Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 93 сабақ.
№93 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.
Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.
Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін күнделікті дене жаттығуларының және дұрыс тамақтанудың маңыздылығын сұрақ-жауап арқылы түсіндіріп өту.
Оқушыларды шағын топтарға бөліп, қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.
Мақсаты: оқушылардың шапшаңдық дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу.
Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету.
Баскетбол алаңының шектеуші сызықтарында толтырылған доптар бағаны болатын, ені 4-5 м бірнеше «қақпа» орнатылады. Әр «қақпаға» бір «қақпашыдан» қойылады. Олар оқушылар арасынан таңдалады. Қалған ойыншылар – «пенальти салушылар» - әр «қақпаға» бірдей бөлінеді және олардан 7-10 м арақашықтықта орналасады. Әрбір «пенальти салушы» допты алып жүру жылдамдығын және допты қолдан-қолға ауыстырып алдамшы қозғалыстар жасап, әр «қақпашыға» кезекпен «буллит» соғады, «бағандардың» бірін жарып шығып, оған бос қолын тигізуге – гол соғуға тырысады. Әрбір «қақпашы» «қақпалардың» жармаларында допты жүргізе қозғалып (қатаң сызық бойымен), оларға қол тигізбеуге тырысады, ол үшін шабуылдаушы «бағанға» қол тигізгенге дейін оның арқасынан ұру қажет. Допты қайта соғуға, яғни «қақпаны» қайта шабуылдауға рұқсат берілмейді. Жеңімпаздарды анықтау. Әрбір ойыншы әр қақпаға «буллиттерді» орындағаннан кейін «қақпашылар» мен «пенальти салушылардың» нәтижелі әрекеттерінің жиынтық саны есептеледі. Осылайша, әрбір амплуада үздіктерді анықтайды.
Дискрипторлар:
1. Тактика және стратегия термині туралы біледі;
2. Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасай алады;
ҚБ: гистограмма. Тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушыларға тактикалық әрекет жөнінде еске салып отырады, қолдануға шақырады және жетістіктерді ауызша мадақтап отырады. Тапсырмалар орындалып болған соң оқушылар бірін-бірі тактиканы білу, қолдану сияқты көрсетілген дескриптор бойынша бағалайды. Флипчартта алдын-ала дайындалған бос гистограмма қаңқасы болу қажет. Алынған нәтижелер бір-бірлерімен жалғанып сәйкесінше кері байланыс беріледі.
Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады.
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.
Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.
Дене шынықтырудың басты ерекшелігі.
Дене шынықтыру дегеніміз-кез келген физикалық жаттығу.иОның белгілі заңдылықтары мен принциптері болады.Осы принциптер мен заңдылықты сақтай отырып, адам айналаны қоршаған, сыртқы орта факторларының зиянды әрекетіне қарсы тұруы. Белсенді түрде қимыл жасаған адамдардың денсаулығы артып, өмірі ұзара түсетіні ғылыми тұрғыдан да практика жүзінде де дәлелденген. Дене жаттығуларының әсерінен бұлшықеттерде едәуір өзгерістер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қозғалыссыз күйде болған жағдайда, бұлшық ет әлсізденіп, балбырап,көлемі кішірейіп, немесе ісінеді. Дене жаттығулары,олардың көлемін ұлғайтып, немесе қалыпқа келтіріп ыңғайлайды. Денсаулық күшейіп,өмір сүру артады. Мұның бәрі өмір тәжірбиелерінен алынған қағида.
Дене жаттығуларымен айналысқан шақта, көптеген қан жүретін түтікшелер кеңейіп,қан жақсы айналым жасайды.
Жаттығу кезінде оттек тұтыну деңгейі кенет көтеріледі. Өйткені бұлшық ет жүйесі қаншалықты жұмыс істесе, соншалықты жүректе әлеуметті түрде функциялар атқарылады. Дене шынықтырумен,сп-ортпен айналыспайтын адамдардың бұлшық еттері әр бір жиырылған сайын, қоқа тамырға 60мл мөлшерінде ғана қан жүректің сол жақ бөлімінен лықсып шығаратын болса, белсенді қимыл жасап жаттыққант адамдарда жүрек минутына 70-80 рет жиырылады да 100-150мл қанды ығыстырып денеге таратып тұрады.
Дене жаттығулармен айналысқан адамдардың жүректері минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда +30-40-тан аспайды. Жаттықан адамдардың жүрегі үнемді және ұтымды жұмыс жасайды. Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын арттырады.
Дене шынықтыру адамның күш-жігерін қабілетін дамытып, денсаулығын жақсартады. Денені шынықтыруға дене тәрбиесі,арнаулы ғылыми білім, спорттағы табыстар жүйесі енеді. Денені шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигенасы, демалыс және еңбектің дұрыс режімін, сонымен бірге денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін күн мен ауаны және суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды.
Тиімді тамақтану тәсілі.
Тамақтану-өмірді,өсіп-өнуді,денсаулық пен адамның қызметіне деген ұтымды тәсіл. Ағза тамақ және сыртқы орта бірімен-бірі тығыз байланысқан. Тамақтану арқылы әрбір адам өзінің денсаулығын сақтап өмірін ұзарта алады. Жүйелі түрде тамақтанудың принциптерін толық білу керек. Өзінің қалыпты салмағыңды біліп, оны бір қалыпты тұрғылықты сақтау қажет.
Ұтымды тамақтану-ол жасушалар құрамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл және тағы басқа қажеттілігін өтейтін,заттар алмасуын қажетті деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану. Жүйелі түрде тамақтанудың негізгі элементтері мына төмендегідей:
1.Тәуліктік қоректік заттардың ара қатнасының үйлесімді балансын сақтау.
2.Дұрыс тамақ ішудің тәртібі,рациональды тамақтану-ол тамақтың қуатты мен сапалық химиялық құрамын қоректік заттардың деңгейлік ара қатынастарының тұрақтылығын, қорытылуын және гигеналық жағынан тазалығын ескертуді қажет етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?