Ұзындыққа және биіктікке секіру. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 99 сабақ.


№99 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Ұзындыққа және биіктікке секіру

Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.

Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.

Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Ұзындыққа және биіктікке секіру»

Сыныпты оқушылар секіру дағдыларын дамытуға алып келетін тапсырмаларды орындайтын шағын топтарға бөлу.

1. Жылдам жүгіру кезінде әр бес қадамда итеріліп, «адымдап» секіруді орындау (5-6 рет).

2. Тізені кеудеге тартып, кедергі арқылы орнынан тұрып секіру (5-6 рет).

3. «Отырған» күйінде қонуымен орнынан тұрып жоғары секіру (мысалы, гимнастикалық мат) (5-6 рет).

4. Жүгіріп келіп аяқты қайшылап, биіктікке секіру (5-6 рет).

5. Қону орнына жақын орналасқан кедергі арқылы бес-алты қадам жүгіріп келіп секіру (5-6 рет).

6. Екі аяқпен итеріліп, орнынан ұзындыққа секіру (5-6 рет).

7. Алты-сегіз жүгіру қадамымен ұзындыққа секіру (5-6 рет).

Дескрипторлар:

  • Секіру үшін арнайы қозғалыстарды орындайды;
  • Жеке қауіпсіздік үшін қол, аяқ қозғалыстарын үйлестіре алады;
  • Дене қасиеттерді дамыту үшін бірнеше жаттығулар ұсынады.

Секіруді жақсарту үшін қолданатын арнайы жаттығуларды оқушыларға ұсыну. Әр түрлі кедергілерден секіру, ілінген заттарға секіріп жету жаттығулары.

Топта оқушылармен секіру дағдыларын жақсарту үшін ұсынылған тапсырмалардың қайсысымен тағы жұмыс істеу керектігін талқылаңыз.ойнату.

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Секіртпе - саулық кепіліБала шағымызда секіртпеде секіріп ойнау қаншама қуаныш пен шаттық әкелуші еді. Кішкентай кездерді еске алып, секіртпені қайта хобби қылу - пайдалы істердің бірі екен. Неге десеңіз, мына себептермен танысыңыздар.

1. Секіртпедегі жаттығулар төзімділікті жаттықтырып, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс жолдарының жұмысын жақсартып, қан айналымын реттейді.

2. Осындай жаттығудың бір сағаты сізді 720 ккалдан арылта алады.

3. Секіртпедегі жаттығулардың эффектілігін жылдам жүгірумен салыстыруға болады.

4. Бұлшық еттерді жаттықтыратын жаттығулар тіпті целлюлитпен күресте өте пайдалы бола алады.

5. Егер сіз спортқа құмар жан болсаңыз, ширату жаттығулары ретінде секірпеден секіруді таңдаңыз. 5-10 минут жаттығу денеңіздің бүкіл бұлшық еттерін ширатып шынықтырады.

6. Жүгіруді жақсы көрмейтін жандарға жақсы жаналық: секіртпеден секіру жүгіруге жақсы балама. Орта қарқында 10 минут секіру 3 километрлі  қашықтықты жүгіргенмен тең болады.

7. Физикалық жаттығулардың осындай түрі бұлшық ет координациясы мен ептілікті дамытады. Айта кетсек, боксшы жігіттер дәл осындай жаттығу түрін таңдайды екен. Секіртпе - спорт пен физикалық жаттығулардың арасындағы ең оңайы. Ендеше ауыр спорт түрлері мен қиын жаттығулардың орнына осы жеңіл ойынды таңдап, денеңізді шынықтырып, саулықта сақтаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу