Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 91 сабақ.
№91 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
№ 8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты.
Тақырып: Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»
Оқушыларға сабақтың тақырыбын және оқу мақсатын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын ұстану үшін күнделікті дене жаттығуларының пайдасын түсіндіре отырып, қандай жаттығуларды өз еркілерімен орындайтынын сұрау. Күнделікті дене жаттығуларының пайдасын түсіндіре отырып, сыныпты шағын топтарға бөліп, топтарға салауатты өмір салтын ұстану үшін адам ағзасына пайдалы жаттығулар ретін орындап көрсетуді тапсыру.
1-тапсырма
Дене жаттығуларының пайдасын және орындау реттілігін көрсету.
Оқушылар шағын топтарда адам ағзасына пайдалы жаттығулардың реттілігін орындап көрсетеді. Бас, аяқ-қол, бел жаттығуларының пайдасын айта отырып, көрсетулері қажет.
2-тапсырма
Таза ауада таңғы жүгірудің пайдасын түсіндіру.
Оқушылар жүгірудің дұрыс реттілігін және дұрыс тыныс алудың жолдарын түсіндіріп кқрсетулері қажет.
Қорытынды: Оқушылардан сұрақ жауап арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін біз нені дұрыс орындау керек екендігімізді сұрау.
Сұраңыз: Неліктен физикалық жаттығуларды тұрақты орындау қажет? Оқушылар орындаған тапсырмаларды қорытындылау. Топтардың бір-бірінің тапсырмаларын бағалауға даңдыландыру.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.
Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.
Уақыт қалса, қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық дартс, дротик
доптар жеңіл доптар
кеглилер кәрзеңке
секіртпе кіші доптар
шығыршықтар маты
секіртпе қапшығы барьер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?