Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 92 сабақ.
№92 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
№ 8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты.
Тақырып: Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін күнделікті дене жаттығуларының және дұрыс тамақтанудың маңыздылығын сұрақ-жауап арқылы түсіндіріп өту.
Оқушыларды екі топқа бөліп, дене жаттығуларының түрлерін көрсетуді тапсырма ретінде беру.
Түрлі дене жаттығуларын оқушылар бір-біріне көрсету арқылы бірін-бірі бағалайды.
Дене жаттығуларын жұптарда орындау.
Жекелей топта орындап көрсету.
Оқушылар жұппен немесе топпен адам ағзасына пайдалы күнделікті жаттығуларды көрсетіп, бірін-бірі бағалайды.
Мұғалім сұраңыз: Бұл жаттығулардың адам ағзасына пайдасы бар ма? Қаншалықты пайдасы бар?
Оқушылар жекешелей немесе топта бірлесе жауап жбереді. Жаттығулардың пайдасын айта отырып, күнделікті орындаудың маңыздылығын айтып өту керек.
Оқушылардың орындап көрсеткен жаттығуларын бағалау.
Уақыт қалса, қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.
Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық дартс, дротик
доптар жеңіл доптар
кеглилер кәрзеңке
секіртпе кіші доптар
шығыршықтар маты
секіртпе қапшығы барьер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?