Лақтыру тәжірибелері. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 102 сабақ.
№102 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
№ 8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты.
Тақырып: Лақтыру тәжірибелері
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Лақтыру тәжірибелері»
Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және ойындар арқылы ла0тыру дағдыларын қалыптастыруды үйрету.
Қимыл-қозғалыс ойындарын ойнатып, оқушыларды жарыстыру арқылы бүгінгі мақсатқа жету. Оқушыларға ойын ережелерімен таныстырып, ережелерін түсіндіру.
«Шеңберге тигіз». Оқушылар екі топқа бөлінеді. (немесе 3-4 топқа). Бір бірлеп мәре сызығына қатарға тұрады. Қашықтығы 2 метр жерде шеңбер қойыңыз. Сол қолымен немесе оң қолымен иықтан асыру арқылы шеңберге бірінші тұрған ойыншы теннис добын лақтырып тигізуге тырысады. Содан соң қатар соңына тұрып келесі ойыншыға допты береді. Келесі ойыншылар тапсырсманы қайталайды.
Ең көп допты шеңберге тигізен ойыншылар жеңіске жетеді.
Тапсырма №1
«Халық добы» ойыны бұл ойында оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды. Ойын волейбол алаңында өтіледі. Екі топтын ойыншылары волейбол аланының ішде болады ал топ басшылары аланның сыртында әр топ басшы волейбол добымен қарсылас топтың ойыншыларын дәлдеп тигізу керек, егер допты ойыншылар қағып алса сол доппен қарсылас топтын ойыншыларына тигізу керек. Доп тиген ойыншылар ойыннан шығып топ басшысына көмектеседі, осылайша екі топ ойынды жалғастыра береді. Соңында қай топтың ойыншылары ұтылса, сол топтың басшысы ортаға шығады.
Дискриптор:
- Көшбасшылық қабілетін ойын барсында академиялық әділ түрде көрсетеді.
Әр ойын немесе тапсырмадан кейін қорытынды жасап, кері байланыс беріп отыру.
Бұл ойындар арқылы оқушылардың лақтыру дағдыларын жетілдіру.
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.
Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық дартс, дротик
доптар жеңіл доптар
кеглилер кәрзеңке
секіртпе кіші доптар
шығыршықтар маты
секіртпе қапшығы барьер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?