Лақтыру тәжірибелері. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 100 сабақ.


100 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

№ 8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты.

Тақырып: Лақтыру тәжірибелері

Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:

Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.

Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.

Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.

Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Лақтыру тәжірибелері»

Оқушыларды тең екі шағын топқа бөліп, топтарға бірдей тапсырма беру

Кішкене допты (150гр) лақтыру техникасының элементтерін көрсетіңіз және жаттығу барысында қандай физикалық қасиеттер қалыптасып, дамиды.

Әр топқа дайындыққа 5-10 минут уақыт беру. Кейін екі топ бір-біріне жаттығу түрлерін көрсетіп орындайды. Екі топ бірін-бірі бағалайды кері байланыс береді.

Мұғалім тарапынан әр топтың оқушыларының тапсырманы орындау барысында сұрақтар қою арқылы іс-әрекеттерге кері байланыс беру және бағалау.

Икемділігі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау. Яғни, лақтыру жаттығуларын жеке орындап көрсету. Лақтыру деңгейін жақсарту үшін арнайы жұмыс жасау

Оқушының әр іс-әрекетіне кері байланыс беру.

Дарынды оқушыға қосымша тапсырма

Оқу мақсатын толық меңгеріп, тақырыпты игерген оқушыға қосымша тапсырма

граната немесе үлкен доп лақтыру жаттығуын орындау

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Керекті құрал-жабдықтар

ысқырық дартс, дротик

доптар жеңіл доптар

кеглилер кәрзеңке

секіртпе кіші доптар

шығыршықтар маты

секіртпе қапшығы барьер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу