Ұзындыққа және биіктікке секіру. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 97 сабақ.


3 сынып

№8 бөлім:

Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты

Сабақтың тақырыбы:

Ұзындыққа және биіктікке секіру

Оқу мақсаты:

3.1.5.5 Орындау және бағалау кезінде бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсету және анықтай білу

Сабақ мақсаты:

Іс-қимылдарды орындау барысында бағалауды анықтай білу және тапсырманы орындап көрсету.

Бағалау критерийлері:

-Тапсырманы орындауда іс-қимылдарды көрсетеді;

- Бірқатар іс-қимылдарды анықтай біледі.

Бұл бөлімде, оқушылар қозғалыс әрекеттері кезінде денедегі өзгерістерді түсіндіреді, салауатты өмір салтын қалыптастырады, қозғалыс белсенділігіне қатысады.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

- Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.

- Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

- Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру

- Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру

- Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру

- Өкшені артқа лақтырып жүгіру

- Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру

- Артпен жүгіру

Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

«Ұзындыққа және биіктікке секіру.»

Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіре отырып, шағын топтарға бөліп тапсырмалар беру. Секіру жаттығуларын орындау кезіндегі іс-қимылдарды анықтай алады және тапсырманы орындауда серіктесін бағалай біледі.

Тапсырма №1

Мына төмендегі спорттық құрал-жабдықтардың (обручтер, гимнастикалықтаяқшалар, секіргіштер) көмегімен түрлі секіру жаттығуларын құрастырып, оны топпен орындаңыздар. Оқу бағдарламасындағы секірудің қандай түрлерін білесіздер, атап өтіңіздер.

Оқушылар шағын топтарға бөлініп, шағын топтарда тапсырманы секіру тапсырмаларын құрастырып орындау. Оқушылар түрлі құрал-жабдықтармен жұмыс жасайды. Қауіпсіздікті ескерту.

Тапсырма № 2

Эстафеталық жарыс ойындарына қатысыңыз.

Сізге қай жаттығуды орындау оңай, қайсысы қиын болды? Жұбыңызбен бөлісіңіз.

Дескриптор: Білім алушы

- эстафетаға белсенді қатысады;

- орындалған жаттығудағы қозғалыс түрлерін атайды;

- орындалған жаттығуларға қатысты өзінің күшті жақтарын сипаттайды.

- орындалған жаттығуларға қатысты өзінің әлсіз жақтарын сипаттайды.

Қорытынды. Оқушылардың тапсырмаларды орындау техникаларын бағалау. Кемшіліктерді атап өту, мақсату, мадақтау сөздерін айтып, ынталандыру.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Күтілетін нәтиже:

Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;

Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына, қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтың оянуы ;

Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу;

Жеңіл атлетикалық дағдыларды игеру.

Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.

Бүгінгі өткізілген сабақтан оқушылардан кері байланыс алу. Сабақтан алған әсерлерін қағаздарға жазу немесе жесттер арқылы бағалауды сұрау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу