Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 93 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 93
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8 бөлім. Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Салауатты өмір салтын қалыптастыру | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету. 3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсету. | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар: Физикалық жүктеме арқылы қалай денсаулықты бекіту түсінігін көрсету және талқылау. Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика және биология сабақтарымен байланыстыру. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ қолдану арқылы оқушыларға видео роликтер көрсету. Дағдыларды талдау үшін компьютер, фотоаппарат, фото карточкалар қолдану | |||||||||
Бастапқы білім | Бұл бөлімде, оқушылар қозғалыс әрекеттері кезінде денедегі өзгерістерді түсіндіреді, салауатты өмір салтын қалыптастырады, қозғалыс белсенділігіне қатысады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары
Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау. Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы керек. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер т.б | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін күнделікті дене жаттығуларының және дұрыс тамақтанудың маңыздылығын сұрақ-жауап арқылы түсіндіріп өту. Оқушыларды шағын топтарға бөліп, қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. Мақсаты: оқушылардың шапшаңдық дағдылары жетілдіру, ойындар арқылы оқушылардың командалық жұмыстың маңызын түсіндіру, оқыту мақсаттарын шешу. Сипаттама: қимыл-қозғалыс ойындары арқылы бүгінгі сабақтың мақсатына жету. Баскетбол алаңының шектеуші сызықтарында толтырылған доптар бағаны болатын, ені 4-5 м бірнеше «қақпа» орнатылады. Әр «қақпаға» бір «қақпашыдан» қойылады. Олар оқушылар арасынан таңдалады. Қалған ойыншылар – «пенальти салушылар» - әр «қақпаға» бірдей бөлінеді және олардан 7-10 м арақашықтықта орналасады. Әрбір «пенальти салушы» допты алып жүру жылдамдығын және допты қолдан-қолға ауыстырып алдамшы қозғалыстар жасап, әр «қақпашыға» кезекпен «буллит» соғады, «бағандардың» бірін жарып шығып, оған бос қолын тигізуге – гол соғуға тырысады. Әрбір «қақпашы» «қақпалардың» жармаларында допты жүргізе қозғалып (қатаң сызық бойымен), оларға қол тигізбеуге тырысады, ол үшін шабуылдаушы «бағанға» қол тигізгенге дейін оның арқасынан ұру қажет. Допты қайта соғуға, яғни «қақпаны» қайта шабуылдауға рұқсат берілмейді. Жеңімпаздарды анықтау. Әрбір ойыншы әр қақпаға «буллиттерді» орындағаннан кейін «қақпашылар» мен «пенальти салушылардың» нәтижелі әрекеттерінің жиынтық саны есептеледі. Осылайша, әрбір амплуада үздіктерді анықтайды. Дескрипторлар: 1. Тактика және стратегия термині туралы біледі; 2. Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасай алады; ҚБ: гистограмма. Тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушыларға тактикалық әрекет жөнінде еске салып отырады, қолдануға шақырады және жетістіктерді ауызша мадақтап отырады. Тапсырмалар орындалып болған соң оқушылар бірін-бірі тактиканы білу, қолдану сияқты көрсетілген дескриптор бойынша бағалайды. Флипчартта алдын-ала дайындалған бос гистограмма қаңқасы болу қажет. Алынған нәтижелер бір-бірлерімен жалғанып сәйкесінше кері байланыс беріледі. Бағалау: Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Мұғалім команда мүшелерінің жеке жетістіктерін айтып тұрады. | Мұғалім үшін ысқырық, кеглилер, доптар т.б Тапсырманы орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. Дене шынықтырудың басты ерекшелігі: http://engime.org/adam-densaulifi-oni-negizgi-bajlifisonimen-birge-erbir-jeke-ad.html?page=4#%D0%94%D0%B5%D0%BD%D0%B5_%D1%88%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D1%80%D1%83%D0%B4%D1%8B%D2%A3_%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B_%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D1%88%D0%B5%D0%BB%D1%96%D0%B3%D1%96
| ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Сабақты қорытындылау» Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады? Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді. Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді. | Ашық сұрап-жауаптар Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. Жұптық және топтық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу | Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы класстастарымен талқылай алады; Оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады; Нақты бағалау үшін жоғарыда көрсетілген алдын-ала дайындалған критериилерді пайдаланамыз | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын жете назарда ұстау | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?