнында жасалатын жаттығулар
  • Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
  • Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
  • Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
  • Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
  • Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау

Қорытынды  бөлім

Сапқа  тұру, жай  жүгіру, жүру  тыныс  алу  жаттығуларын  жасап  бастапқы  қалыпқа  түсу.

—          Сабақты  қорытындылау

—          Үйге  тапсырам  беру

—          Ұйымдасқан  түрде  оқушыларды  тарату

Оқушылардың  бастапқы  қалыпқа  түсу  жаттығуларының  дұрыс  орындалуын  қадағалау.

Ғаламторға сілтеме: Балаларға арналған қозғалмалы ойындар

http://kis-brys.ru/aktivnye-igry/igry-s-myachom/snaiper/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу