Жүгіру ойындарына қатысу. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 95 сабақ.
№95 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
№ 8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты.
Тақырып: Жүгіру ойындарына қатысу.
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Жүгіру ойындарына қатысу»
Оқушыларға сабақтың тақырыбын түсіндіре отырып, жүгіруге қатысты тапсырмаларды ұйымдастырып, оқушыларды топтарға бөліп, жарыстыру.
Оқушыларды жұптарға бөліп, 30 метр ара қашықтыққа жылдам жарыстыра жүгірту.
Оқушыларды екеуден жарыстыру. Жүгіру әдісінің орындалу техникасын түсіндіру және көрсету.
Келесі тапсырма Топтық жұмыс.
Топпен бірге қарапайым жарыстардың біреуіне қатысыңыз.
Дене жаттығуларын орындауда жасалған қозғалыс түрлерін атаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- допты нысанаға басынан асыра лақтыруды дұрыс орындайды; - белгіленген арақашықтыққа жүгіреді; - ұзындыққа секіруде бас пен кеуденің қалпын сақтайды;
- жіппен секіруде қол мен аяқ үйлесімділігін дұрыс ұстайды; - қозғалыс түрлерін атайды.
Тапсырмаларға қорытынды жасау. Оқушылардың жеңіл атлетикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі қателіктерін түзеп, қалыптастырушы бағалау жүргізу.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.
Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық дартс, дротик
доптар жеңіл доптар
кеглилер кәрзеңке
секіртпе кіші доптар
шығыршықтар маты
секіртпе қапшығы барьер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?