Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 79 сабақ.
№79 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
№ 7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырып: Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары
Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:
Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.
Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.
Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Қауіпсіздік ережесі. Ойындағы қарым-қатынас дағдылары»
Оқушыларға жаңа бөлімнің тақырыптарымен таныстырып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Оқушылардың ойындар арқылы әлеуметтік дағдыларын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруды үйрету.
Бүгінгі тақырыпқа сай, тапсырмалардың немесе ойындардың ережелерін түсіндіру. Оқушыларды шағын топтарға бөліп, қиылды ойындар ойнату.
«Аққулар» ойыны.
Мақсаты : Балалардың кеңістіктегі жылдам қимылдау,үлкендерді тыңдауға, ептілік, батылдық сияқты қабілеттерін дамыту.
Ойынның міндеті: Балаларды жылдам жүгіруге, кеңістікті дұрыс бағдарлай білуді үйрету.
Ойынның мазмұны: Аққулар ортада жугіріп,ұшып жүреді. Бір уақытта Бүркіт ұшып келеді. Аққулар ұшып қашып орындықтарына отырып қалу керек . Отыра алмай қалған баланы бүркіт жеп қояды немесе ойыннан шығып кетеді. Ойын осылай жалғасады.
Оқушыларға келесі ойынның ережесін түсіндіру.
«Шайқас тарту». Оқушылар тең екі топқа бөлініп, күш сынастырып жарысады. Белгіленген сызықтың арғы бергі жағында тұрып, бір қолмен тартысады. Оқушылар сызықтан шықпай, қолдың күшімен қарсыласын тартып алуы керек. Топтағы барлық оқушылар өз қарсыластарымен күш сынасып жарысады. Соңында ұпай саны есептеліп, көп ойыншылары ұтхқан команда жеңіске жетеді.
«Тиын, қоян, тышқандар». Оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім топтарға ат береді: «тиын», «қоян», «тышқан». Ойыншылардан бір бастаушы таңдалады. Әр топқа 5-метр қашықтықта үш шеңбер сызылады. Бұлар: «аңдар» «үйлер». Мұғалім белгі береді, мысалы, «тиындар», «тышқандар» Аталған топтар үйлерімен аусулары керек. Үйлерімен ауысу кезінде ұсталған ойыншы жүргізуші атанады, ал жүргізушіні ұстаған ойыншылар өз топтарына қосады. Мұғалім белгіні басқаша беруге болады, «Тиын, қоян, тышқандар» сонда барлық ойыншылар өз үйлерін босатып басқа үйлерге орналасу керек.
Дискрипторлар:
- Ойынды ережемен ойнап, қауіпсіздікті сақтайды;
- Өзінің және басқалардың рөлін бағалайды;
- Іс –әрекеттерді орындауда ойын толық айта алады.
Қорытындылау немесе бағалау.
Ойын барысында оқушылдарды үнемі бағалап отыру. Яғни, кемшіліктерін атап, жетістіктерін мақтау айтып, ынталандыру. Ойын кезінде оқушылардың өздеріне сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің іс-әрекетін бағалап дағдыландыру. Сұраңыз: Тапсырма орындауда бір біріңізге қалай көмек бердіңіздер? Топтық ойын кезінде қарым-қатынас маңызды ма?
«Сабақты қорытындылау»
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.
Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушы мен капитанды атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына «Рефлексиялық нысана» парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы парақшаларын толтырады.
Керекті құрал-жабдықтар
ысқырық дартс, дротик
доптар жеңіл доптар
кеглилер кәрзеңке
секіртпе кіші доптар
шығыршықтар маты
секіртпе қапшығы барьер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?